Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет214/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қарасуларды қосып жатады. Сөйтіп сары ала сегіз сайға барып қосылады. Ал егер 
қысы қалың қарлы, жазы жаңбырлы жылы Нұраның Қаратұзынан шығатын сай 
суы жіңішке Сарыөзен — Сары Кеңгір мен Қара Кеңгір барып құятын Боқтықарын 
көліне дейін жетіп қалады. Бұндай тасу он жылда, жиырма жылда бір болады. 
Өзге жылдары Нұраның Қаратұз сайы сәл көпіріне көтеріліп, жаз шықпай-ақ құмға 
сіңіп жоғалып кетеді. 
Осы көпке беймәлім, жұмбақ атырапта Жетіқоңыр құмы мен Сарысудың 
ортасынан өтетін қоба жол бар. Қоба жолды көк қияқ басып жатады. Адам тек 
салт атпен ғана бара алады. 
Жәнібек хан осы Нұраның Қаратұзына әдейі арнап керуен жүргізді. Жазтоқсан 
болмай, басына елу үй тіккізіп, құмнан құдық қаздырып көнекпен су тартқызды. 
Сай бойына желі кердіріп, бие байлатты. Келетін қонақтарға деп әдейі 
қысырақтардың үйірін айдатты. Өзі әдік, Қамбар, Қасым, Бұрындықты ертіп, 
алдын ала келіп хан шатырын тіктіртті. Көп ұзамай адам түгел аң білмейтін 
жолдарды тауып, құла дүзге көшіп үйренген ру басшылары — билері, батырлары 
Нұраның Қаратұзының жан-жағынан ағыла бастады. Үйсіннен — Әбілқайыр 
Үргенішке кетер алдында бөлінген Қылышбай, Қара Оспан батырлар, Жалайырдан 
— Бөрібай батыр, Дулаттан — Бахтияр би, Арғыннан — бір топ батырларын ерткен 
Арғын би мен Қотан жырау, Қыпшақтан — Қара Қыпшақ Қобыланды мен Қазтуған 
жырау, Найманнан — Қаптағай батыр мен Тұңғашық батыр, Хақұлы би, Керейден 
— Қарақожа батыр, Қоңыраттан — Бағалы қожа мен Орыс батыр, Алшыннан — 
Темір бидің өзі мен Шалкиіз, Уақ пен Тарақтыдан Жаубасар, Асылкерей батырлар 
мен Борық би келді. Бұлардың әрқайсысы ру басы, Қаптағайдан басқасы мыңды 
айдаған шонжарлар. Әр ру басының қасында, өзінің қарамағындағы кіші 
тарамдарының ондаған би, батырлары бар. Үйсін Қылышбай, Қара Оспан 
батырлардың жанында Албан, Суаннан шыққан бірнеше заржақ ділмар, шешен, 
көсемдер келген. 


231 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет