Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет191/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   316
Әдеби KZ
 
 
арқылы күншығыс пен күнбатысты байланыстырып тұратын. Әр ханның өзіне 
бағынатын хандығы болса, бұның сол хандықтарды да өзіне бағындырар байлығы 
бар адам. Жеке сауда патшалығы бар. Алтын ақшаны сандықтап жинаған 
саудагер, Әбілқайыр ханнан кезінде ишік-ата атағын алған. Осы мал-мүлкі 
бықыған байдың бар тілегі жалғыз ғана бала болатын. Бірақ жаратылыс осыншама 
байлықты мұрагерсіз қалдырайын дегендей, оған бала бермей қойды. Сөйтіп 
жүргенінде отызыншы әйелі былтыр екі қабат болып, биыл бір ұл тапқан. Жиырма 
тоғыз әйелінің қағанағын қарық ете алмаған саудагер, отызыншысына келгенде 
ұрық берер қуатты қайдан тапқанын кім білсін, әйтеуір қайқы төс, саулық құйрық 
жас тоқалынан аппақ сазандай ұл көрген. Кейбіреулердің «япырмай, Мұхамед-
әкім эль Таразидың мына баласы інісі Махмуд-Рақым эль Таразидан қалай 
аумаған. Туған әкесі өзі болса мұндай ұқсас тумас» деген күңкіл сөзіне қарамай
Мұхамед-әкім эль Тарази бүкіл Тибет, Қорасан, Мауреннахр, Дәшті Қыпшақ
Қырым, Қазан жерлеріне жар салып, ұлан-асыр той істемек болған. Мұндағысы 
оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасы — Мұхамед-әкім эль Таразидың 
мұрагері бар екен деп жер-жиһанға дәріптеп, айды аспанға шығарған той жасау. 
Тойға жүлде етіп, Стамбулда сом алтыннан құйылған үш алтын құс белгіледі. 
Әрқайсысы сегіз батпаннан. Жүлде тиген адам егер бұл алтын құсты алғысы 
келмесе, бағасы содан артық емес, тілеген затын беремін деп жариялады. Жүлде 
беретін шарты да таңғажайып. Бірінші жүлде — кімде-кім жаяу жарыста он фарсат 
жерден озып келсе, соған беріледі деді. Мұнысы жиһанкез саудагердің рум 
халқынан алған өнегесі. Екінші жүлде — кімде-кімнің түйесі жиырма фарсат 
жерден озып келсе соған беріледі деді... Мұнысы сонау Мысыр арабтарынан 
алған үлгісі. Үшінші жүлдені — кімде-кімнің аты отыз фарсат жерден озып келсе, 
сол алады деді. Бұл Дәшті Қыпшақтың ежелден келе жатқан көне салты. 
Жәнібек сұлтанның айтып отырғаны осы той еді. 


206 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет