- Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді
ұйымдастыруға және осы негізде шығармашы-лық іскерліктерді қалыптастыруға, демек
игеру пәніне (меңгеру) бағытталған;
- Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары)
бағытталған.
Педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің 3 жақты бағыттылығы
- жеке тұлғалық;
- әлеуметтік;
- пәндік.
Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру
А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функ-циямен теңестірілуі
мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен, ол
басты функция емес, бұл – мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан-
жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі.
Педагогикалық қарым-қатынастың «Адам-Адам» типінде сурет-телген адамдардың өзара
әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі;
Қарым-қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім
қарым-қатынас фасилитаторы, демек мұға-лімнің оқушыға өзін және өз бойындағы
жағымды (жақсы) қасиеттерін көрсетуге көмектесуі.
Қарым-қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен
құралдарының тұрақты формасы.
Оқытушының қарым-қатынас стилі
Оқушылардың
ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу
қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті;
Эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті
мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну, бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-
әрекетін болжауға, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;