Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

ӘОЖ 32(045) 
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ІЛІМІ 
Исаева Л. Н.,
аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Андатпа. 
Мақалада
 
қазақ даласынан шыққан ұлы ғұлама
Әбу Насыр әл-
Фарабидің 
саясат, мемлекет және билiк, құқық туралы ойлары қарастырылады.
Түйінді сөздер: 
билік, ізгілікті мемлекет, саясат,
 
қайырымды басқару,
 
бақыт, 
даналық, әлеуметтік әділеттілік, еркіндік, саяси адамгершілік философиясы.
Қазақ даласындағы орта ғасырлардағы саяси ой тарихын қайта өрлеу дәуірінің 
бірі кезеңі деп бағалауға болады. Осы уақыт аралығында аты әлемге әйгілі орта 
ғасырлық түркі заманының ойшылдары бірінен кейін бір өмірге келіп, жемісті 
шығармашылықпен айналысты. Олардың қатарына: Шығыстың ұлы ғұламасы Әл-
Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды, Махмұд Қашқариді, Ахмет Игінүкиді және т.б. 
жатқызамыз. Бұл ойшылдардың шығармалары өз заманындағы философиялық, 
әлеуметтік, психологиялық, тарихи оқиғалар желісін суреттеумен қатар, мемлекеттану 
мәселелерін де қамтыған болатын. Мемлекеттанудың басты мәселесі мемлекеттің 
шығуы, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы, мемлекеттің нысандары, мемлекеттің 
қызметі т.б. мәселелер екендігі белгілі. Жоғарыда аталған ойшылдарымыз бұл мәселені 
де өз еңбектерінде жеткілікті деңгейде қамтып, оны дамытып отырды.
Ортағасырлық саяси-құқықтық ой тарихында шоқтығы биік, өзіндік орны бар 
тұлға кезінде екінші ұстаз, «Шығыс Аристотелі» атанған Әл-Фараби екендігі 
баршамызға белгілі.
Қазақ даласынан шыққан ұлы ғұлама, саяси ойшыл, әлеуметтанушы, математигі, 
физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр 
Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870 – 950 жылдары өмір сүрген. Ол Арыс өзенінің 
Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. 
Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат 
қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды.
Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, 
артына мол мұра қалдырды. Оның саяси ғылымға қатысты «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», 
«Саясат туралы» деген еңбектері бар [1]. 
Әбу Насыр әл-Фарабидiң еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында 
саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, 
мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб 
философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң 
басқа нұсқаларын ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман саяси 
философиясы көп жағдайда ежелгi грек саяси философиясына, әсiресе Платон, 
Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi 
«қайырымды қала» деп ат қойған ізгілікті мемлекет туралы ғылым болып саналды [2, 


23 
133 б.]. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа 
бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын 
түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман 
философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды. 
Араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды 
басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсiлдерiн, қала тұрғындарына 
қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге қандай жолмен 
жетуге болатындығын оқытып үйретедi деп атап көрсеттi. Оның саяси көзқарастарын 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң 
нақыл сөздерi», «Бақытқа жету жолдары» және «Азаматтық саясат» еңбектерінен 
табуға болады. 
«Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби 
бақытқа бiлiм мен игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк 
қайырымды қала тұрғындарында көбiрек болатындығын дәлелдейдi. Әл-Фараби 
басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті 
басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға 
бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал 
қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. 
Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа суйенген, қайырымсыз, қатал 
мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз, ізгілікті басқаруды, мемлекетті 
уағыздайды. 
«Бақытқа жету жолдары» еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең 
қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық 
құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана 
мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана 
бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты 
айырмашылығы және негiзгi белгiсi жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының 
мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. 
Сондықтан, әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен 
ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп 
тұжырымдайды. 
Адамдар өздерінің санасынан тыс қалыптасатын материалдық игіліктерді 
өндіруде әр түрлі топтарға, қауымдастықтарға біріккені белгілі. Осындай 
ұйымдастырушылықтың бірі – толық, екіншісі –толымсыз қоғам деп аталады. Өз 
ретінде толық қоғам үлкен, орта, кіші болып бөлінеді. Үлкен қоғам – жер бетіндегі 
мекендеуші барлық адамдардың жиынтығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар 
бірігеді. Ал, кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер 
мен отбасы мүшелері жатады. Ғұлама қайырымды және қайырымсыз қала 
тұрғандарына талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, 
айналысатын кәсібін, тұрмыс-салтын, өмір сүру ерекшеліктері мен құндылықтарын 
көрсетуге ұмтылды. 
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегінде 
қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi 
адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, 
жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, 
пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi 
топтағы шешендерге ол дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды 
сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге – 
есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-


24 
Фараби бойынша, байлар дегенiмiз – қалада байлық табатындар, егiншiлер, мал 
өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер [3, 104 б.]. 
Қоғам, мемлекет өмірінің дамуы, Аль-Фараби ойынша, негізінен Ел басында 
басқарып отырған адамның қасиеттерімен байланысты болғаннан кейін, ойшыл оның 
қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған. 
Ойшыл ондай адамның он екі қасиеті болу керек дейді. Сонында олардың бәрін 
алты тұлғалық қасиеттерге әкеліп тірейді. Енді соларға назар аударарамыз. 
Біріншіден ол- даналық дәрежеге жетуі керек, яғни барлық істі ақыл-ой елегінен 
өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне 
сай келтіруі керек; 
екіншіден, ол- білімді адам болу керек, өзінің есінде өткен тарихтағы заңдар, 
әдет-ғұрып нормалары мен ережелерін жақсы білуі керек; 
үшіншіден, әрқашанда тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір үне бойы 
өзгерісте, олай болса елдің алдында бұрынғы-соңғы болмаған жаңа ақуал пайда болып, 
бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін, жоққа шығаруы мүмкін. Сондай жағдайда өмірге 
жаңаша қарап шығармашылық тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет; 
төртіншіден, аңғарғыш, көреген болу қажет. Ел басшысы- тек бүгінгі күнді ғана 
ойлап қолмай, болашақ ұрпақтардың өмірі қандай болмақ; негізгі мақсат-халықтың әл-
ауқатын өсіру-оны естен шығармау керек; 
бесіншіден, Өзінің сөзімен халықты елдің заңдарын бұлжытпай орындауға 
бағыттау болмақ; 
алтыншыдан, Ел басының денсаулығы, дене күші жақсы болуы керек; ол оған 
соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады. 
Әл-Фараби ел басшылығына лайықты, осы көрсетілген қасиеттердің бәрі 
бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан, бұл қасиеттер екі 
тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді. Ал екі адамның бойынан 
табылмай, төрт-бес адамнан табылса, олар бірге қосылып басшылық жасауы керек. 
Сонымен қатар, ел басына керек негізгі қасиет – ол даналық. Егер белгілі бір 
уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда елдің бірінші басшысы тіпті 
болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауып төнеді,- деп ескертеді ұлы ойшыл [4, 137-138 
б.]. 
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның 
ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн 
сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның 
сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады 
және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-
Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты 
қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар 
адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой 
түйедi. 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында әл-
Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын – iзгiлiктi қоғам туралы ой 
қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне 
қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам 
өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз 
қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам 
бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты 
мiндеттердiң бiрi болып саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң 
айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың 
өмiрлiк қажетiне айналады». Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он 


25 
екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен 
ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi [5, 173 
б.]. 
Әрбiр отбасын қоғамның кiшкене бөлшегi ретiнде қарастырған әл-Фараби оның 
өзiнiң жеке мақсаты болады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет 
етуi тиiс, яғни адамдар өзiнiң жеке мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыруы керек 
дегендi айтады. «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөзiнде» ол отбасы мүшелерiн 
(Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. Олар ерi мен әйелi, қожайыны мен 
қызметшiсi, ата-ана мен балалары, мүлкi және оның иелерi. Үйдiң өзiне тән мақсатын 
қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа жұмылдыруын әл-Фараби адамдардың адамгершiлiк 
қасиеттерiнiң көрiнiсi деп есептейдi. Ал адамдардың көздеген мақсаттарына жетуi 
оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, iзгiлiкке, игiлiкке тек адам ғана 
қабiлеттi, бұл адамның қолы жете алатын ең биiк бағыт деп ой қозғайды ұлы ойшыл. 
Адамдардың рухани жетiлуiнде де дiн мен философияны салыстырған әл-Фараби, 
философия дәлелдеудi, дiн сенудi қажет етедi, бiрақ екеуi де адамдардың ақиқатқа жету 
жолына көмек бере алады дейдi. Философия мен дiндi, әсiресе этиканы жақсылық пен 
жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым ретiнде қараған ол, адам баласын 
жаратылыстың ең құндылығы, сондықтан да адамдар арасындағы өзара құрмет пен 
мейiрбандықты, сыйластықты жоғары қояды. 
Адамның шын бақытқа қол жеткiзу тек осы дүниеде ғана мүмкiн екендiгiне 
назар аударған әл-Фараби, адамдар өзiн-өзi жетiлдiруi және қиындықтан қашпауы тиiс 
дейдi. Оның пікірінше, адам өмiрiндегi «жақсылық» пен «жамандық» құдайдан емес, 
адамдардың күнделiктi белсендi әрекетiне ғана байланысты. Адамның табиғи қабiлетi 
жақсы әдеттi де, жаман әдеттi де iстеуге бiрдей мүмкiндiк бередi, ал оны таңдау 
адамның iзгiлiктi мiнез-құлқына келiп тiреледi. Сондықтан да адамның жақсы iстерге 
үйiр болуы оның мiнез-құлықтық жетiлуiне де тәуелдi. 
Бүкiл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершiлiк 
мазмұнымен сипатталып, саясат «саяси адамгершiлiк философиясы» ретiнде көрiнедi. 
Сондықтан әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткiзу, игiлiкпен 
жеткiзу деп санайды. 
Қайырымды 
қаланың 
орнығуында 
әл-Фараби 
мұсылман 
құқығының 
принциптерiн талап етпейдi, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың 
нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрiнде мұндай қала 
билеушiлерi моральдық-этикалық қалыпқа сай болып келедi, олардың ешқайсысының 
исламға тiкелей қатысы жоқ. Бiрақ Араб халифаты заманында өмiр сүрген әл-Фараби 
зерттеулерiнiң тақырыптық шеңберiнде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, 
дiни догматикасымен бiр қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын 
терең сезiнген ол бұл бағытта түбiрлi бетбұрыс жасамайды. 
Грек философиясын мұсылман құқығы, дiнi және құқықтық теориясымен 
байланыстырып, одан саясат туралы жалпы iлiм жасауға талпыну бұл iлiмнiң дiни-
мұсылмандық сипатын бiлдiрмейдi. Әл-Фараби саясат туралы iлiмдi мұсылман 
құқығымен, догматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы 
ұқсастығын емес, бұл iлiмдердiң адам iс-әрекетi мен мiнез-құлқындағы әртүрлi 
жақтарға тигiзген әсерiнiң мәнiн атап көрсетедi. Әл-Фарабидiң саясат туралы айтқан 
құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан 
кейiнгi дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси идеялары орта ғасырлық және 
жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты. 


26 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Ә.Дербісалиев. Қазақ даласының жұлдыздары, Алматы, 1995. 
2.История политических и правовых учений /Под общ. ред. В.С.Нерсесянца, М., 
2001.
3.История политических и правовых учений: Учебник /Под ред. О.Э. Лейста. М., 
1997. 
4.Мырзалы С. Философия. А., 2010. 
5.Әбу Насыр әл-Фараби. «Қайырымды қала» - Алматы, Халықаралық Абай 
клубы, 2015. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет