Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет288/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   316
 
 
— Сосын дейсің бе? Сосыны қиын боп тұр ғой. Егер алда-жалда Махмуд-Сұлтан 
қашып кетсе, мен сендердің қас жағыңның адамы болып шықпай- 
мын ба? 
— Сен Махмуд-Сұлтанды қашыр-қашырма, Мұхамед-Шайбанидан адал 
екеніңді білемін. Сол адалдығыңа кір келтірмес үшін, бар қолыңнан келеріңді 
аямайтыныңа да сенемін. Соны білгендіктен осы қиын істі әдейі өзіңе тапсырып 
отырмын. 
— Менің ерлігімді, адалдығымды бөтен іспен сына... Әлі де болса бұны басқа 
адамға тапсыр. 
— Басқа адамның ыңғайы жоқ. Ең сенерім өзіңсің. Сенің жақын адам екенің 
тұтқынға аян. Кесірлік істемейді, айтқаныңа көнеді. Көнбесе көндір. Түбі біз оны 
ажалдан алып қалып, еліне қайтаруымыз керек. 
— Онда неге қашырып жібермеймін? 
— Қашыруға болмайды. Бұрындық оны менен көреді. Махмуд-Сұлтанның 
тағдырын Хан Кеңесі шешсін, Хан Кеңесі ажалға қимас... 
— әрине, мұндай жағдайда күні бұрын Махмуд-Сұлтанға да сыр бермеуім 
керек болар... Хан Кеңесінің аты Хан Кеңесі, сен құтқарғың келгенмен, ол қалай 
шешеді. Бұрындықтың да айтқаны өтіп кетуі ғажап емес қой! 
— Иә, ал өзіңнің бар борышың — біз Отырардан қайтқанша Махмуд-Сұлтанды 
аман сақтау. 
Саян жымиып күлді. 
— Оңай борыш екен! Жақсы, қолдан келгенін аямаспын. Қашан жүрейін. 
— Бүгін. Сақтықта қорлық жоқ, Махмуд-Сұлтанды кісендеулі ұстарсың. 
— Жақсы. 
Сол күні түнде қол-аяғы кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Созаққа жүргізіп жіберді 
де, ертеңіне Бұрындық пен Қасым қалың әскерін соңдарынан ертіп Отырарға 
аттанды. Бұдан екі тәулік бұрын Мұхамед-Шайбани тыңшылары арқылы 
Бұрындық ханның Отырарға аттанғалы жатқанын естіген. «Тоқал ешкі мүйіз 


309 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
сұраймын деп құлағынан айырылыпты» дегендей, Яссыны аламын деп жүргенде 
өз бекінісімнен айырылып қалармын деп, жедел жүріп Отырарға жетіп үлгірген. 
Отырардың бекінісі Яссыдан да берік соғылған. Қаланы қоршаған биік қамал, 
етегінде терең қазылған жалпақ ор. Қамал шеттері, жоғарыдан садақ атуға 
ыңғайланып істелген үзеңгі тесік. Төмендегі жау садақ оғын қанша атса да ар 
жағындағы адамға тигізе алмайды. Үзеңгі тесікке дәл тиген күнде де, жуан қиғаш 
қабырғаның не төменгі, не жоғарғы жағына барып қадалады. Ал қамалды бұзу 
тіпті мүмкін емес. Биіктігі қырық, жуандығы жиырма құлаш, қаттылығы тастан кем 
емес сұр балшық шымнан құйылған... Бір жыл қаладан ешкімді шығармасаң да 
ішіндегі азық-түлігі жұртқа жетеді. Отын-суы да мол. Үй ара қазылған шыңырау 
құдық. Қамал тұрғындарына қарағанда сырттағы жаулап алуға келген Бұрындық 
пен Қасым әскерінің халі анағұрлым нашар. Қылтаңы жоқ құба жон. Көктен 
күйдірген күн, көріктей үрген ыстық жел. Дариядан бұрылған су да лайлы, ішсең 
таңдайыңа топырақ дәмі тұрып қалады. Шай қайнатсаң ғана сусынға жарайды. 
Оның үстіне осыншама әскерді ұстау үшін қаншама азық-түлік керек. Бір ай 
өткесін-ақ жұрттың елдеріне қайтқысы келе бастады. Бірақ бір беткей Бұрындық 
көнбеді. Қала ішіндегі жасырын адамдары арқылы Мұхамед-Шайбанидың 
әскерінің аз екенін бұрыннан да білетін. Ол енді қамалдың астын қазып, қалаға 
кіретін үңгір-жол жасатуға кіріскен. Бүгін-ертең бітіп те қалар. Ал қалаға бір кірсе 
болды, Мұхамед-Шайбаниды қолға түсті дей бер. Махмуд-Сұлтан тұтқында, енді 
Мұхамед-Шайбаниға қолы бір жетсе болғаны, қос бөрінің ыстық қанын бірден 
ішіп, жауынан кегін алмақ. Оларды өлтірсе жері кеңімек. Бірақ Бұрындықтың бұл 
ойы болмай қалды. Қазақ әскері жер астын үңгірлеп, өзімен өзі әлек болып 
жатқанда, Отырарға жәрдемге Ташкенттің әміршісі Сұлтан-Махмұд хан жіберген 
үш мың әскер келді. Бұл әскердің таң ата қаланың солтүстік қақпасынан кіріп 
кеткенін Бұрындық пен Қасым ертеңіне бір-ақ білді. Енді қамал астын қазудың бос 
әуре екенін екеуі де түсінді. Жер астымен кірген әскерді мына үш мың қол үңгір 


310 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет