Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет93/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   316
Әдеби KZ
 
 
дәл... Туған анасын Сүйіншік сұлтан осылай жазаласа, осылай өлтірсе, түбі 
Сүйіншік сұлтан Көк Ордаға ие бола қалса, мәңгі-бақи нағашы жұртының 
ықпалынан кетеді. Алдағы уақытта олардан мүлдем алыстайды. Шайбани 
әулетінің Өзбек ордасындағы өмірі осылай таза сақталуы керек. Ал туған анасына 
мұндай жаза айтуға Сүйіншік көнбесе? Онда Күшкінші сұлтан бар емес пе? Жоқ, 
Сүйіншіктің үкімімен өлуі керек! Сүйіншік жалғыз менің ғана емес, Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің де ең жақсы көрер кенжесі! Жақсы көрер адамның сілтеген таяғы жау 
таяғынан анағұрлым ауыр тиеді». 
Әбілқайыр күміс қоңырауды қақты. Батыр Саяннан айрылып қалғаны үшін хан 
үкімін күтіп Оспан-Қожа дәйекші зынданында жатқан. Үйге Бақты-Қожа уәзірдің 
өзі кірді. 
Хан есік алдында әмір күтіп тұрған уәзірді жоғары жақтағы кілемнің үстіне 
апарып отырғызды. Әбілқайыр енді бүкіл Дәшті Қыпшақтың әміршісі емес, түнде 
үй тонауға шыққан ұрыдай сыбырлай сөйледі. Бақты-Қожа уәзір хан сөзін кейде 
естіп, кейде естімесе де, оның жұқа ернінің қимылдауынан, көзінде кенет жарқ 
ете қалған рақымсыз оттан Әбілқайыр ойының бәрін түсінгені көрініп тұр. «Дұрыс, 
хан ием, дұрыс!» деп кеудесінде тулай жөнелген қуаныш толқынын баса алмай, 
кенет дауыстап жібере жаздайды да, дер кезінде өзін-өзі әзер ұстап қалады. Жан-
жағынан діншіл, есуас топтың таспен шөкелеп жатқан Рабиу сұлудың қан-қан 
болған суретін бір мезет ол көз алдына елестетеді де, ішінен «Сол керек саған 
Темірлан қаншығы. Мені уәзір еткізбеймін деп бекер жанталаспаған екенсің, енді 
айыбыңның есесін өзім қайтарамын» дейді. 
— Анасының күнәкар екеніне баласының көзін жеткізу керек. Сөйткен күнде 
ғана өлім жазасын Сүйіншік сұлтанға айтқызған лауазым, — деп Әбілқайыр хан 
сыбырлауын тоқтатты. 
— Құп, тақсыр, әміріңіз орындалады, — деп уәзір басын иді. Сөйдеді де бұ да 
сыбырлады. — Рабиу ханым жазасын айттыңыз, ал Ақжол биді қайтеміз? Батыр 
Саянды қашыруда оның да күнәсі бар... 


101 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет