12
Педагогикалық мақсат педагог пен оқушының жүйелі әрекет кезеңдері арқылы
анықталатын міндеттер қатарынан тұрады.
4.
Оқыту процесінің
компоненттері
мен
негізгі
міндеттері
Оқыту процесінің міндеттері:
Білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін стимулдандыру;
Ғылыми білім мен іскерлікті меңгертуде оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру;
Ойлау, ес, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Оқу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру;
Ғылыми көзқараспен адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.
Оқытуды ұйымдастыруда мұғалім атқаруға тиіс компоненттер:
Оқу мақсатын қою;
Оқушы меңгеруге тиіс материал мазмұнын анықтау;
Материалды меңгеруге деген қажеттілікті қалыптастыру;
Оқу – танымдық әрекетті ұйымдастыру;
Оқушылардың оқу әрекетіне эмоционалды-жағымды сипат беру;
Оқушылардың оқу әрекетін реттеу және бақылау;
Оқушылар әрекеті нәтижесін бағалау.
Оқытудағы оқушы әрекетінің компоненттері:
Оқу мақсаты мен міндеттерін сезіну;
Оқу-танымдық әрекет мотивтері мен қажеттіліктерін тереңдету және дамыту;
Меңгерілуге тиіс жаңа материалдың тақырыбы мен негізгі сұрақтарын ой елегінен өткізу;
Оқу материалын қабылдау, қорыту, есте сақтау, практикада қолдану, қайталау;
Оқу-танымдық әрекетке эмоционалдық қатынас пен ерік-жігер туындату;
Өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық әрекетті түзету;
Өзінің оқу-танымдық әрекетін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: