Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет92/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Хан кенет тоқтай қалды. «Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлудың қаны дәл осылай 
төгілсе, бұдан сауапты жаза бар ма? Атасы Ақсақ Темірдің әділетті заңы енді өзінің 
немере қызының басын алсын. Кек сөйтсе ғана қайтады!» Әбілқайыр бүгінге 
алғашқы рет езу тартты. 
Қазақ жеріне келген шапқыншылардың Шыңғысхан мен Батудан кейінгі 
«қылмыстыларға деген заң-ережесі» қанқұйлы қатты болғаны Ақсақ Темірдікі еді. 
Солардың ішінде әсіресе «Ана алдында қылмысты балаға, бала алдында 
күнәлі анаға» деген жаза тәртібі ерекше сойқан болатын. 
Бала алдындағы күнәлі ананың жазасын баласы айтуы керек. Іштен жарып 
шыққан, ақ сүтін емізген, бауыр етіндей тәтті баласы айтқан жазадан ауыр, одан 
артық жанына батар үкім бар ма? әсіресе, егер ана бала алдында жазықсыз боп, 
тек оны қанішер жаулары ұйымдастырса бұдан асқан қиянат табылар ма? 
Аяулы анаға, тіпті күнәсі болған күнде де, сол баланы өмірге әкелген, 
«құлыным» деп түн ұйқысын төрт бөліп аялай сүйген сорлы анаға, дәл мұндай 
сұмдық жазаны Ақсақ Темір қалай шығарған? Көреген 
1
деген атақты оған неге 
берген? 
Әбілқайыр дәл бұл сәтте қатал әмір-Темірдің шығарған жазасының қиянаттық 
жағын ойлаған жоқ, ол тек кегінің қайтуын ғана көздеді. «Анасының күнәсіне көзі 
жеткен баласы Сүйіншік өзі айтады Рабиу-Сұлтан-Бегімге өлім жазасын. Өзі болып 
бірінші тас атады... Содан кейін діншіл, қанішер мүрит, мүзәйімдер қарабет 
ханымды «лағнет» тасымен шөкелеп өлтіреді. Сонда ғана Рабиу-Сұлтан-Бегімнен 
қату боп байланған кегім қайтады. Жоқ, жалғыз ғана Рабиу сұлудан емес, сондай 
қыз тәрбиелеген бүкіл Ақсақ Темір әулеті қара жүз болады. Ақсақ Темір әулеті! 
Сол әулетке жиендік жағынан менің сүйікті ұлым Сүйіншіктің өзі де жатпай ма? 
Жатса мейлі! Шайбани тұқымы таза болу үшін, бұл арада таспейілдік жөн. 
Бастан құлақ садаға! Иә Рабиу-Сұлтан-Бегім осылай өлуге тиісті! Бұлай өлу тек 
әмір-Темірдің заңына ғана емес Мұхаммед пайғамбардың да шариғатына дәлме-
1
К ө р е г е н — Күрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген. 


100 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет