Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет229/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жазбай, садақ оғы жететін жерге кеп, аттарының қарқынын басып сәл аяңдай 
жүріп шоғырлана тоқтады. Бұл кезде Шайх-Хайдар әскерін, бүйірлей қоршап 
Найман, Керей мен Арғын, Қыпшақ қолдары да батырлар тұрған төбеге жетті. Екі 
жақ әудем жерге кеп қарама-қарсы тұрды. Енді қазақ батырларының тобы емес, 
Шайх-Хайдар әскері қоршауда қалатын тәрізді. Күш қазақ жағында басым. Бірақ 
бірде-бір рет жауынан беті қайтып, тауы шағылып көрмеген «Хан әскері» кейін 
шегінетін түрі жоқ. Көк найзаларын қазақ жігіттерінің кеуделеріне бір сұқпай 
мауқы басылар емес. 
Кенет Шайх-Хайдар шебінен жал-құйрығы жерге төгілген, нардай ақал-теке 
арғымақ мінген, үстінде қара сауыты бар Қарашың батыр ойқастап ортаға шыға 
берді. Ол күндерде соғыс жүргізу тәсілі екі түрде болатын. Бірі жауын қапыда бас 
салу да, екіншісі қан майданда бетпе-бет кеп ашық ұрысу. Мұндай жағдайда ең 
алдымен жер белгіленіп, майдан ортасына батырлар жекпе-жек шығып ұрысады. 
Екі жақтан жекпе-жекке шыққан батырларға ешкім болыспайды. Қайсысының 
күші басым болса, сол жеңеді. Кейде жекпе-жек айқас екі жақтан батырлар 
табылғанша созылады. Кейде жекпе-жекке шыдай алмай, жаудың бір жағы ат 
қойып, ұрыс ашып жібереді. Бұл үлкен айып болып саналады. Артынан бітімге 
келгенде бұл кінә еске алынады. 
Қарашың батыр қара арғымағының үстіне анандайдан қара шыңдай боп 
майдан ортасына кеп, айбарлы үнмен айқай салды. 
— Шық бері жекпе-жекке! Жаныңнан безген қайсың барсың! 
— Мен бармын! 
— деді Қамбар батыр астындағы қара сирақ тұлпарын 
тебіне түсіп, алға қарай ұмтыла беріп. 
— Тоқта! — деп ақырып жіберді дәл осы сәтте шудалары жерге түскен аппақ 
бураның үстінде отырған Бұрындық. — Жол менікі! Аға тұрғанда іні алға шықпас 
болар! 
Аға бұйрығына іні көну — қазақтың көне салты. Қамбар батыр атын кенет 
тежеп тоқтай қалды. 


248 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет