Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

СИМВОЛДЫҚ БЕЙНЕЛЕУЛЕР СИПАТЫ 
 
Симбаева А.Н. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
Қамарова Н.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, 
Ақтау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Бұл мақалада символдық бейнелеулер көптеген ғылымдарда, лингвистика 
мен әдебиеттануда, философия, семиотика, психология, филология, мифопоэтика және 
фольклористикада, оның зерттелуіне өте үлкен көңіл бөлініп келетіндігі айтылып, символға 
байланысты туындаған негізгі көзқарастарды жүйеленеді. Таңбалық қасиетінен басқа 
гуманитарлық дәстүрде символдың бейнелілігі (икондылық), мотивтілігі, символдың 
мазмұнының комплекстілігі және мағыналарының теңдігі, символдың «имманенттік» 
көпмағыналылығы мен мағыналарының шегінің анық болмауы, архетиптілігі, жеке 
мәдниеттердегі универсалдығы және түрлі кезеңдер мен ұлттардағы символдардың 
қиылысуы (ұқсас болуы), мифология, әдебиет, өнер және басқа семиотикалық жүйелердің 
құрылымында орын табуы сияқты қасиеттері көрініс тапқан; соған қоса, символикалық және 
тілдік шындықтың қатынасы және символдың тіл мен сөйлеудегі орны зерттелген.
Түйін сөздер:
символ, символдық бейнелеулер, мотивтілігі, символдың 
комплекстілігі, көпмағыналылығы, архетиптілігі.
Символға қатысты анықтамалардың ішінен бізге семиотикалық анықтама әлдеқайда 
релевантты көрінеді (себебі семиотика жалпығылымдық пән ретінде кез-келген таңбалық 
концептілерге анықтама береді),сондықтан біз оны неізге аламыз.Осындай көзқарас арқылы 
«символ» терминіне екі негізі ұғым белгіленеді: формалды-семиоткалық және 
формалдылогикалық мағынада ол: а) таңбалаушы мен таңбаланушының арасында шартты 
түрде байланыс орнататын таңба, яғни материалды бірлікті көрсететін (единство 
материально выраженный) таңбалаушы мен абстрактілі таңбаланушы конвенционалды, 
шартты байланыс негізінде танитын, немесе б) формалы-тілдік бейнелеудің графикалық 
таңбасы (мысалы, NP және VP, грамматикалық категорияны көрсетеді); 2) кең семиоткалық 


118 
мағынада символ өзінің алғашқы мазмұнын өзге бір нәрсенің формасы ретінде қолдануды 
жөн көретін белгі, яғни әлдеқайда абстрактілі және ортақ мазмұнды, бұл жерде екінші 
мағынасы аса тілдік ұғымды көрсете алмайды, алғашқысымен ортақ таңбалаушы арқылы 
бірігеді [1,34]. 
Бұл анықтамамен Ю. Лотманның анықтамасы ұқсас. Оның айтуы бойынша символ 
«өзге бір мазмұнды көрсететін, көбінде мәдени тұрғыдан маңызды болып келетін белгілі бір 
мазмұнмен» байланысты» [2, 11]. Осы екінші мағынадағы «символ» термині біздің көңіл 
бөлетін объектіміз болып табылады.
Көптеген ғалымдар символдың бейнелілік табиғаты жайлы айтады. Олардың ойынша 
символ бейнедан «өседі», алайда символдың «бейнелілігі» әртүрлі түснік табады (мүмкін 
«символ» терминінің түрлі мағынасының болуы). 
Символдың алғашқы тар мағынасының қайнар көзі ретінде сезімдік бейне жатыр – 
шынайы әлемнің заттары мен құбылыстарының кескіні. Ол өз-өзіне деген тепе-теңдікті 
ұйғарады, таңбалаушы мен таңбаланушы онда ерекшеленбейді, олар құбылыс пен болмыс 
тәрізді біртұтас. Сезімдік қабылдау сезімдік бейнеға, көрініс пен «есте сақталған 
құбаластарға» ауысады. Бейнедың ішкі формасының, оның «жоғары қойылған 
дифференциалды жағы» бейнеды таңбалардың қатарына қосады. Бейне материядан бөлек 
өмір сүріп, схема түрінде қолданыла бастайды. 
Референт пен оның шартты мағынасы бөлінген кезде (сөздің тар мағынасында) бейне 
таңба-символға айналады. Х. Вернердің ойынша «протосимолар» бейнедар, визуалды және 
вербалды 
схемалар, 
ым-ишараттар 
және 
т.б. 
– «хабарлағыштың 
прогрессивті 
дифференциялық және референциалды мағынасының» көмегімен өзгереді; кері процесс 
олардың «дифференциациясымен» байланысты. Қазіргі психожәне нейролингвистикада 
бұндай процесс «қос кодтаудың» күрделі жүйесі ретінде бейнеленеді, бұл жерде санасыз 
(үйлестік (аналоговая) жүйе, бейнеды континуальды ойдау), синергетикалық тұрғыдан, 
санамен (дискретті жүйемен, символды, вербалды, сандық ойлаумен) бір-бірінің кодтарын 
ішкі сөйлеудің көмегімен қайта құру арқылы әрекеттеседі [3]. Мысалы, адам ұйықтаған кезде 
ішкі сөйлеу вербалды ақпаратты, жасырын ойларды үстіртін ұқсас құрылымдарды 
(перцептивті бейнедар) қайта жасайды, ал ұйықтамаған кезде перцептивті бейнедар (сыртқы 
және квазиперцептивті ішкі) дискретті жүйенің тіліне аударылады. 
Символдың негізінде жатқан бейне (яғни көпмағыналы таңба ретінде) гештальдтан ең 
алдымен өзінің қызметімен (функциясымен) ерекшелінеді. Ол көркем немесе мифологиялық 
көріністің, тілдік бірліктің, ритуал, миф, көркем шығармашылықтың формасының қызметін 
атқарады. «Көркем» бейне өздігінен таңба болып табылады (себебі онда материалды 
таңбалаушы бар – шығармашылық әрекеттің жемісі), алайда, символикалық емес, ал 
иконалық – оған таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы ұқсастық тән. Мазмұнның 
жоспары мен оның білдірілуінің арасындағы қарым-қатынас шартты емес, «органикалық» 
болып табылады [4, 22]. Р.Якобсонның ойынша, табиғи тілдерде «бейне» икондылық 
дауысқа еліктеуде, редупликацияда кездеседі. Бұндай ұқсастық тағы сурет өнерінде, 
мүсіндеуде, кинода, театрда және т.б. шындықты суреттеуде орын табады [5, 12]. 
Осындай бейнедың негізгі қасиеті – алғашқы «сезімтал» мазмұнның кеңеюі мен 
жиынтықталуы. Бұл жерде ол формальды (яғни затты танып білуге керек жалпы белгілер) 
түсініктен ары кететін «мазмұндық» түсінікке ұқсас болады және заттың барлық жаңа 
жақтарын, қасиеттерін және өзге заттармен байланысын қамтиды». Антикалық көркем бейне 
бен ұғымның ерекшеліктерін зерттеген О.М. Фрейденберг антикалық ұғымдар бейне ретінде 
қалыптасуында дерексіз қызмет (функция) атқарғандығын белгілеген: «...дерексіз белгілер 
нақты қасиетті өз бойына алса, ал жекелікте – көп қайталанатын белгілерде, сапасыздық 
кенет суреттеледі, алдымен монолитті сапа, кеңістік жылжып, қимылдың мезеті себептен 
салдарына қарай енеді... Кез келген антикалық метафорада ауыспалы мағына мифологиялық 
бейнедың нақты семантикасына байланады да, оның ұғымдық дубликатын көрсетеді» [6, 
189]. 


119 
Н.Д. Арутюнованың айтуы бойынша, бұндай бейне өзінің дәлме-дәл мағынасының 
шегінен шығады, бірақ кеңею мен жалпыланудан ары кетпейді, жаңа мазмұн бермейді 
(символға қарағанда) [4, 149 ]. Өзінің негізгі мазмұнынан әлдеқайда өзгеше мағына берген 
уақытта, көбінде абстрактілі, бейне-икон символ болады.
Өткеннің көптеген ойшылдары символдың мазмұнындағы нақтылық пен абстрактілі 
ұғымдарды оның үйлестігінің байланысының негізі деп ерекшелеген. Мысалы, И. Канттың 
ойы бойынша, символ тек бір ғана үйлестіктің көрінісі ретінде қалыптасады. Символға 
байланысты қатынаста үйлестікті семантикалық белгілердің ортақтығының негізіндегі 
ұғымға ұқсатуға болады, соның көмегімен нақты, жеке атаудың абстракт, жалпы мағынасына 
ауысуына мүмкіндік туады. Бұл символды өзге мотивтелген семиотикалық құбылыстарға – 
троптар, соның ішінде метафораға – жақындата түседі. 
Э. Кассирер шындықты символикалық құрастырудағы метафораның ролін 
алғашқылардың бірі болып анықтаған [7, 47]. Оның айтуы бойынша символикалық 
форманың изоморфизмі, символдың түрлі модальдылығы «радикалды метафораның» 
көмегімен, «рух энергиясының» бір формадан басқа нақты формаға ауысуынан 
болады. Символикалық формалардың бұндай «метафоралық» түсінігі М. Мюллер, А. 
Кунның интуитивистік және эмпирикалық амалдарына қарама-қайшы келіп, ал Э. Тейлор, 
Дж.Г. Фрэзер, Л. Леви-Брюльдің айтуы бойынша мифологиялық және ритуалды 
символиканың логикалық ойлаумен байланыстырып, сөздің этимонасы мен эмпирикалық 
материалдың интуитивті анализіне сүйенді. 
Ф.Уилтрайд үшін символды метафора арқылы бейнелеу тән, ол символды 
«тұрақтандырылған метафора» деп қарастырады. Ол символдың екі түрін анықтады – стено-
символ немес блок-символ, бұнда алғашқы «диафорикалық өзгешелік» жоққа шығарылады, 
бірақ таңбалаушы мен таңбаланушының арасында жалпылылық мезеті жоғалады да 
(математика, формальды логика символы), бұндағы «дүбірлі, экспрессивті символдағы» 
«алғашқы диафорикалық ерекшелік пен сапа сақталып, баи түседі» [8, 7]. 
Ассоциациялаудың екі негізгі механизмін қарастыру – метафора мен метонимия – 
символды зерттеуде маңызды болған, оны бейнелеуде «динамикалық» амал 
белгілеген. Символикалық мағыналарға байланысты Якобсоннан кейінгі зерттеулерде П. 
Рикер, К.Леви-Строс, Ц. Тодоровты айтып өткен жөн. 
П. Рикердің ойы бойынша, символ тілдік полисемияның феноменологиялық көрінісі. 
Символикалық амбиваленттілік екі факттың қосындысынан туындайды – лексикалық 
(полисемия) және контекстуалдық, бұнда контекст «бір атпен тұрған бірнеше түрлі, тіпті 
қарамақайшы мәнді жүзеге асырады» [9, 72]. Полисемия мен символизм тілдің құрылуы мен 
қызмет атқаруын бейнелейді. Шындықтың ұқсастығы мен алшақтығы көпмағыналы 
сөздердің арасындағы мағынасының байланысын құрады, яғни бұл байланыстар символда 
әлдеқайда қатты көрсетілген. 
Ц. Тодоров ауыстырудың метафора сияқты түрінің символ құрудағы ролін айтып, 
метонимия мен синекдоха сияқты троп түрлеріне де көңіл бөледі. Бұнда біз қарапайым 
символдардағы семантикалық бейненің мысалдарын табамыз, яғни «қызыл ай – царь» 
символы (бұнда қызыл ай туған уақытта дүниеге келген адамның царь болу керектігі жайлы 
ұғымның болуы); қан биліктің символы (метонимия), қызыл түс қанның символы 
(синекдоха), айдың белгілі бір фазасы қызыл түстің символы (синекдоха), осы фазада 
дүниеге келген адамдар соны символдайды (уақытша метонимия). Символикалық 
«конверсия» символдар тізбегін аударады, оған қоса «символ болатын термин» басқа символ 
болады да, оның алдындағы процестермен қамтылады [10, 245]. 
Бұндай алғашқы мифологияға дейінгі ойлауға жататын аналогияның метонимия және 
синекдоха сияқты формаларын Леви-Брюль «пралогикалық» деп атаған [11, 98], оның негізгі 
қасиеттері болып синкреттілік, біртектес заттарды ұқсастыру, козуалдылық қатынасты 
шектес қатынасқа ауыстыру, бөлшек пен бүтінді ұқсастыру, заттар мен олардың қасиеттері, 
заттар және олардың таңбасы немесе атауы болып саналады. Олар тек репрезентативті 
немесе орнын басатын ғана емес, соған қоса, ойлау тотемнің артынан жүретін тотемикалық 


120 
сипат алатын қарапайым символика негізіне жатады [12]. Метафора символдың «хабар 
берушісі» мен «референтінің» ұйлестігі ретінде мифологиялық ойлауға өткенде пайда 
болады, бұнда метафора қоршап тұрған заттарға және жандарға байланысы тікелей емес 
болған кезде, мифтің көмегіне, яғни бұрын бастан кешкенге жүгінуді жөн көреді. Бұл 
уақытта «мифологиялық мәтіндердің» элементі ретінде метафоралық символдар, өзіндік бір 
мифологиялық концепттер пайда болады. Мифтің «жанр» категориясына ауысуы барысында 
олар метатілдің категориясына айналады. Бұл жағдайда символдар мифологиялық емес, ал 
дескриптивті санаға жатады [13, 306]. 
Ерте метонимиялық және кеш метафориялық символизмінің байланысуына мысал 
келтірейік. Жерді жағалап жорғалайтын жылан – жердің, құнарлылықтың, ғаламның 
символы, соған қоса, жерасты әлемінің кереметінің (божество) символикалық көрінісі. Бұл – 
«жер» корреляциялық нүктемінің негізіндегі метонимиялық символ. Мынау әлдеқайда 
кешірек пайда болған метафоралық символизм – «жылан-шайтан» (змея-сатана). Ол 
«жылдам-қу», «иілген-қуланған» сияқты тасымалдауға негізделген физикалық және 
психологиялық процесстердің аналогиясы: қу – тез ойлайтын, иілген – тік айтып 
сөйлемейтін, мағынасын өзгертеді. Осы тұста жердің құдіретіне негативті қасиеттер үстейтін 
символ пайда болды. 
Символдың метафоралығын айтқан кезде тағы бір бағытты атап өткен жөн, бұл жерде 
европалық амалдан тыс метафораны зерттеудегі – когнитивті семантика. «Концептуалды 
метафораға» көңіл бөле отырып, когнитивті семантика қазіргі символдардың 
онтологиясын зерттеп, символдық ауысулардың негізгі типтерінің таксономиясын жүзеге 
асырады. Еске салатын жайт концептуалды метафора білімдердің проекциясы ретінде 
дерекнама-сферасынан жаңадан меңгеру сферасына онтологиялық сәйкестіктің көмегімен 
жүреді. Атап өткендей, қазіргі концептуалды жүйедегі уақыт, сан, қалып, әрекет, себеп, 
мақсат, эмоцияны түсіну (махаббат, ашу) сияқты абстрактілі түсініктер концептуалды 
метафоралардың көмегімен құрастырылады, мысалы: үлкен жоғарымен тең, кішкентай – 
төмен, уақыт – зат, уақыттың өтуі – әрекет, келешек алда, өткен артта, қалып – кеңістіктегі 
орын, өзгеріс – қозғалыс, себеп – күш, мақсат – жету керек жер, сыртқы оқиға – үлкен 
қимылдап жатқан объектілер, қиындықтар – кедергі және т.б. Біздің көзқарасымыз бойынша, 
қазіргі таңдағы мәдениетте құбылыстардың осындай ауысуы метафораның да, символдардың 
да тууының негізі болып табылады. 
Символдың бейнелілігі туралы зерттеулер көп. Негізгілеріне тоқталдық. Символдың 
мағынасының мотивтілігіне сәйкес бірнеше өзіндік қорытынды жасайық. Символдың 
мотивтілігі оның нақты және абстрактілі ұғымының, және осы ұғымдардың шектестігінің 
үйлестігімен, соған қоса, ұғым интенсионалының бірінің екіншісіне қосылуымен 
түсіндіріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
Sebeok T.A. Encyclopedic dictionary of semiotics. – 1-3 books. – Berlin; New York : 
Mouton de Gruyter, 1986. 
2.
Лотман Ю.М. Символ в системе культуры // Тартуский ун-т. Ученые записки. – 
Вып. 754. – Тарту, 1987. 
3.
Цапкин В.Н. Семиотический подход к проблеме бессознательного // 
Бессознательное. Многобейнеие видения. – Новочеркасск, 1994. 
4.
Арутюнова Н.Д. Метафора и дискурс // Теория метафоры. – М., 1990. 
5.
Якобсон Р. В поисках сущности языка // Семиотика. – М.,1983. 
6.
Фрейденберг О.М. Бейне и понятие // Миф и литература древности. – М., 1978. 
7.
Cassirer E. Language and myth. – New York, 1946. 
8.
Wheelwright P. The archetypal symbol // Perspectives in literary symbolism. V. I. – The 
Pennsylvania State University Press. University Park; – London, 1968. 


121 
9.
Ricoeur P. The problem of double-sense as hermeneutic problem and as semantic 
problem // Myths and symbols. – Chicago, 1969. 
10.
Todorov Tz. Theories of the symbol. – Ithaca (N.Y.), 1982. 
11.
Леви-Брюль Л. Сверхестественное в первобытном мышлении. – М.: 
Педагогика-Пресс, 1994. 
12.
Tайлор Э.Б. Первобытная культура. – М., 1989. 
13.
Успенский Б.А. История и семиотика // Семиотика истории. Семиотика 
культуры. Избранные труды. – Т. 1. – М., 1994. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет