Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет141/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жәнібек пен Керей тәрізді жеке хандықты көксеп, жат жаққа қаша жөнелген жоқ 
қой. Әлі-ақ сабасына түсер, қайта оралар...» 
Әбілқайыр ақыл-сезімін астаң-кестең еткен бұл ойларын ешкімге сездірген 
жоқ. Тек: 
— Қырық күншілік жерді бір күнде алатын Көксеңгірмен Гүлбаһрам-
Патшайымға жете алмай қалса, шын таусылған екен! — дей салды теріс бұрылып 
кетіп. 
— Иә, солай, тақсыр. 
Хан сол теріс бұрылған қалпында «бәрің де кетіңдер!» деген ишарат білдіріп 
қолын сілтей салды. Уәзір, шабарман тұтқынды ала жөнелді. 
— Қош бол, хан ием... 
Әбілқайыр кешегі өзінің жақсы көретін ақылшысының бірі Оспан-Қожаға 
бұрылып та қараған жоқ. Ол дәл осы сәтте Оспан-Қожаны да, оның тағдырын да, 
бағанадан бері айтып тұрған су астында жатқан інжу-маржандай сырларын да 
есінен шығарған. Иә, ол өзгенің қастығы болмаса, жақсылығын тез ұмытатын. 
Бүкіл Дәшті Қыпшақ, Қорасанды билеп тұрған Әбілқайырға Оспан-Қожа деген құл 
кім? Жақын етсе өзі етті. Өлтірсе өзі өлтіреді. Ал дәйекші сорлы қайтадан 
зынданында ажалы жеткенше, іріп-шіріп жата бермек боп кете барды. Ханды енді 
басқа ой мазалай жөнелді. 
«Жәнібек пен Керей Жағатай ұрпақтарының қол астына ауды. Қыпшақ 
Қобыланды көшті өз жайына. Самарқанттағы әбусейіттің теріс бұрылып бара 
жатқаны анау... Еділ бойындағы өзіне тән Қыпшақтарын ертіп қарға бойлы 
Қазтуған да Жәнібек пен Керейге қосылғалы қонысынан көтеріліпті деген сөзді 
кеше естідім. Және Қазтуған жырау: 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 


150 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас, 
Сөйткен менің Еділім, 
Сен салмадың, мен салдым. 
Қайырлы болсын сендерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт, — 
деп Еділ бойында қалған Алшын, Ноғайлы руларына батасын беріп көтеріліпті 
дейді. Өзге рулар да Жәнібек пен Керейдің соңынан ерді деген сөздерді жиі ести 
бастадым. Бұның бәрі неліктен? Отыз жылдай ат үстінен түспей көтерген Көк 
Ордам қайтадан құлағалы тұр ма? Егер менің көзімнің тірісінде мықтап шетінесе, 
он ұлым, он бес қызым, елуге тарта немерелерім, әрқайсысы ол Орданы өзіне 
қарай тартып пара-парасын шығармасына кім кепіл? Иә, сөйтулері мүмкін. Жоқ, 
ондай жағдайға жеткізуге болмайды. Ел тізгінін қайтадан қатты тартуым ақыл. Ең 
алдымен Мауреннахр мен Қорасанның биліктері қолындағы өзіммен тілектес 
хакім, сұлтандармен одақтасып алып, Жәнібек пен Керейдің қолтығына су бүркіп, 
жеке хандық етеміз деп отырған Моғолстанға ойранды салуым борыш...» 
Әбілқайыр енді Ордасының ішіндегі жағдайға көз жіберді. «Алғашқы келісімді 
Ақсақ Темірдің ұрпақтары меңгеріп отырған Самарқант пен Бұқардан бастайтын 
болсам, Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім жайындағы ой-пікірімді тез 
өзгертуім қажет. Заты әйел болғанмен Рабиу-Сұлтан-Бегім Ақсақ Темір ұрпақтары 
мен 
Мауреннахрдың 
бек, 
әмірлерінің 
алдында 
қадірлі. 
Тартыс- 
та бұл қасиетін де есте тұтқан жөн. Әскер басқа елді басып алуға керек, ал 
жауыңның ақылды адамдары, бек-сұлтандары сол елді билеуіңе құрал». 
Әбілқайыр езу тартып күлді. Оспан-Қожа: «хан сырын білетін уәзір өмір сүруге 
тиісті емес» дейді. Дұрыс айтады. Бұл данышпан ақылыңды Бақты-Қожаны құрту 
үшін ғана емес, өзіңнің көзіңді де тезірек құрту үшін жұмсармын... Сен жеті қабат 


151 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет