Әдеби KZ қылмысқа айналдырды. Бұл Жәнібек баласының ұғымы бойынша кешірмес айып.
Ондай адамға жақсылық етуге болмайды.
— Осы кезде Жәдіктің сөзі Қасымның ойын тағы бөліп кетті.
— Он шақты күн болды, Созаққа Темір би келген.
— Төсек тартқан ауру деуші еді ғой жұрт.
— Ауру... Бірақ атқа өзі мініп, өзі түседі.
— ә... Ә...
— Махмуд-Сұлтанның қашып кеткенін, Бұрындық көкем батыр Саяннан
көреді...
— Ау, өзі ажал тапқан адамды қалай кінәлауға болады?
— Бәрібір, өзін де қорғай алмаған, Махмуд-Сұлтанды да қашырып алған батыр
Саян кінәлы дейді.
— Естімеген сұмдық елде көп. Иә, сосын?
— Сосын... Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегімді зар жылатып, балаларынан айырып,
Темір биге беріп жібермек боп жатыр. Әкең Әбілқайыр мен байың батыр Саянның
жазығы үшін дейді.
— Ау, Темір би өзі ауру. Өзі пайғамбар жасына таяп қалған кәрі емес пе еді? әлі
уытынан қайтпаған Гүлбаһрам-Патшайым сұлуды қайтеді?
— Келгенде Темір би ат үстінен әзер түскен қаусаған шал көрінген, Гүлбаһрам-
Патшайымды береміз дегеннен бері жасарып кеткендей аяғын алшаң-алшаң
басады... Атасы Қазы биді Әбілқайыр өлтірген, енді қызын алып, кегін қайырмақ
деседі жұрт... Алғашқы кезде жұрттан қаймығып, бас тартқандай еді. Ашуға
мінген хан көкем «жесір сенікі» деп қоймаған соң әбден малданып алғандай.
Батыр Саянның тұңғышы, ер жетіп қалған Аян шешесін еріксіз Темір биге береді
дегенді естігенде, «мен оны жарып өлтірейін» деп қолына қанжарын ала ұмтылып
еді, хан бұйрығымен бес күннен бері зынданға жатқызып қойды. Қалың
Алшынның ардагері Темір биге қол көтердің деп, кеше хан-көкем оны дарға асып