Тірек сөздер:
жәндіктер, атау, уәж, линггвомәдениеттанымдық мәні, сыртқы
бейнесі, түртүсі, қимылқозғалысы, қызметі мен өмір сүру тіршілігі, қоршаған орта,
тигізер пайдасы мен зияны, мекендейтін орны, дәуіт, қоңыз, жылан, құрт және т.б.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
12
Аңдатпа.
Мақалада қазақ тіліндегі жәндік атаулары жинақталып, олардың
лингвомәдениеттанымдық мәнмағынасын ашып, уәжін анықтап, атаудың берілу
себептерін талдаған. Жәндікке берілген халықтық атаулардың уәждемелері,
біріншіден, сыртқы дене бітіміне, түртүсіне байланысты болса, екіншіден, жәндіктің
баяу немесе шалт жасайтын қимыл әрекетіне: жорғалау, секіру, өрмелеу, ирелеңдеу,
бұралаңдау, бүкшиген, балпаңдаған, бүріскен, т.б. қозғалыстарына байланысты
болады. Үшіншіден, оның өзіне тән қызметі мен өмір сүру тіршілігіне, қоршаған
ортаға тигізер пайдасы мен зиянына байланысты да атау беріледі. Төртіншіден,
мекендейтін орнына, ұрықтанатын, тіршілік ететін ұясына сәйкес ат қойылғандығы
жайлы жазылған.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ғылымдарының
сабақтастығы. Лингвомәдениеттану этнолингвистиканы жалғасы
іспеттес. Өйткені этнолингвистиканың қарастыратын мәселесі – этнос
тіліндегі көне атаулар мен байырғы мәдени құндылықтар атауының
мәнмағынасын ашу, уәжін анықтау, атаудың берілу себептерін талдау.
Яғни этнолингвистика дегеніміз – көне этнографизмдерді диахрондық
тұрғыдан зерттеу болып саналады. Ал лингвомәдениеттанудың басты
мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтардың қазіргі өмірдегі қолданысы
қандай, бастапқы мағынасы бұзылмай, сол қалпында сақталып келе
жатыр ма, болмаса басқа мағынадағы жаңа қолданысқа түсіп, көненің
маркерлік сипаты ғана қалған ба? деген мәселелерді шешу. Сондай
ақ, лингвомәдениеттану материалдық және рухани құндылықтарды
білдіретін сөздердің мәдени фонына, оның тұрақталуына, қолданылу
аясына, тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қор құрамында жиі
жұмсалуына себепші болатын ұлт санасында сақталу ерекшеліктерін
тікелей адамның танымтүсінігімен, адамның қабылдау, жадыда терең
түю қасиеттерімен сабақтастыра зерттеуді көздейді.
Қазіргі кезде қазақ тіл білімінде номинативті атаулардың
лингвомәдени сипатта зерттелуі кең етек алды, соған орай зерттеудің
ғылыми әдістемелік негізі де күшейе түсті. Ондай еңбектерге,
Г. Снасапованың “Ұлпан” повесіндегі лингвомәдени бірліктерді
ғылыми негізде талдап көрсетуге арнаған еңбегін [1], А. Исламның
“Өмір” концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени тұрғыдан
сараптама жасаған еңбегін [2], Ж. Жұмағұлованың қазақ тіліндегі
этноәлеуметтік атаулардың лингвомәдени мәнін анықтайтын еңбегін
[3], Ф. Оспанованың фразеологизм уәждемесін лингвомәдени аспектіде
зерттеуге арнаған еңбегін [4], Б. Тілеубердиевтің қазақ жалқы есімдерін
қалыптастыруды лингвомәдени аспектіде зерттеуге негізделген
еңбегін [5], А.Қ. Сейілханның “Қазақ тіліндегі этнографизмдердің
лингвомәдениеттанымдық мәні” [6] атты, Ф.М. Әшімханованың
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
13
“Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі” атты еңбектерін
жатқызуға болады. Сондайақ, осы қатарда Б. Ақбердиеваның
“Лексикафразеологиялық жүйедегі мифтіктанымдық құрылымдар”,
Ш. Елемесованың “Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің
релеванттары”, М. Күштаеваның “Тары” концептісінің семантикалық
құрылымы мен лингвомәдени мазмұны” еңбегін, Ж.Ә. Акимишеваның
“Оюөрнек атауларының уәждемесі және таңбалық табиғаты
(лингвомәдени аспект)”, Ф.Ш. Оразбаеваның “Тілдік қатынас негіздері”,
Қ.Б. Қасымның “Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы
аспектісі” атты еңбегін атап өтуге болады. Лингвомәдениеттанымдық
тұрғыдан алғанда, тіл тек қарымқатынас және танымдық қызмет
атқаратын құрал ғана емес. Ол ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан
құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат. Лингвомәдениеттану
ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде де танылады.
Адамға интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын
аса мол әрі алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Бұл
ақпараттар санаға концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым
белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі
болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес
белгілерін де қамтиды.
Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен,
бірбірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе.
Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне
әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті
екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады.
Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің
өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз. Оның түпкі тамыры сол тілде
сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті
өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты.
Сондықтан да ұлттық тілді халықтың мәдениетімен біріктіре қарау
мәселесі лингвомәдениеттану ғылымының тууына себепші болды. Бұл
бағыттың іргетасы В фон Гумбольдт, Я. Гримм, Ф де Соссюр, Р. Раск,
Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Г. Штейнталь еңбектерінде қаланғаны
белгілі. Аталған идеяны әрі қарай орыс ғалымдары В.А. Маслова, В.Н.
Телия, Е. Верещагин, В. Костомаров, В. Воробьев, А. Арутюновалар
жалғастырды.
Лингвомәдениеттану – латынның Lingua – тіл, Gultura – мәдениет,
Logos – ғылым деген сөздердің жиынтығынан құралып, тіл мен
мәдениеттің тоғысуынан пайда болған ұғымдарды зерттейтін ғылым,
– деген ұғым береді.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
14
Ғалым
В.А.
Маслова
оны
былайша
анықтайды:
“Лингвомәдениеттану – халық мәдениетінің тілде көрініс табуын
зерттейтін мәдениет пен тіл білімі тоғысуынан туындаған ғылым” [7,
8б.]. В.Н. Телия: “Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы
мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін
және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі” [8, 217 б.], –
десе, В.В.Воробьевтің пікірінше, лингвомәдениеттану – тілдік немесе
тілден тыс тұтастық құрамындағы бірліктің мәдениетті таныта білу
деңгейін зерттейтін кешенді ғылыми пән [9, 37 б.].
Адамзаттың тіршілігі – мәдениеттің әлемі екені белгілі. Әрине,
тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз. Өткені
ол әлемнің бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке
жеткізуші ғана. Алайда тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани
аламыз деп есептеу де қате болған болар еді. Шын мәнінде, нақтылы
әлем тілдік нормалар негізінде жасалады. Адамның қандай да
бір құбылысты әрқалай көруі, қабылдауы тілдік нормалардың өз
көрінісінің формасына сай болуымен байланысты.
Тіл мен мәдениет – адамдардың коммуникативті байланыс жасасып,
мәдениет кеңістігіндегі бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін
құралдар мен таңбалар, мәтіндер. Мәдениет тілі – бұрын болған не
жаңадан пайда болатын түсініктер, ұғымдар, бейнелер және мағынаны
жеткізуші басқа да осы тектес мәндік құрылымдар ұйымдасатын
нақтылықты түйсінудің әмбебеп формасы болып табылады [10].
Тіл кез келген таңбалық жүйе сияқты бір нәрсенің екінші нәрсемен
алмасуына және олардың арасындағы байланысты тұрақтандыруға
негізделеді. Тілді таңбалық жүйе ретінде қарастырған Э. Бенвенист
мәдениеттегі тілдің орны туралы былай деп жазды: “Біз үшін тіл
құрылысы жағынан да, қызметі жағынан да бір мезетте семиотикалық
болатын жүйенің бірденбір мысалы бола алады. Тіл кез келген
семиотикалық жүйені жасау үшін үлгі боларлық әмбебеп семиотикалық
матрица болып табылады. Тілсіз адамды елестету мүмкін емес. Әлемде
тілі бар адамдар ғана, басқалармен сөйлесетін адамдар ғана өмір
сүреді. Сондықтан тіл міндетті түрде адамның анықтамасына жатады”
[11, 13 б.].
Демек, мәдениет тілге қатыссыз болмайды. Тіл – мәдениеттің
өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан
алғанда тіл мен мәдениетті бірбірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас
бір дүние деуге болады.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
15
Тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау,
жарыққа шығару қасиеттерін анықтайтын арнайы ғылым керек. Ол
– өзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу әдістері мен қағидалары бар
лингвомәдениеттану саласы.
А. Сейсенова: “Тіл – тек мәдениетті танытушы құрал ғана емес,
тілдің бойында оның (мәдениетінің) арқауын құрап, негізін қалайтын
ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Лингвомәдениеттану
негізінде ұлтқа тән мәденитанымдық жүйенің қалыптасуын анықтауға
болады. Мұндай зерттеулерге тілдің кумулятивтік қызметі негіз
болады”, – дейді [12, 6 б.].
“Дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушылар
лингвомәдени көрсеткіштерді тіл, мәдениет, өркениет ұғымдарының
өзара байланысы тұрғысында қарауы қажет”, – деп тұжырымдайды
ғалым В.А. Маслова [13, 116 б.].
О. Плужаровтың пікірінше, лингвомәдениеттану – этнос мәдениеті
мен сол тілде сөйлеуші халықтың лексикасының мәденитілдік
деректерін сипаттайтын, халық мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа
этносқа танытатын, халықтың тіл байлығын келешекке жеткізетін,
тілдік деректерді ұлттық рухта жарата да, жарқырата да алатын, басқа
тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдықәлеуметтік, эстетикалық,
философиялық сипаты бар кешенді пән. Мәдениет жарыққа шығу үшін
ұлт тілін пайдаланады. Соның әсерінен сөздер мен басқа бірліктер
тілде қосымша мәдени семантикаға ие болады [14, 123 б.].
Тілдің ұлттық мәдени ерекшелігі сөз мағынасының өн бойында
көрініс табады. Ол мағынаның денотаттық, коннотаттық, эмпирикалық
компоненттерімен астасып жатады.
Тіл күнделікті өмірде қолданылып жүрген мәдени ерекшеліктердің
айқын көрінісі. Кез келген адам өзінің саяси даралығын көрсету
үшін тілді пайдаланады. Тіл өркениеттілікті, мәдениеттілікті, жеке
даралықты айқындау үшін қызмет етеді. Яғни тіл негізінен белгілі
бір мәдениеттің құндылықтары мен белгілерін өз бойына сіңіреді,
антропологиялық, логикалық және философиялық факторларға
сүйеніп отырады. Өзінің қызметі арқылы тіл басқа бір тіршілікті
бейнелей алады және белгілі бір мәдениеттің құрамдас бөлігі болып
табылатын құбылыстардың жиынтығын білдіреді.
Тілде көрініс табатын рухани және материалдық мәдениеттің берілу
ерекшеліктері әр басқа. Сондықтан болар, мәдениетті материалдық
және рухани деп қарастыру оның қоғамдағы қызметіне тікелей
байланысты. Ұлттың материалдық мәдениеті – оның өміріндегі,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
16
тұрмыс тіршілігіндегі еңбегі мен шеберлігінің нәтижесі, жетістігі деп
айтуға болады. Р.Г. Ахметьянов: “Материалдық мәдениет атаулары
адам қызметінің басты материалды игілікті өндіру жағын бейнелейді,
мысалы, тамақ, киім, баспана, т.б. Оларды талдау халықтың тарихын
оқу үшін аса маңызды көңіл аударалық жәйт болып саналады”, – деп
көрсетеді [15, 170 б.].
Жалпы материалдық мәдениет атаулары көне тұрмыс пен бүгінгі
тұрмысты байланыстыратын, әр дәуірдің тарихын сипаттайтын тілдің
тарихи категориясының негізін құрайды. Ғалым Ж. Манкееваның
пікірінше: “Заттық мәдениет лексикасы – ұлттық рух пен талғам
негізінде, ұлттық тұрмыс пен шаруашылық ерекшелігіне сай
технологиялық процесс нәтижесінде, өз мәні мен атқаратын
қызметіне сай сөз тудырушы модельдер арқылы жасалатын лексика
семантикалық категория ретінде, кумулятивтік қызметі негізінде
сақталған материалдық өндіріс пен мәдени туындылардың атаулары”
[16, 270 б.].
Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени
байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті
тұрмысына қажет бұйымдары, әдетғұрпы, салтсанасы, талғамы,
тағы басқалардың атаулары дүниенің тікелей бейнесі емес, солардың
тілдік шығармашылық нәтижесінде біздің санамызда туған бейнесі.
Оны “дүниенің тілдік бейнесі” деп атайды. Яғни қандай да болмасын,
заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен берге әлгі затты
танытады. Ал тану белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында
іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға
байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі халық бір затты өзінің күнделікті
тәжірибесінде қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс
құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Өмір шындығы мен
тұрмыстіршілігі, тәжірибесі, салтдәстүрі, нанымсенімі әртүрлі ұғым
түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Әр затты танып біліп, оны
басқалардан ажыратқаннан кейін ғана оған ат қойылады. Бұл сияқты
ажыратқыш белгілер (атаулар) әр қилы ұжымдық ортада әртүрлі болуы
мүмкін. Тіл білімінде ол белгілер уәждер деп аталады.
Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің
көркемдік амалы – ұқсату. Себебі адамдардың табиғаттағы әртүрлі
құбылыстарды бақылауы, оны өз ісәрекетімен, тәжірибесімен
салыстыруы, ассоциациялық бейнелер түрінде әртүрлі нәрселердің
ұқсас жақтарын табуы, солардың негізінде танымын кеңейтуі
осы ұқсатуға негізделеді. Мәселен, жәндікке берілген халықтық
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
17
атаулардың уәждемелері, біріншіден, сыртқы дене бітіміне, түртүсіне
байланысты болса, екіншіден, жәндіктің баяу немесе шалт жасайтын
қимыл әрекетіне: жорғалау, секіру, өрмелеу, ирелеңдеу, бұралаңдау,
бүкшиген, балпаңдаған, бүріскен, т.б. қозғалыстарына байланысты
болады. Үшіншіден, оның өзіне тән қызметі мен өмір сүру тіршілігіне,
қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянына байланысты да атау
беріледі. Төртіншіден, мекендейтін орнына, ұрықтанатын, тіршілік
ететін ұясына сәйкес ат қойылады. Айтқандарымызды мысалдар
арқылы дәлелдеп көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |