96
бағытталған мотивтерін дамыту;
оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;
оқушылардың
саяси-әлеуметтік,
интеллектуалдық,
эмоционалдық
дамуындағы серпілістерді болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;
оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.
IV. Сабаққа койылатын психологиялык талаптар:
Сабақтың психологиялық құрылымы:
нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеруде оқушылардың даму жолдарын жобалау;
тақырып пен нәтижелерін игеруде психологиялық міндеттерді анықтау;
психологиялық-педагогикалық әсер етудің жеке құралдарын алдын-ала анықтау.
Сабақтағы педагогтың іс - әрекет стилі
1. Дамыта оқыту принципі бойынша сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау:
оқушының есте сақтауына, ойлауына түсірілетін қысым;
дайын түрдегі
білімді мұғалім сөз арқылы, кітап, қосымша
құрал және жеке ізденіс
процесінде меңгерту;
оқытушы мен оқушы тарапынан проблемалық-эвристикалық оқытуды жүзеге асыру;
оқытушының оқушылар әрекетін бақылауы, бағалауы, саралауы, оларға сыни баға беруі.
2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
сабаққа даярлық, ең бастысы - психологиялық мақсатты сезіну
мен оған жетуге іштей
даярлық;
сабақтың басы мен барысындағы әрекеттілік;
педагогикалық такт;
сабақтағы психологиялық климат (хал – ахуал).
З. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру:
Оқушыларда нәтижелі ойлау мен қиялын қамтамасыз ететін жағдайды анықтау:
Достарыңызбен бөлісу: