өзі де күтпеген бір “ М ен ” болып шыға келуі де ғажап емес. Адамда
қанш алықты қиын болса да өзінің өзгеше “мендігін” құрайтын мәнді
түтасымен түгел өзгертіп жіберуге мүмкіндігі жоғалмайды.
Бұл әри-
не, егер ол адам ретінде сақталған болса. Ол әркім нің өзіндік ішкі
дамуына байланысты. Егер адам өмірінің бастау алған сәтінен бастап
соңғы деміне дейін адамдық күйде түрып өзін тек өзі анықтауы мүмкін
болса, ол оны ң дүниедегі тағдыры деуге болар еді. Ф ранцуз ф илосо
фы әрі жазушысы Ж ан-П оль Сартр (XX г.), мысалы, осылай дейді4.
Мүны экзистенциализм бағытындағы баска да ойшылдар костайды.
Б ірак Сартрдың айтуынш а, адамның алдында үдайы жоғалмайтын
сауалды шешу адам үшін бүлжымайтын зандылыктай. Адам оны калай
да шешеді, шешпеуі мүмкін емес. Тіпті белгілі үйгарымға келмей,
әрекетсіздікті арты қ көрген кісіге де тап осы оны ң таңдауы болып
есептеледі. Яғни еркіндік бүл түрғыдан адамның мандайындағы жаз-
мыш тың жазуындай. Ал еркіндік,
біздіңше, онымен сиыспайды. Бірак
онда еркіндіктің бүлжымайтын, бүлтартпас кажеттіліктен қандай ай-
ырмашылығы бар? Еркіндік міндетті түрде іске асатын нәрсе болса,
оны ң адамның өзіне тәуелділігі қайсы? Яғни ол адамның өзіне бай-
ланыссы з, одан бүрын, немесе одан тыс ауқымда шешілетін түйін
болғаны да. Онда ол еркіндік емес немесе басқаша айтсак, ол онда
адамның еркіндігі емес. Баска бір күштің еркіндігі. Еркіндіктің ауқымы
тек субъектінің өзі шешетін түйіндерінің ауқымымен шектеледі. Ол
шексіз емес. Одан сырт нәрселердің бәрі қажеттіліктер дүниесі. Адам
дүниедегі барлы қ
проблемаларды шеше алмайды. Ол сонш алыкты
күдіретті емес. Адамның үдайы шешетін түйіні
әр сәтте, әр ахуалда
адам болып калу немесе кала алмау, шын мәнділікті іздеу немесе
одан ауытқу, қүндылыктарды қастерлеу, корғау немесе одан айрылу.
Адамдар мәнділіктер мен күндылыктарды әртүрлі түсіне береді және
де объективтік, жалпы ш ын мәнділік те,
ақиқат мәнділік те болуға
тиіс дегенбіз. Яғни, іздеу жолында олар көп жағдайда адасады екен.
Тіпті философиядағы негізгі, қосалқы бағыттар мен ағымдардың өздері
үдайы осы жөнінде айтысып келеді. О ның себебі бірден бір акикат
мәнді табудағы ауыткушылықтар гана емес, сол еркіндіктін жолда-
ры ны ң өзі де көп болатындығында ж әне тарихта өзгеріп, жаңарып
отыруында.
Көп түрлі мәнділіктердің бәрін қамтитын түпкілікті мән, ол -
еркіндіктің өзі болуға тиіс. Яғни, әрбір адам өмірінде оны ң барлык
жеке, накты талпыныс, кызметтерінің түпкі негізінде үнемі
еркіндікке
талпыныс жатуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: