Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет95/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   316
Әдеби KZ
 
 
біріктірмеу керек. Ал біріктірмеудің жалғыз жолы баяғы бір кәрі амал — ажал... 
Түбірімен жұлынған шөп қана қайта өспейді. Құр үстін шабудың қажеті жоқ: Өзбек 
ордасы Ақ Ордаға айналмасын десең, Жәнібек пен Керейді түп-тамырымен құрту 
шарт, бірақ Арғындармен ымдас руларға сөзін өткізе алатын Дайырқожа — Ақжол 
би тұрғанда ол мақсатқа жету қиын. Ақжол би Жәнібек пен Керей үшін отқа күйіп, 
суға батуға бар. Иә, ең алдымен Ақжол бидің өзін... 
Әбілқайыр хан Ақжол биді жоқ ету — жатқан жыланның құйрығын басу екенін 
дәл осы сәтте есепке алған жоқ. Баяғы көкіректі жайлаған өшпендік уы, баяғы хан 
тағын қорғау қаупі тағы жеңді. Бірақ уәзірге ол: 
— Ең алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегім жайында айтылған әмірді орында, —деді, 
— Ақжол бидің тағдырын сосын шешеміз. 
Бақты-Қожа уәзір: 
— Құп, тақсыр, — деп орынсыз күмәнданғанына көзі жетіп, тәжім етіп үйден 
шығып кетті. Бірақ ізін ала қайта кірді. 
— Қара Қыпшақ Қобыланды сіздің алдыңызда бас имекші, — деді шығыс 
ғұрпымен орағыта сөйлеп. 
— Жақсы, кірсін, — деді Әбілқайыр, үре түрегелген иттердей өзіне тарпа бас 
салған қалың ойды қуа беріп. 
Иә, хан ойланатын іс қазір мол еді. «Өз әкесі Ұлықбекті өлтіріп, Самарқант әмірі 
болған әбдуәли-Латиф мырзадан кейінгі әміршісі Ақсақ Темірдің екінші баласы 
Шахрух мырза өзінің Әбілқайыр ханға бағынышты екеніне қарай, Үндістан мен 
Иракқа жорыққа шығыпты. Бұл қай саясаты? Үндістан мен Иракты өзіне қаратса 
күшейемін дегені ме? Иә, солай болар. Шахрух мырза күшейсе ең алдымен 
Әбілқайырдың құрығын үзуге тырысады. Жоқ, ол болмас. Шахрух мырзаны 
біржолата құрту үшін Самарқант билігін өз ұлдарымның біреуіне беру керек. 
Шахрухтың басын жоятын мезгіл жетті. Моғолстанның да қазір өрісі кеңіп алды... 
Исан Бұғы хан Жәнібек пен Керей сұлтандарға көңілдес. Бізбен кереғар. Бұл ханды 
да жөнге салар бір қайың құрық керек-ақ! Түбі Моғолстанмен бір айқасуым кәміл. 


103 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет