Филологические науки


Әреген – жабайы сары ара. Құрғанат



Pdf көрінісі
бет16/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

Әреген
– жабайы сары ара.
Құрғанат
– маса сияқты кішкентай шіркей. Түнде ғана ұшады
ызылдауы маса сияқты. 
Батпан
– құмда өмір сүретін кесірткенің бір түрі. Құмға оңай 
батып кететін ерекшелігіне қарай халық “батпан” деген атау берген. 
Жауынды күндері бұл кесіртке құм астынан мүлде шықпайды. Жауын 
болар алдында құмға терең сіңіп кетеді. Ал құрғақ ыстық күндері құм 
бетінде еркін жорғалап жүреді. Халық оны 
бат-бат
немесе 
ешкіемер
деп атайды. Халық арасында кесіртке тісіңді көрсе, тісің түсіп қалады 
деген түсінік бар. Бұл жерде шыжыған ыстық күннің адамға тигізер 
зияны тұспалданып тұр. Сонымен бірге, кесірткенің қатері жоқ деп 
құйрығынан басып ойнауға да болмайды деген табиғатты қорғау ойы 
да жоқ емес. 
Қарақас
– қара күйе. Егінге түсіп, қамба астықты аз уақыт ішінде 
бүлдіріп үлгіретін көбелек түрі. Түрінің қара түсті болуына орай және 
адамның азық­түлік арқауы болып саналатын бидай егінінің қас жауы 
болғандықтан халық оған “қарақас” деген атау берген. 
Алакүлік
– шалшық суда болатын зиянды құрттың бір түрі. 
Ішіне 
алакүлік
кеткен түйе су ауруына ұшырайды. Іші кеуіп, жиі 
мазасыздандыратын ауру мен құрттың ортақ атауы. Сол себепті 
халық ол құртқа “алакүлік” деген атау берген. Бұл сөзді ауыз әдебиеті 
үлгілерінен де кездестіреміз. “Қозы Көрпеш баян сұлу” жырының 
Шөже ақын жырлаған нұсқасында бұл сөз түйе ауруы мағынасында 
қолданылады: “Жүрмек болып көңілі бітті дейді, Малға айналып 
өмірім өтті дейді, Желі толған түйеңді, жан шешеке, 
Алакүлік
әкетсін 
депті дейді”. Негізінен 
алакүлік 
шөпке жабысып тұратын жер құрты. 
Ол әсіресе түйе малына өте қауіпті. Маңғыстауда бұл ауруды “
су ауру

деп атайды. Алакүлік құртының ауру тудыру қасиеті халық таным 
түсінігінде “алакүлік – ел арасына ірткі салатын бүлдіруші, бүлік”
деген мағынадағы адамға берілетін баға, сын қызметіндегі сын есімнің 
орнына да қолданылады. Халық арасында “
Алакүлік тиіп, аяғың 
аспаннан келсін
” деп айтылатын қарғыс та кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет