Филологические науки



Pdf көрінісі
бет19/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

Бит тағалады
– асқан шебер.
Бит терісінен биялай тоқыды
– жоқтан бар етті, ұқсатты. 
Биттің қабығындай
– өте жұқа. 
Бит шаққандай болмады (көрмеді)
– бұйым көрмеді, елемеді. 
Биті балағына түскен
– нағыз жарлы, кедей. 
Битін салды (төкті)
– ашқарақтанды, құныға жеді. 
Битін сығып, қанын жалады
– жарымады, жалаңдады. 
Биті торғайдай, мойны ырғайдай болды 
– жадап­жүдеді, азып­
тозды. 
Бит ішіне қан құяды
– өзгенін білмегенін білетін айлакер. 
Жәндік атауларына қатысты халықтың таным­түсінігінен, өзіндік 
байқағыш, сезгіш қабілеттері негізінде жинақталған мәліметтерін тілге 
тиек етуінен ұлттың мәдени, рухани болмысын, өмір сүру қалпын, 
айнала қоршаған дүниемен тілкелей қарым­қатынасын аңғаруға 
болады. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы 
табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде 
жәндіктердің тіршілік тынысын, олардың бір­бірінен айырмашылығын, 
мекендейтін орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы 
табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық 
ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. 
Кейбір жәндіктерді киелі, қасиетті деп санаған немесе кесірі тиеді 
не киесі ұрады деп сенген. Мысалы, 
жыланды 
– 
қыбыр, ұзынқұрт, 
түймебас
, т.б. деп атаған. Қазіргі кезде жәндіктердің көне атауларының 
біразы ұмытыла бастаған. Мысалы, 
маңқұс, құртқа, мәлике
атаулары 
жергілікті аймақтарда ғана қолданылады (Шығыс Қазақстан, ҚР).
Қазақ мәдениетінде айрықша қадірленетін кейбір тіршілік иелері 
“киелі” деп есептеліп, оларды өлтірмей, ырым жорасын жасап, “адам 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
22
баласына байлық пен береке, бақыт әкеледі” деп ұғынылатын түсінік 
бар. Халқымызда киелі жәндіктерге 
құмырсқа, өрмекші, дәуіт, тасбақа
жатады. Бұндай наным­сенімдер діни ұғымдармен тікелей байланысты. 
Мысалы, өрмекші Мұхаммед пайғамбарды жаудан құтқарса, дәуіт 
құс ұясындағы жазықсыз қызыл шақа балапандарды жыланнан 
құтқарушы. Жануарларды киелі деп санап, оларға бас ию, құрметтеу 
тек қазақ мәдениетінде ғана емес, басқа ұлттарда да кездеседі. Мысалы, 
Африка халқы 
– ірбісті
, үндіс тайпалары – 
құндызды
, еуропалықтар 
– 
дегелекті
, славяндар – 
көгершінді
, түріктер – 
жылқыны,
үнді халқы 
– 
сиырды,
тибеттіктер – 
итті,
қырғыздар – 
бұғыны,
мысыр халқы – 
скарабей қоңызын
киелі деп санайды. Қазақ халқында жануарлардың 
ішінде ең киелі деп 
киікті 
атайды. “Киіктің киесі бар, иттің иесі 
бар, қасқырдың тәңірі бар” деген мақал­мәтел соның айғағы. Киелі 
жанураларды “атуға, аулауға болмайды, оның киесі ұрады, кесіріне 
жолығасың” деп қастерлейді. Сондықтан үлкендеріміз: аққуды атпа, 
құндызды аулама, өрмекшіні өлтірме, ұларды шулапта, құмырсқа 
илеуін бұзба, тырнаға тиме, – деп, кейінгі жастарға ескертіп жатады. 
Ал кейбір халықтар киелі жануарларды өзінің ата тегі деп есептеп, 
оларды аса құрметке бөлейді. Мысалы, үндістер өздерін 
құндыздан

қырғыздар 
бұғыдан,
көне түркілер 
көк бөріден
жаратылғанбыз деп сол 
жануарға табынады. Киелілік, тіршілік иелеріне бас иіп құрметтеу – 
ұлттық мәдениеттің бір нышаны.
ӘДЕБИЕТ
[1] Снасапова Г.Ғ. Мүсіреповтің “Ұлпан” повесіндегі лингвомәдени бірліктер: 
филол. ғыл. канд. … дис. – Алматы, 2002. – 147 б.
[2] Ислам А. “Өмір” концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени сараптама 
// Тілтаным. – 2003. – № 5.
[3] Жұмағұлова Ж. Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік атаулардың лингвомәдени 
сипаты: филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2006. – 112 б.
[4] Оспанова Ф. Фразеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі: филол. 
ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2006. – 129 б.
[5] Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері: 
филол. ғыл. докт. ... дис. – Алматы, 2006. – 243 б.
[6] Сейілхан А.Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық 
мәні: филол. ғыл. канд. ... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2001. – 140 б.
[7] Маслова В. Лингвокультурология. – М., 2004. – 202 с.
[8] Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и 
лингвокультуро логический аспекты. – М., 1996. – 342 с.
[9] Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). – М., 1997. – 370 с.
[10] Тіл мен мәдениет // Әлемдік мәдениеттану ой­санасы. – Алматы, 2005. – 
Т.VI. – 568 б.
[11] Бенвенист Э. Общая лингвистика. – М., 1974. – 447 с.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
23
[12] Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына 
салыстырмалы талдау: филол. ғыл. канд. … дис. – Алматы, 1998. – 126 б.
[13] Маслова В.А. Эспериментальное изучение национально­культурной 
специфики внешних и внутренних качеств человека // Этнопсихолингвистика. – М.: 
Наука, 1988. – 192 с.
[14] Плужаров О. Культурный компонент в семантической структуре слова кум 
в русском и сербском языках // Язык и культура: Матер. международ. конф. – Киев, 
1997. – 356 с.
[15] Ахметьянов Р.Г. Сравнительное исследование татарского и чувашского 
языков: Фонетика и лексика – М.: Наука, 1978. – 248 с.
[16] Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы: филол. ғыл. докт. 
... дис.: 10.02.02. – Алматы, 1997. – 282 б.
[17] Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы, 2005. – 824 б.
[18] Тоқхожаева О. Қазақ тіліндегі жан­жануарлар лексикасы: филол. ғыл. канд. 
... дис.: 10.02.06. – Алматы, 1991. – 147 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет