32
Әл-Фарабидің қайырымды қаласында қауымдар көп. «Қайырымды
қалада бес
бөлім бар: аса лайықты тұлғалар – ораторлар, есепшілер, батырлар және байлар. Кейін
дін қызметшілері. Байлар- ол қаладағы байлықты сатып алатындар, жер иеленушілер,
малшылар, сатушылар және оған сәйкес келетіндер». Фараби бұл туралы былай дейді:
«Әр адам өзінің табиғаты бойынша былай орналасқан, адам өзінің өмір сүруі және
жоғары дамуға қол жеткізу үшін және жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген
заттарға және оның мұқтаждылығын ескере отырып қандайда
бір затты бере алатын
адамдар тобынан кейбір заттарға қажетсінеді» [1, 177 б]. Адамның табиғатынан көмекті
қажетсініп, қоғам құруға бейілді екенін және қоғамның түрлері көптігін айтады. Себебі,
әрбір адамның тіршілік етуі мен кемелділікке жетуі үшін қандайда болмасын қауым
керек.
Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қайырымды қала
деп түсіндіріледі. Сол сияқты қайырымды қала болса, қайырымды тұрғындар болады
дейді. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетулері арқылы ғана кемелділікке жетіп,
тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді.
Ә-Фараби ізгілікті
қоғамды қалай билеу керек, оның бөлшектері туралы, әділ
билеудің әдістері мен билеушінің қабілеті, белгісі, негізгі шарттары жайлы
пайымдайды. Қала бірлестігінің басшысы бойындағы қасиеттерімен өзгелерден кемелді
болғандықтан жоғары тұрады және мәртебелі. Әл-Фараби: «қайырымды қала- сау әрі
ешбір мінсіз адам мінезіне ұқсас. Адам өміріндегі жақсылық
пен жамандық тәңірден
болмай, адамның өзі таңдауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторынан.
Ұстамдылық жақсы қылық. Ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса,
одан
жетіспеушілікке
қарай
ауытқып,
мінез-құлқымызда
ұстамдылықты
қалыптастырғанша әрекеттену керек» [2, 133 б.].
Әл-Фараби үшін қайырымды қаланы кім және қанша уақыт басқарғаны маңызды
емес. Оған қалай басқаратыны маңызды. «Әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне
қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам
өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз
қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам
бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты
мiндеттердiң бiрiнен саналады.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп
есептейдi. Олар: даналық,
асқан пайымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары
болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз
бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан
сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады.
Мұндай адам
мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» дейді.
Әл-Фараби басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді.
Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-
әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі
тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман
қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген,
қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.
Осы еңбегiнде ол «Бақыт дегенiмiз – игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi
және ең жетiлгенi. Артынан мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам
бақытқа жете алмайды. Әрекетіміз дұрыс болуы үшін біздің
соған баратын жолымыз
қандай болуы керек екенін, ал ойдағыдай болуы үшін жанымыздың аффектісі қандай
болуға тиіс екенін және жақсы ақыл-парастқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс
екенін анықтап алуға тиіспіз» [ 3, 168 б.] деп атап көрсетедi және әр адамның оған
толық құқығы бар дейдi. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы
33
және негiзгi белгiсi-жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi,
сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты.
Сондықтан әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi
өзiнiң бiлгiрлiгi мен
ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп
тұжырымдайды.
Ізгілік - адамның басты құндылығы. «Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе: ізгі іс
немесе мінезі түзулік. Екіншісі - ұят, үшіншісі - әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын
бақыт табады»-, дейді Жүсіп Баласағұн. Сіздергеде қызметтеріңіз ізгі, бақытқа әкелсін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әлемдік философиялық мұра. 4 т. А., 2005. 177-178 бб.
2. Ақмамбетов Ғ. Философия және мәдениеттану. А., 1998. 132-133 бб.
3. Әлеуметтік философия (хрестоматия) А., 1996. 168 б.
Достарыңызбен бөлісу: