Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет246/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жәнібек Домбалықтың атақты сұлуы Аққозы осы екеніне шек келтірмеді. Енді ол 
қалған қыз-келіншек арасынан Аққозының сіңлісі Жаған бикені іздей бастады. 
Былтыр Аққозыға құда түсе келген Әбілқайыр адамдарынан Жағанды Аққозыдан 
сұлу болмаса, кем емес деген лақапты естіген. Қарсы алдында тұрған қыз-
келіншектің ішінде Аққозыға көркемдігімен пара-пар келетін ешкім көзіне түсе 
қоймаған соң, «Жаған мұнда жоқ екен!» деген. Неге екені белгісіз, Жаған 
Аққозыдан да асқан сұлу болуға тиісті деген ойдан ол арыла алмаған. Қайткенмен 
де Жағанды тезірек көруге құмарлана асыққан. Бірақ Жаған көзге түспеді. Тек 
қонақтарға ауыл кәдесін істеп, кешкі ойын-сауыққа кірісер алдында ғана 
Домбалық батырдың екінші қызының жылқы бағуға кеткенін білді. Қазақ 
руларының ғұрпы бойынша көне заманда жылқы бағу тек жылқышылардың ғана 
борышы емес, қыз-бозбаланың да шаруасы. Жасыл шалғынды ми далада, жаздың 
жылы айлы түнінде қыз-бозбала болып жылқы күзету — қазақтың ескі салтының 
бір қызық дәстүрі. Кең алқапта үйір-үйір боп бытырай жайылған қалың жылқы. 
Сол қара-құрым жылқыны екеу-екеуден серік боп, ән шырқап айнала жүрген қыз-
бозбала. Қос жанында тай қазанда былқылдай қайнаған құлынның уыз еті. 
Үйірінен бөлініп кеткен саяқты іздеген боп сайға түсіп бара жатқан, сойылын 
сүйреткен бозбала. Арғы беттен астындағы жорғасын жанындағы серік қызына 
ұстатып, төмен қарай асыға аяңдаған үкілі бөрікті, былқ-сылқ басқан жас сұлу... Бұ 
да бір қызық заман! Жақсы көрсең де келмейтін, жек көрсең де оралмайтын, 
біржолата мәңгі өшкен алтын дәурен! 
Жолдан шаршап келгендеріне қарамастан жігіттер түнімен алтыбақан теуіп, ән 
салып көңіл көтерісті. Әзіл-қалжың, айтыс, қазақтың көне заманындағы сауықтары 
«Түн қату», «Түйе жығу» секілді сан алуан ойындарын ойнап, таң шапақтап ата 
бастары жастыққа тиді. Ойын-сауық ертеңіне тағы басталады. Күрес, сайыс, 
көкпардан кейін кезек жамбы атуға келді. Міне, осы ойын кезінде Жәнібек сұлтан 
Жаған бикені көрді. Келген қонақтар мен ауыл жастары бәсекелесіп жамбы атып 
жатқан. Бақан басындағы қадаға ілген күміс жамбыны бір жүз қадам жерден екі 


265 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет