Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет244/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қасымның осындай жағдайын білетін Жәнібек, баласымен әңгімелескенде 
әрқашанда бәйбішесі Жағанды ала отыратын. Ал Жәнібек соңғы кезде Қасыммен 
жиі кездесетін болды. Оған себеп — ханның өзге ақылгөй үзеңгілес би, батыр 
серіктерінен гөрі, Қасымның қиын мәселелерде әкесіне анағұрлым дұрыс кеңес 
беруінен еді. 
Күндегі әдеті бойынша, шаңқай түс шамасында хан Ордадан шығып, бәйбішесі 
Жағанның оқшаулау тігілген, шағаладай аппақ екі кигіз үйден кіндіктесе көтерілген 
ақ ордасына беттеді. Бұл кез көктем бітіп, жаз жадырай бастаған мезгіл еді. Хан 
Ордасы Сарысудан Ұлытау етегіне көшіп келген. Әлем сандықтан күн көзіне алып 
шыққан жанат ішіктей құлпырады. Жаңа көтерілген көк балауса жасыл шалғын 
көкірегіңді жарғандай жұпар аңқиды. Тау қойнауынан төмен қарай сарылдай 
аққан мұздай бұлақтардың мөлдір суы күн сәулесімен шағылысып, жерге тастаған 
күміс белбеудей жалт-жұлт етеді. Бұлақ жағаларында бұйралана өскен құба 
талдың басына қонып алып, бұлбұл құстар не бір тәтті әуенге сап ән шырқайды. 
Жәнібек әлемнің осынау бір ғажайып суретіне сұстана қарап сәл кідірді де, ақ 
орданың есігін ашты. Ханның келетінін күтіп, үйдің ортасындағы қызғалдақтай 
кілем үстінде алтын шарадағы уыз қымызды сапырып отырған Жаған түрегеліп, 
иіліп сәлем етті. 
— Арсың ба, Жаған бикем? 
— Барсың ба, хан ием. 
Есік алдына күмістенген кебісін тастап жатып, хан әйеліне сұқтана қарады. 
Жаған қара торының сұлуы еді. Сұңғақ бойлы, оймақ ауыз, көген көз. Екі бала 
тапса да қыпша белі әлі де жіп-жіңішке. Қақтаған алтыннан жасалған ауыр 
шолпысы жерге тартып тұрғандай, білектей етіп өрген қос бұрымының ұшы 
шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гауһар таспен безеген 
қызыл мауыты сәукелесі, аш белін қынаған алтын оқалы қызыл бар- 
қыт камзолының түсін ашқандай жарасып тұр. Жаған иген басын әлі жоғары 
көтерген жоқ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің 


263 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет