Әдеби KZ әуенге сай Қотан жырау қобызын осып-осып аңыратып кенет жас күндегідей
жігерлене толғады.
«... Уа, жігітләр, жігітләр,
Жалаңғаш жерде жауға шап.
Осынау жалған дүниеде
Ажал житмай өлмек жоқ».
Жырау даусы, шаба келе қызған жүйріктей, енді шарықтай түсті. Ұйып тыңдаған
ақсақалдар қазір қан майданда шешілгелі тұрған қазақ хандығының тағдыры
естерінен тіпті шығып кеткендей, бастарын жерден алмай, тапжылмай тыңдауда.
Жоқ, бұлар жаңа ел болып келе жатқан халқының тағдырын ұмытқан жоқ. «Сонау
айқас немен тынар екен?» деп іштері алай-түлей. Әрқайсысы бір тайпа елдің
қалың қолын басқара алатын сонау қалың қабақты, түкті білекті батырларға сену
өте орынды. Қыран балапандарын өмір арпалысына дайындағанда, ең алдымен
қоянға емес, қасқырдың бөлтірігіне түсіріп үйретеді екен. Жәнібек те сол қыран.
Қанатының астындағы батырларын бірден ең ауыр сынға шынықтырмақ. Ел
болғылары келсе, өздерін-өздері қорғай білсін!.. Бүгін бастары бірігіп, жауына
қарсы тұра алмай, ала ауыздық не қорқақтық көрсетсе, ертең быт-шыт боп,
көрінгеннің табанының астында кетеді. Ал бүгін ел намысын — ер намысын
қорғай алса, ертең тастан берік бірлескен жұрт болады. Құрыш отта асылданады,
халық күресте шынығады.
Жәнібек қанша қобалжыса да сабыр тұтты. Ол ру бастықтары батыр, билердің
хан әмірін орындау үшін емес, ауыз бірліктерін айғақ етіп, жауына өз беттерімен
қарсы шыққанын көргісі келді. Хан ақылы емес, халық ақылы шешсін деді
халқымыздың болашақ тағдырын.
Жәнібек қазақ хандығының тағдыры шешілетін мұндай қысылтаяң мезетте сап
алдында болмай, кәрі-құртаң ақсақалдар қасында қалуын кейбіреулердің қылмыс