Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет189/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жыл өте, Жұныс қызын әбусейіт мырзаның баласы Андижанның әміршісі 
Шайх-Омарға берді. Әбілқайыр рұқсатымен Мауреннахрға төркіндеп келген 
Рабиу-Сұлтан-Бегім, Шайх-Омар сырқаттанып қалған соң, Нигер-Сұлтан-Бегімді 
алып кетуге бір топ нөкерімен Яссыға өзі керуен салды. Бұл жайды естіген Жәнібек 
Қасымның үш мың жылқыдан қалай айырылып қалғанынан хабардар бола тұрса 
да, баласын тағы шақырады. «Нигер-Сұлтан-Бегімді қалай босатып жібересің
онда менің шаруам жоқ, бірақ көшін аңдып тұрып Әбілқайырдың ерке бәйбішесі 
Рабиу-Сұлтан-Бегімді ұстап алып келесің» деді. Бұ да жау жағын мұқатудың бір 
жолы еді. 
Қасым жігіттерімен жолда аңдып жатқанында әбдірашит сұлтанның да Нигер-
Сұлтан-Бегім көшін өздеріндей күтуде екенін естіді. Жағатай ұрпағымен дос 
болғанмен де, Жұныс қызы мен көзі көрген, қолынан жас кезінде сан мәртебе дәм 
татқан Рабиу-Сұлтан-Бегімді оларға қимады. Аналар көшке шапқан кезде қарсы 
шығуға тура келді. Бір абырой болған жері, бұл айқаста әбдірашиттің өзі 
қатынаспады. Ол тек жігіттерін жіберген боп шықты. Жағатайдың бейбастақ, 
нәпсіқұмар қарақшыларынан аман алып қалып, тағы да өзі Нигер-Сұлтан-Бегімнің 
құшағында бір күн түнеп, ертеңіне қос сұлуды елдеріне қоя берді. Жау олжасынан 
құтқарған Қасым сұлтанды Рабиу-Сұлтан-Бегім өле-өлгенше сыйлап өтті. Екі 
жақтың бір-бірімен татуласуына да сан мәртебе қызу кірісті. Бірақ ел намысына 
айналған жанжалды басу оның қолынан келмеді. әйтсе де Қасым алдында 
борышты болып қалмады. Бертін келе Мұхамед-Шайбани әбден күшейіп, Яссы 
әміршісі — баласы Сүйіншік қаннен-қаперсіз күйдегі Қасым ханның әскерін түнде 
басып алмақ болып дайындалып жатқанда, арнаулы кісі жіберіп, Қасымды бір 
ажалдан құтқарды. Сөйтіп өзіне істелген жақсылықты ақтады. Ал, Нигер-Сұлтан-
Бегім болса Қасым ханды он жыл аңсап күтті. Он жылдан кейін барып ең алғашқы 
ақ төсінен тоят алған қыран бүркіттің құшағына қайта кірді. 


204 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет