Әдеби KZ алдында тұрып алып шыдатпайды, қанды босқа төгуден бөтен қазақ
жауынгерлерінің табар пайдасы жоқ.
Бұрындық бес мың қолмен сол күні Созаққа қайтып кетті. Бір жетіден кейін бар
әскерін жинап Қасым да қозғалды. Созаққа таяғанда алдарынан шапқыншы
көрінді. Бөрік астынан бөрі шыққан дүрбелең заман, «тағы не болып қалды?»
деп, әскер басында келе жатқан Қасым мен серіктері құйындата шапқан салт
аттыға қобалжи қарады. Сөйткенше болған жоқ, астындағы құладын бестісін терге
сабылта шапқыншы да келіп жетті. Қасымның кіші інісі Жәдік екен.
— Ассалаумағаликом, — деп ентіге сәлемдесті ол, астындағы атын тыпыршыта
ойнатып.
— Уағаликумассалам, — Қасым сәлем алды, — жарқыным, шабысың тым суыт
екен, ауыл-аймағың аман ба?
— Бәрі де аман... Тек бір болмашы жаман хабар жеткізгелі келіп тұрмын.
— Қандай хабар?
— Тас үйшіктен Махмуд-Сұлтан қашып кетті. Қасында бір күзетші серігі бар.
— Батыр Саян қайда еді?
— Жандарында ұйықтап кеткен батыр Саянды бауыздап қашқан.
Жәдіктің айтуынша оқиға былай болып шықты. Тас үйге қамалған қол-аяғы
кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Саян көзінің қарашығындай сақтайды. Сырт-
тағы күзетті былай қойғанда, біреу-міреу сұлтанды жазым етіп жүрмесін деп өзі
үнемі, бір Маңғыт жігітімен бірге, тас үйдің ішінде қонып жүреді. Махмуд-Сұлтан
батыр Саян жоқ кезде, сірә «сені жетістірем» деп Маңғыт жігітімен тіл тапқан
болуы керек, бір күні түнде батыр Саян ұйықтап кеткен кезінде, қатар жатқан
Маңғыт жігіті ананың тамағынан қанжарымен орып жіберіп өлтіреді. Сөйтет те тас
үйдің іргесін кісі сыятындай тесік етіп қазып, Махмуд-Сұлтан екеуі қашады.
Сыртқы
күзетшілер
үй
іргесінің
үңірейіп
жатқанын
тек
таң
ат-
қасын көреді. Жан-жаққа ат шаптырып, іздеу салады, бірақ қашқындар жер
астына кіріп кеткендей, үшті-күйлі табылмайды.