Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет202/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   316
Әдеби KZ
 
 
теңіз үстімен солтүстікке шығып алған Жәнібек ауылдары, көп ұзамай 
Мойындықұм маңайында қалған қалың елге келіп қосылған. Бұл кезде Жәнібек 
пен Керейдің қарамағындағы ел үш жүз мың үйге жеткен. Әбілқайырдың құрығы 
бұрын да мойнына түсе қоймаған Көкше теңіз маңындағы ел Жәнібекке тегіс 
бағынған. Әулиеата, Мерке маңайындағы Дулат пен Қоңыраттар да қос сұлтанның 
жарлығына мойын ұсынған. 
Міне, осы кезде жазғы қамын ойлаған елдің ақсақал, би, батырлары жиналып 
екі мәселені шешті. Бірі — жасының үлкендігін сыйлап Рабиуыл айының басында 
ақ кигізге көтеріп, Керейді қазақтың ханы сайлады. Екіншісі — жазғы жайлауы етіп 
Қара Кеңгір, Сары Кеңгір өзендерінен бастап Ұлытау, Арғынаты тауларының бойын 
қуалай, ортадағы Шойындыкөл, Ақкөл, Барақ көлді ала отырып, сонау, Есіл, Нұра 
өзендеріне дейін көшпек болды. Малына жайылым, өзіне пана керек жұрт 
«Әбілқайыр берсе қолынан, бермесе жолынан аламыз» деп атқа қонды. Қазақ 
руларының бұнысы көк шалғынды, саумал көлді ежелгі қонысын ел болып 
қайтадан өзі билеп, өзі төстеудегі алғашқы адымы еді. Бұған Әбілқайыр қарсы 
тұра алмады. «Қазақ елін құмға қашырып, қырып тастаңдар» деп жіберген он мың 
лашкарларының қолынан ханның бұйрығын орындау келмеді. Лашкарларды 
бастаған Бахтияр-баһадурдан кейінгі ханның ең сенімді адамы, қара аюдай алпақ-
салпақ мол денесі мен бойына біткен алып күші үшін, руының атын өз атына 
айналдырып «Қарашың» деп аталған әскер қолбасшысы Дарвиш-Хұсайын батыр, 
көшкен елдің соңынан қуып жетсе де, ештеңе істей алмады. Отыз мың сойылды 
әскерімен көш соңынан қорған боп келе жатқан Жәнібек сұлтан да бұларға назар 
аударып кейін бұрылмады. Қыр бөктерлей жортқан көкжал қасқырға тап беруге 
бата алмаса да, кейін қалып қоюға намыстанған ауыл төбеттері тәрізді, Әбілқайыр 
ханның лашкарлары алыстан садақ атып құр мазасын алып, соңдарынан жүріп 
отырды. Қарашыңның бұл тәсіліне Жәнібек таң қалды. «Сірә, менің әскерімнің 
аттан түсіп, бір жайбарақат қалар кезін күте ме? Олай болса...» Жәнібек кенет отыз 
мың әскерінің атының басын кейін бұрдырып алды да, Қарашыңның 


218 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет