«КӨЗ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Тілекбергенқызы А.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 1-курс магистранты
Ғылыми жетекші:
Қамарова Н.С.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан
Аңдатпа.
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі көз компоненті бар тілдік бірліктер
мінез, физикалық күй, ақыл-ой, портрет, қимыл және іс-әрекетті білдіретіндігі, «көз»
кодының басқа да мағыналары бар екендігі мысалдармен талданады.
Түйін сөздер:
қазақ тілі, түрік тілі, «көз» концептісі, көз компоненті бар тілдік
бірліктер, «көз» кодының мағыналары.
Қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдерде екі мәдени концепт «көңіл» және
«жүрек» байланыстырылып қолданылған. «Көз» бен «көңіл» қатар қолданылған кезде
«адамның ішкі дүниесі» деген тұтас ұғым пайда болады:
Көңіл – қазы, көз – таразы;
Көңіл – дария, көз –найза;
Көңілсізден көзсіз бала туады;
Көңілдегі сырды көз біледі;
Көзі көрместің көңілі сенбес;
Көз көңілдің сырын шертеді;
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман;
Көңілдегі құпияны көзің айтып қояды,
Көп сөйлесең лүпілдеп, сөзің айтып қояды;
Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді;
Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры, т.б.
Көз жетпеген жерге көңіл жетеді ауыс. көзге қарағанда көңілдің көру мүмкіншілігі
әлдеқайда көп, оның болжау, шолу, пайымдау, сезу мүмкіншіліктері артық: көз көз жететін
жердегіні ғана көре алса, көңіл алыстағыны, болашақты болжап, өткенді де елестете алады,
зердеге салып, пайымдай алады; демек «көңіл көкжиегі» көздің қабілетінен әлдеқайда артық
[1, 355].
Көз – көңілдің айнасы ауыс. көзбен көріп, көңілмен таныған дүниенің барлық
болмысын басқадан емес, сол көздің өзінен табуға болады. Адамның жан дүниесін тану – көз
қарашығы сыртқы құбылыстардың 80 пайызын көріп қабылдайтын қабілетіне ие болса,
соның бардығы ой санада екшеліп, ішкі таным көңіл арқылы талданып, жүзеге асады.
«Көңілді көзбен тану» деген адамның бойындағы зиялы, ерекше қасиет осы [2, 356].
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман ауыс. адамның айналасындағы дүниені танып-білу
тек көзбен көрумен шектеліп қоймай, оларды терең ұғып, толық түсінуге ақыл-ой мен
парасатты қажет етеді. Ал ондай ояу көңілі болмаған адамның дүниені танып-білуі көзі
соқыр адамнан да төмен болады [2, 357].
122
Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар ауыс. сөз арқылы қуанышты да, қайғыны да
білдіре отырып, қайғы-ренішімізді сыртқа шығара аламыз [1, 361].
Көңілсізден көзсіз бала туады ауыс. махаббаты жараспаған ата-ананың баласы да
өнегесіз, тәлпіш болып өседі. Өзара тату болмаған ата-ананың жөргектен басталатын бала
тәрбиесіне қосқан өз үлесі, үйреткен өзіндік үлгі-өнегесі болмаған жерде игі дәстүрді көрмей
өскен бала меңіреу болып өседі [1, 361].
Көз – таразы, көңіл қазы ауыс. адам көзі көрген нәрсесін таразыдай дәл етіп, нақ
анықтай алады, ал көңіл көз көре алмайтын көп нәрсенің сипатын сезу арқылы парқын
анықтап, әділ қазылығын айта алады дегенді аңғартады [2, 357].
Көзі соқырдан қорықпа, Көңілі соқырдан қорық! ауыс. көзі көрмейтін зағип жандар
мен көңілін көлеңке басып, көп нәрсенің мәнін түсінбейтін, сезбейтін қараңғы адамды
салыстыруға болмайды. «Көңілі соқырдан қорық!» деп айту себебін көзі соқыр адамнан гөрі
көңілі соқыр адамның айналасындағыларға тигізер зияны мол болады деп түсіндіреді [1,
357].
Көздің еті өссе де, Көңілдің еті өспесін (М.Әлімбаев) ауыс. қол жеткен табыстан адам
біраз масаттанып, көңілі өсуі мүмкін, бұл қасиет барша пендеге тән, ал енді табысқа
мақтанып, өзгені көзімен танып тұрып, көңлімен танитын, тіпті құдайын да танымай
кететін адаманн сақтану керек деп ескертеді [1, 355].
Ал түрік мақал-мәтелдерінде ол былай көрініс табады:
Gönül çocuğa benzer gördüğünü işler
(Көңіл – күнәдан пәк сәби: көргенін істер);
Göz gördü, gönül sevdi
(Көз көрді, көңіл сүйді);
Göz görmeyince gönül katlanır
(Көз көрмейінше, көңіл қызықпас);
Göz görür, gönül çeker
(Көз көрер, - көңіл іздер);
Göz terazi, gönül batmandır
(Көз – таразы, көңіл – батпан);
Güzel gözün kıvancı, akıllı gönlün kıvancı;
(Cұлу – көзіңнің қуанышы, ақылды – көңілдің қуанышы);
Gözden ırak (uzak) olan gönülden de ırak (uzak) olur (Көзден алыс болған көңілден де
алыс болады).
Көз қимылы арқылы түрлі ақпараттық белгілер жасырынған. Екі тілдегі
паремияларды талдау нәтижесінде «көз» концептісі негізінде адам психологиясымен
байланысты ең көп кездескен 5 фрагмент айқындалды:
1. сақтық;
2. тілек, қалау;
3. наразылық;
4. ризашылық;
5. мұң;
1.1.Қазақ тілінде «көз» концептісі бар сақтыққа байланысты мынадай паремиялар
табылды:
Көз-қарауыл: Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын;
Ақылы көзінде: Қазақтың ақылы көзінде, Қасиеті сөзінде;
Көргенге илану: Көргеніңе илан, естігеніңді тексер;
Алға, артқа қарау: Алдыңа бір қарасаң, Артыңа екі қара;
Көз астында көз: Көз астында көз бар, тіл астында тіл бар;
Көзге бізі тию: Етікшіден құлаш қаш, Бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе; Көзінде болмау:
Әкімнің көңілінде болсаң да, Көзінде болма;
Сақтаған көз: Cақтаған көзге шөп түсер;
Жау көзі: Кезенген жаудың көзінен сақтан, Сойқанның сөзінен сақтан т.б.
123
Жақсыға сұқтану: Жақсыға сұқтан, Жаманнан сақтан;
Жаманның көзі: Жаман көзден, жаман сөзден сақтан;
Көздінің көзі: Тілдінің тілінен сақтан, сөздінің сөзінен сақтан, көздінің көзінен сақтан;
Қарғаның бір көзі – боқта, бір көзі – оқта 1.ауызекі тілде қарғаның өте сақ құс
екендігін ескертіп тұр; 2. күнкөріс те керек, сақ болу да керек деген мағынада айтылған [1,
391].
Қастағы сояу көзді аңдиды адамды ең алдымен жақындағы жауы аңдиды [6, 397].
Түрік тіліндегі сақтықты білдіретін паремиялар саны: 10 .
Жерден бас алмай қараған: Adamın yere bakanından, suyun sessiz akanından kork
(Адамның жерден бас алмағанынан, судың сарқырамауынан қорқ);
İnsanın yere bakanlığından, hayvanın göğe bakanlığından kork (Адамның жерден бас
алмағанынан, Хайуанның көкке қарап ақырғанынан сескен).
Ақкөз: Akgözden kendini sakın (Ақ көзден өзіңді сақтан);
Алдына қараған: Ala bakan iki görür (Алға қараған екі қарар);
Түбі көрінбеген: Dibi görünmeyen kaptan su içme (Түбі көрінбеген ыдыстан су ішпе);
Dibi görünmeyen sudan geçme (Түбі көрінбеген суды кешпе);
Қабырғаның көзі: Duvarın kulağı var, gözünü de unutma (Жар-қабырғаның құлағы бар,
көз-шырағы барын да ұмытпа);
Сырт көрініс: Görünüşe aldanmamalı (Сырт көрініс алдамшы);
Қысты көзге алу:Yaz diye yola çıkarsan, kışı göze al (Жаз деп жолға шықсаңыз да,
қысты есте ұстаңыз);
Ақылы көзінде:Türk’ün aklı gözünde (Түріктің ақылы көзінде).
Екі тілдегі сақтыққа байланысты паремиялардағы ұқсастыққа тоқталсақ, қазақ та түрік
те сақтық үшін тек көргеніне ғана сенеді. Түрік паремияларында жерге қараған, үндемей
жүрген адамнан бір жамандық шығуы мүмкін, дәл сондай үндеместен сақтан дейді, ал қазақ
паремияларында нақты бір адам мінезі болмаса да, жаман адамның көзі жаман әсерін
тигізеді, сол көзден абай болу керек. Түрік паремияларында түбі көрінбеген зат күмән
тудырады, яғни айқын болмаған нәрседен сақтану керек, сонымен қатар ақкөз адаммен
араласқанда сақ болуды ескертеді.
Халықтық таным бойынша көз арқылы қоршаған орта мен адамдарға жағымсыз әсер
етуге болады. Кей адамдардың көзінен сақтанбаса, көз тиеді деп есептелген. «Көз тию»
халқымыздың дәстүрлі наным-сенімінің бір түрі. Халқымыздың түсінігінде жақсы адамға,
сұлу қызға, кішкентай нәрестеге, жүйрік жылқыға т.б. көз тиеді деп саналған. Мысалы,
бәйгеде озып шыққан жүйрік атқа көз тиеді деп халықтың көзіне көрсетпеген, ал кішкентай
нәрестеге көз тиеді деп, маңдайына күйе жаққан немесе молдаға дұға жаздырып, тұмар тағып
қойған. Бұл түсінік те мақал-мәтелдерде көрініс тапты.
Түріктерде де “nazar degmek” яғни көз тию деген түсінік бар,алайда жаман көзден
сақтану керектігі жайлы ескерту айтатын паремиялар түрік тілінде табылмады.
2. Қос тілдің паремиясында көз метафоралық түрде адамның сараңдық деңгейі, оның
қалаулары көрінетін асқазанға бара-бар. Қазақ мақал-мәтелдерінен бірнеше мысал келтірсек:
Көз көргенге тоймайды, құлақ естігенге тоймайды ауыс. адамның көзі әлемді көріп-
білу үшін жаратылғандықтан, ол көре бергісі, біле бергісі келеді, құлақ та сол сияқты естуден
жалықпайды. Мақалдың негізгі түйіні – адам баласының барлық болмысы, оның ең негізгі
таным мүшелері – көз бен құлақ өзі өмір сүрген орта, қоршаған орта мен табиғатты түгелдей
тану үшін жаратылған, адамның соны атқарғандығы абзал демекші [2, 356].
Көзі тоймау (жағымсыз мағына): Кедейдің қоржыны толса да, көзі тоймас;
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды;
Көрер көз бен естір құлақ тоймайды;
Тауда туған құлынынның екі көзі таста болар;
Өзі тоймастың көзі тоймас;
Өзім тоымын, көзім тоймайды;
Арғымақ жабы болмайды,
124
Жалы кетіп арыса да.
Назары аштың көзі тоймайды,
Бақ пен қыдыр дарыса да;
Екі көзі аста болу:Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болар;
Қазақ паремияларында адамның «көзі тоймайтындығы» жайлы айтылады да, оның
қай кезде тоятындығы жайлы сол паремиялар арқылы жауап береді:
Көз бір уыс топыраққа (ғана) тояды ауыс. әдетте тірі адамның көзі ешқашан дүниеге
тоймаған; мал-мүлік, жиһазды жинап, байыған үстіне байи беру – жаман әдет; халық
даналығы: адамның көзі тек дәм-тұзы тауысылып, дүние салғанда ғана, бетін топырақ
жапқанда ған «тояды» деп түсіндіреді [1, 355].
Дүние – көздің құрты ауыс.дүние-мүлік, байлық адам баласының көзін қызықтырып,
болғанның үстінен бола берсін деп құнықтыратын тойымсыз, пендешілікке апаратын өте
жаман әдет екендігін ескертеді [2, 275].
Түрік паремияларында:
Açın karnı doyar, gözü doymaz başa bir göz yeter;
Körün istediği bir göz, iki(-si) olursa ne söz;
Körün istediği iki goz, biri ela biri boz;
Bir anaya bir kız, bir kafaya bir göz;
Түрік тілінде «Türk’ün aklı gözünde (Түріктің ақылы көзінде)» деген мақал бар. Түрік
өз көзімен көрмеген нәрсесіне оңайлықпен сенбейді деген мағынада айтылған.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ақылы көзінде» тіркесіне мынадай анықтама
берілген: 1.Терең ойламайтын, үстірт. Кейбірінің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-
тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет біледі. Бұның бәрі өзін паш ету,
өзін-өзі көрсетіп, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек (Абай, Тол жин.).
Алайда паремияларда бұл жағымды ұғым ретінде көрінеді. Ондай мақал қазақ тілінде де бар:
Қазақтың ақылы көзінде, қасиеті сөзінде. Яғни, қазақ сөздің қадірін біледі, оның бар қасиеті
осы сөзінде, өсек сөздерге сенбей, көргеніне ғана сенеді.
Тек «Бойдақтың ақылы екі көзінде» паремиясында «ақылы көзінде» қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде берілген анықтамаға сәйкес келеді.
Түрік тілінде «ағаның көзі» деген ұғым кездеседі. Мысалы:
Ağanın gözü ata tımardır (Ағаның көзі атқа күтім);
Ağanın gözü öküzü (ineği) semiz eder (Ағаның көзі өгізді семіз етеді); Ağanın
gözü,
yiğidin sözü (Ағаның көзі, жігіттің сөзі).
Бір заттың немесе бір істің иесі әрдайым өзі ие болған нәрсені қадағалап отырса, іс
жақсы жүреді. Ағаның көзі – өз мүлкін, ісін назарда ұстау, қадағалау мағынасында
қолданылады.
«Көру» концептісіндегі ең басты үлкен ұғымдардың бірі болып таным саналады. Осы
бір әрекет арқылы адам дүниеге деген түсінігін қалыптастырады. Алдымызда тұрған белгілі
бір зат арқылы
«Көру» концептісіне кіретін паремиялардағы бірқатар сөздер ұлттың физиогномика
саласына қатысты өзіндік ұғымын, білімін, тек өзіне ғана тән болатын еркшеліктерін де
сипаттай алады. Осы концептіге кіретін әрбір бірлік халық тәжірибесінің нәтижесі. Осы
таңбалар арқылы тіпті жантану ғылымының ережелері қалыптасады. Қазақ тілінде осындай
ұғымдардың бірі – көзінен тану. Бұл тіркес тілімізде өте кең мағынада қолданылып, адамның
сезімі, көңілі денсаулығымен байланысты айтылады. Сондай-ақ «көзінен тану» тіркесі
арқылы адамның қандай екендігін оның өзін көзіне қарап айту мағынасында қолданады.
Тілімізде бұл ұғым көп кездесетініне қарамастан паремиологияда ол көрініс таппады, ал
түрік паремиясында осыған қатысты бірқатар паремия табылды:
Garip gözünden belli olur;
Dost yüzünden, duşman gözünden belli olur.
Gözünden belli – көзінен белгілі болу.
125
Алғашқы паремияда сырттан келген, бөтен адамды көз қиығына қарап тануға болады
дейді. Бұл паремияда адамның кім екендігін, қандай ұлттан шыққандығын тану мағынасын
беру үшін қолданған. Ал екінші паремияда достың да пейілін, көңілін, ниетін көзінен тануға
болатындығын аңғартады.
Паремияларда қарама-қарсы мәнде берілген тіркестер арқылы да бұл құбылысты
байқауға болады:
Бармақ басты, көз қысты 1. о баста: екі адамның қылмысты іс туралы бір-бірінің
бармағын басып, көзін қысып, ымпай-жымпай болғандығы жайлы айтылған сөз; 2.екі
адамның басқаларға айтпай, білдірмей, құпия түрде келісуі [1, 238].
Батырдың көзі – қорқатың көзі:
Батырдың көзі өмірге түседі, Қорқақтың көзі өлімге түседі өмір мен өлім
жақталасында батыр қалай тірі қалсам екен, өмірімді қалай сақтап қалсам екен деп
бойындағы күшін сол өмір үшін жұмсаса, ез «мынау жанталаста өлемін ау, қалайша тірі
қаламын» дейді. Яғни батыр мұндай жақталаста өмір туралы ойласа, қорқақ тек өлім туралы
ойлайды [1, 243].
«Көз» соматикалық атауының паремиялардағы мағынасының көптігі мен әртүрлілігі
екі тілде де, қазақ және түрік тілдері лингвомәдениетінде маңызды орын алатындығын
көрсетеді. Екі тілге ортақ және мағынасы жағынан өте жақын перемиялар көп. Шынымен,
жақын туыстығы бар халықтарда басқа тілдік семьядағы халықтарға қарағанда еш өзгеріссіз
кездесетін мақал-мәтелдері көп болады. Алайда ешқандай байланыста болмаған, қоғамдық
дамудың әртүрлі сатысындағы халықтардың да мағынасы жағынан бірдей мақал-мәтелдері
болады. Олай болса туыстық, байланыс және халықтар тарихының да пайда болған
ұқсастықтың шешуші факторлары болмағаны. Әр халықтың мақал-мәтелдерінде өзіндік
образдары мен реалийлер жүйесі бар, алайда олардың мазмұнының логикалық формасы
ұқсас болады.
Қорытындылай келе, көз компоненті бар тілдік бірліктер мінез, физикалық күй, ақыл-
ой, портрет, қимыл және іс-әрекетті білдіреді. «Көз» кодының басқа да мағыналары бар: көз
адамның көру қабілетін сипаттайды; белгілі бір объектіге деген назарын көрсетеді; көз
эмпирикалық жолмен алынған білім, тәжірибенің көрінісі; көз дененің жоғарғы мүшесінің
элементі болғандықтан, бір заттың шектен тыс немесе аз болу өлшемі болады; көз тылсым
күшке ие болып, қарғыс жасау арқылы адамды сәтсіздікке ұшыратады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004. – 560 Б.
2 Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и
лингвокультурологический аспекты. – Москва: Школа «Языки русской культуры», 1996. –
288 С.
Достарыңызбен бөлісу: |