Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет254/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Иә, апа. 
Жаған кенет қабағын шыта қалды. 
— Жоқ, оларың болмайды! 
— Неге, апа? 
— Аққозы марқұм екеуміз бір ана, бір әкеден тудық. Апалы-сіңлілі екі адамның 
балаларына бірін-бірі кескілердей не жетпейді? Атақ па, бақ па? 
— Жоқ, апа, мен атақ, бақ үшін қан майданға шықпаймын. Мені ажалға айдап 
салар халқымның жағдайы, болашағы. Біздің заман қасқырлар заманы. Кімде-кім 
өзгеге үлесін жібермесе, тартып-жұлып өзінің тиесісін ала алса, соның қолында бұ 
жалғанның тірегі. Соның ғана сұм дүниеде тіршілік сүруге қақы бар. Егер біз 
өзімізді Әбілқайырға талауға берсек, ертең құл боламыз, жерімізден, елімізден 
айрылып, тарих бетінде мәңгі жоғалып кетеміз. Ал жаныңды құрбан етіп 
алыспасаң, болашақ ұлы айқастарда құрып кету оңай. 
— Құрымаудың жалғыз жолы тек майдандасу ма? Жылы-жылы сөйлесе жылан 
інінен шығады. Сойыл ала жүгіргенше, жылы сөйлесіп, марқұм Аққозы бикенің 
атасымен де, балаларымен де тіл табуға болмай ма? 
Анасы мен баласының сөзін үнсіз тыңдап отырған Жәнібек басын көтерді. 
— Әбілқайырмен және оның ұрпақтарымен тіл табу — олардың айтқанына 
көну деген сөз. Айтқанына көнсең сол күні қаныңды ішеді. 
— Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасымжанның қанын ішпейді. 
Былтыр аналары Аққозы қайтыс боларда екеуінің де берген анттары бар... 
Былтыр Күзтоқсанның басында Жаған Аққозы хал үстінде жатыр деген хабар 
алып, Қараталға көшіп бара жатқан бетінде Яссыға бұрылған. О кезде қандай 
өшпенділік болмасын, мұндай қайғылы жағдайда ресми қатынасқа жол берілетін. 
Бірінің адамына бірі тимейтін. Аққозы ханым Мұхамед-әкім эль Таразидың 
тойынан кейін, екі баласының даңқына көз тимесін деп, пітір беріп құран оқытуға 
Яссы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидың мешітіне әдейі арнап келген-ді. Атақты 


274 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет