Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет213/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ұлысқа бөліп, төрт ұлы арқылы Қарақұрым Үлкен Ордасына бағындырғаны тәрізді 
еді. Қала берді, Ақсақ Темірдің қарамағындағы жерлерді бірнеше уәлиетке бөліп 
билегеніне де ұқсайтын-ды. Онда тек жерді ғана бөлсе, мұнда жайлап отырған 
жалпы жеріне қарай, рулар үш жүзге бөлінбек! Үшінші жарғы, осы мәжілісте әр ру 
өзінің рулық белгісін — таңбасын белгілемек. Бұл осынау барымталы, бір ру мен 
бір ру күнде сойылдасып, қырқысып жатқан заманда өте керекті шара болатын. 
Болашақ халық кеңесінде осындай үш күрделі мәселе қарамақ боп, жыраулар мен 
хан мәжілісі жабылды. Енді хан бұйрығын жеткізуге жан-жаққа шабармандар 
шапты. Бұл жарғылардың халыққа керек екенін түсіндірмек боп, төрт жырау да 
аттарына қонды. 
әне-міне дегенше жаз да өте шықты. Күзтоқсанға екі апта қалғанда хан аулы, 
қаптаған төлеңгіт, қарашасымен Саумалкөлдің тұсына келіп үйлерін тікті. Осы 
арадан Нұраның Қаратұзы желісті атқа жарты күндік жер. 
Жетіқоңыр құмы мен Бетпақ даланың арасында қатқыл атырап бар. Жел тұрса 
құм сырғақтап жаяу борасындай бастайды. Ал ашық күндерде жарқырап жатады. 
Бұл бабаларымыз ісләм дініне кірмей тұрған кезде отқа, суға табынған дәуірде, 
көк тәңірісіне, жер тәңірісіне арналып адамнан құрбан шалынатын жер. Ежелден 
сұсты, жұмбақ атырап. Жетіқоңырдың өркеш-өркеш құмынан өтіп, жазыққа 
шығысыменен, сонау қу заманның белгісі боп, тақыр дала шетіндегі екі адамның 
бас сүйегі сонадайдан көзге түседі. Бастардың қасында атам заманда қадалған 
жуан 
діңгек 
қада 
бар. 
Күн 
күйдіріп, 
жел 
сүйіп, 
әбден 
қара- 
қошқыл тас болып қатып қалған. Ол қадаға әлеміштер байланған. Бұл белгілеріне 
қарағанда, сонау арғы дәуірде осы арадан көшіп жүрген елдер бұл атырапты 
әулиелі жер санаған тәрізді. Әлгі қаданың теріскей жағында құлынжалданып, 
ұзыннан созылған түйелі кісі бойындай жарнұра бар. Етек тұсынан жер астындағы 
көзден жылап шыққан, мөлдір сулы шағын өзен ағады. Бұл өзен қарлы жылдары 
қатты тасиды. Тасығанда бір кезде телі емген бұзаудай, қос өзен құйғандықтан 
Телікөл деп атанған Телікөл-татаға құйып, бұл арадағы басқа арадағы басқа уақ 


230 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет