ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
18
Молдабас
– кесірткенің қосымша атауы.
Оның сыртқы келбеті,
әсіресе басы сәлде ораған молданың басына ұқсайтын болғандықтан,
теңеу негізінде “молдабас” атауы халық арасына кең таралып,
қолданымдық аясы да кеңейе түскен. Бұл атау сыртқы бітімін ұқсату,
теңестіру уәжіне орай туындаған.
Бұзаубас
– түзу қанаттылар отрядына жататын зиянды жәндік.
Жәндіктің жоғарғы дене бітімі бұзаудың басына ұқсас болып
келгендіктен халық “бұзаубас” деген атау берген. Келекеле бұл
атау термин ретінде қалыптанып,осы жәндіктің негізгі атауы ретінде
қабылданды.
Нанқорек
– тарақанның халықтық атауы.
Тағамның әсіресе
нанның ұнтағына жиналатын қасиетіне қарай, тазалығы сақталмаған
ас үйлерде, азық қоймаларында жиі мекендеп, сонда көбейетін
ерекшелігіне орай халық тараканды “нанқорек” деп атаған. Ал
терминдік атау тарақан күйінде қолданыс тауып жүр.
Саратан
– ерекше дыбыс шығаратын қоңыздың бір түрі. Ә.
Жақыпов осы жәндіктің гүрілдеген зор дауыс шығаратын ерекшелігін
атанның даусына ұқсату негізінде және түр келбеті сары түсті
болғандықтан халық “сары атан саратан”
деп атап кеткен деген пікір
білдіреді. Сондайақ,
саратан қоңызын
“
май қоңызы
”
деп те атайды.
Мамыр айы келгенін
саратан
қоңызының үн шығаруынан байқауға
болады. Күн сәулесінің
қызуы жер бетіне толық жетіп, алғашқы
қызғалдақтар гүлдей бастаған уақытында
саратан
жемтік
іздеуге
еркін кірісіп, балдәурен өмірін бастайды. Осыған орай халық мамыр
айын “
саратан”
айы
деп атай бастаған.
Түйе қоңыз
– қоңыздың бір түрі. Қоңыздың сыртқы пошымы түйе
тәріздес әрі ірі болып келгендіктен, халықтың теңестіруі, ұқсатуы
негізінде берілген халықтық атауы.
Халық арасында бұл қоңыздың
“аруана
” деген балама атауы да кездесіп қалады. Ұзындығы 1520
мм, мойыны түйенің мойыны тәрізді, сондықтан да аты соған сәйкес
қойылған.
Әйкелді
– қанатты уақ жәндік. Ұсақ малдың айналасына жиі
үймелеп, малға маза бермейді. Халық аузында “
Әйкелді, үйкелді, Қара
шұнақ қой келді”
деген сөз бар.
Шелүк
– жібек құртының халықтық атауы.
Шелүк
қазіргі таңда
өте сирек қолданылады. Дегенмен бұл
атаудың туу себебі орыстың
шелк (жібек) сөзіне байланысты болса керек.
Мітеген
– шіркей. “Барынша кіштентай, қолға ілінерілінбес”
деген мағынадағы халықтық атауы.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 11 - 24