З. А. Абдрахманов А. Ш. Смаилова



Pdf көрінісі
бет39/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,47 Mb.
#125818
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
Abdrahmanov (2)

2 - тапсырма:
Жүгірубарысында доға үлгісімен секіру 
техникасын үйрету. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


78 
Құрал жабдықтар: 1. Радиусы 12-15м шеңбер бойымен 
жүгіру. 2. Доға қисығын 12-15м ден 10-8м ге дейін бірте-бірте 
қысқарта отырып шеңбер бойымен жүгірту. 3. Түзу жолмен 
жүгіріп келе жатып, соңғы 3-5 адымда доға бойынша жүгіруде 
жылдамдықты арттыру. 4. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып 
бірте-бірте соңғы 3-5 адымда жылдамдықты доға үлгісі 
бойынша арттыру. 
Әдістемелік 
нұсқау: 
жаттығушы 
шеңбер 
бойымен 
жүгіргенде оның орталық нүктесі денені иіңкіреп жүгірудің 
дұрыс техникасын меңгереді, оқытушы бұл жағдайда еңкеюдің 
иықпен емес бүкіл денемен жүзеге асырылатынына назар салуы 
қажет. Бұл жерде аяқты баппен бүгу және бос аяқты бӛкседен 
алға қарай қозғалтып аяқпен табанды жұмысқа қосып жүгіру 
техникасын игереді. 1 және 2 жаттығуларды орындағанда 
қолмен дұрыс істеуі қажет.Қолдар ассиметриялық қозғалысты 
орындайды – «сыртқы» қол алға қарай жіберіліп қана қоймай, 
денеге кӛлденең жіберіледі де, ал «ішкі» қол бұл бұл жағдайда 
кӛбірек артқа жіберіледі. 3 және 4 жаттығуларды орындағанда 
жоғарыда кӛрсетілген қозғалыстарды жүгіріп келе жатып және 
доға бойынша жүгіргенде игеру қажет. Сонымен бірге 
жаттығушы доға бойынша жүгіргенде жылдамдықты арттыруын 
назарға алуы қажет. 
3 - тапсырма:
Доға үлгісі бойынша жүгірген жағдайда 
итерілу техникасын оқып үйрену. 
Құрал жабдықтар: 1. Жерге нық тұрып, соңғы артқы 
жағдайдан ішке қарай бӛкседен сермелу. 2. Осы жаттығуды 
шеңбер бойында тұрып, бір орында жасау. 3. Итерілетін аяқты 
жерге қойып, сермелетін аяқпен және қолмен жасау. 4. 
Итерілетін аяқты жерге қойып, жүгіріп келе жатып аяқпен және 
қолмен сермеу. 5. Итерілетін аяқты жерге қойып шеңбер 
бойымен жүгіре отырып әрбір қадам сайын сермелу, сәлден 
кейін әрбір 3-5 қадам сайын. 6. Жүгіріп келе жатып, алдымен 
түзу бойымен содан кейін доға бойымен итерілу. 7. Жоғары 
ілініп тұрған допты иықпен қағу. 8. Түзу жолмен жүгіріп келе 
жатып гимнастикалық столға секіру, ол соңғы 3-5 қадамдарға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


79 
доға үлгісіне кӛшіріледі. 9. Доға бойынша жүгіріп келіп, 
белдеуге секірілу (белдеу секірушінің бойынан жоғары 
кӛтерілген). 
Әдістемелік нұсқау: 1 және 2 жаттығуларды орындағанда 
серпілетін аяқтың жамбасы ішке қарай бұрылып, ал тізе табаны 
мен бірге сыртқа қарай бағытталуын ескерту қажет. Бӛксе де 
алға қарай шамалы ішке бұрылып жіберілуі керек – бұл дене 
массасы жалпы орталық нүктесін итерілген кезде итерілу 
сызығының бойында ұстауға мүмкіндік береді. Осы жерде 
сондай-ақ қолмен сермелу жасалады. 3 және 4 жаттығуларда 
итерілетін аяқты жерге қою тәжірибесі игеріледі. 5 және 6 
жаттығуларда осы қозғалыстар доға бойымен жүгіруге 
жаттықтырылады. Итеруді аяқтағаннан кейін жерге аяқпен түсу 
қажет. 7.жаттығуды орындағанда доға бойымен жүгіру 
жылдамдығын арттыруға назар салу керек. Бұл жаттығулар 
итерілуді толық аяқтап оны сәтті орындауға мүмкіндік береді. 
8. Жаттығу сермелуді және секірушінің биіктікке ұшуды жақсы 
итеруге мүмкіндік береді. Доға бойынша жүгіруден кейін 
итерілу жекелеп жүргенде орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет