Филологические науки



Pdf көрінісі
бет17/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

Қарақұрт
– елімізде улы жәндіктер атауы дегенде үлкеннің 
де, кішінің де есіне жыланнан кейін бірінші болып түсетін қауіпті 
жәндік атауы. Ырымшыл қазақ халқы “қарақұрт шағыпты” дегеннің 
орнына “қарақұрт тиіпті” дейді. Бұл – атын атаса жәндіктің уы бойға 
тез тарайды деген түсініктен туса керек. Қарақұрт уына адамдар мен 
түйелер өте сезімтал келеді. Ал қой мен ит қарақұрттың уын мүлде 
сезбейді. Бұл жәндіктің шағу қаупі маусым және шілде айларына 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
20
сай келеді. Қазақ халқы үшін бұл кез жайлауға шығатын, малды 
өріске жаятын нағыз науқан кезі. Сондықтан малшылар қарақұрттан 
сақтанудың халықтық шараларын қолданған. Ол үшін қоныстанатын 
жерінен қой отарын бірнеше рет әрлі­берлі айдап өтетін болған. Сонда 
қой қарақұртты теріп жеп қояды екен. Қарақұрттың уы жыланның 
уынан 15 есе күшті болады. Әрі оның уы жүйке жүйелеріне жылдам 
әсер беріп, тез арада өлтіріп жібереді немесе аяқ­қолын қимылдата 
алмайтын сал етіп тастайды екен. 
Халықтың дүниетанымынан туындаған қарақұрт атауы оның 
сыртқы келбеті мен түсіне қарай қойылған. Қазіргі тілдік қолданыста 
жиі кездесетін “қарақұрт екен”, “қарақұрттың нақ өзі” деген тіркестер 
– адамға берілетін жағымсыз мағынадағы бағалауыштық қолданыстар. 
Қи қоңыз
– қидың астынан ін қазып, жұмыртқаларын қидың 
ортасына салатын, қида тіршілік ететін қоңыз түрі. Осы ерекшелігіне 
орай халық оны “қи қоңыз” деп атап кеткен. 
Өлексе қоңыз
– өлексе жейтін пайдалы қоңыз. Өмір бойы өлексе 
жеумен халық көзіне ілінген бұл қоңыздың осылайша аталуы бекер 
емес. Ол жер бетіндегі өліп қалған өлексе шыбын, шіркейлерді, т.б. 
жәндіктерді жеп немесе жерге көміп, жер бетіне ұнамсыз иістердің 
таралуына жол бермейтін, жұқпалы аурудың таралуына кедергі 
келтіретін пайдалы қоңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет