Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет69/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

ƏЛИАСАЪ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Құранда Əлиасаъ туралы екі жерде айтылады. Бірі: 
«Исмайыл, Əлиасаъ, Жүніс жəне Лұтты
тура жолға түсірдік. Барлығын əлемге ардақты еттік»
[335]
болса, бірі «Исмайылды,
Əлиасаъны Зүлкифлді есіңе ал. Бұлардың бəрі ардақты кісілер»
[336]
деген аяттар.
Əлиасаъ хазірет Исадан сегіз ғасыр бұрын дүниеге келген. Ал, Илияс өмір сүрген дəуір
Əлиасаъдан əлде қайда бұрын.
Хазірет Илияс қаладан кеткен соң, айналадағы ауылдарға барып, Тəуратты жасырын
үйретеді. Бір күні ол бір ауылдағы кəрі кемпірдің үйіне қонаққа келеді. Кемпірдің Əлиасаъ
деген баласы болатын. Сол күні ол қатты ауырып төсек тартып жатқан еді. Хазірет Илияс сол
баланың науқасынан айығуы үшін, қолын жайып Хақ тағаладан дұға тілейді. Дұға қабыл болып,
Əлиасаъ жазылып орнынан тұрып кетеді. Одан кейін ол Илиясқа иман келтіріп, одан Тəуратты
үйренеді. Илияс қайтыс болған соң, ол Исрайыл еліне пайғамбар етіп жіберілді. Əлиасаъ (а.с.)
ғұмырының соңына дейін бар күш-жігерін жұмсап Исрайылұлдарын таухид дініне
шақырды
[337]
. Алайда онысынан ешбір нəтиже шықпады. Кейін Хақ тағала оларға пəлекет
жіберді
[338]
.
ЗҮЛКИФЛ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Зүлкифл пайғамбар туралы Ислам ғалымдары арасында əр түрлі пікір бар. Тарихшы


Табаридің еңбегінде Зүлкифл (а.с.) хазірет Əйюбтің ұлы жəне шын есімі – Бишр. 75 жылдық
ғұмырын Шам халқын таухид сеніміне шақырумен өткізгендігі айтылады.
[339]
Оның «Зүлкифл»
болып аталуының сыры – ол өзіне міндеттелген ауыр жауапкершіліктерді орындау жолында
дүниеден өткен.
Басқа бір деректерде ол Илияс пайғамбардың заманында өмір сүргені айтылған. Хақ тағала
оны Илияс пайғамбардың орнына пайғамбар етіп жіберген.
Сондай-ақ ғұламалар арасында оны пайғамбар емес, Исрайыл халқы арасында өмір кешкен
салиқалы кісі деген көзқарас та бар. Əйтсе де Ибн Кəсир оның пайғамбар екендігін алға
тартады. Оған дəлел ретінде ол туралы Құранда айтылған аяттарды көрсетеді. Құранда екі жерде
«Зүлкифл» деп кездеседі. «Əнбия» сүресінде 
«Исмайыл жəне Ыдырыс жəне Зүлкифл. Бəрі де
сабырлы жандар еді. Сондай-ақ оларды рақымымызға бөледік. Өйткені олар салиқалы кісілер
еді»
[340]
деп айтылса, «Сад» сүресінде 
«Исмайылды жəне Əлиасаъны жəне Зүлкифлді есіңе ал!
Бəрі де ізгі адамдар еді»
[341]
делінген. Құрандағы осы аяттардың мəніне үңілсек, оны
пайғамбар деп топшылауға негіз бар сияқты. Өйткені оны екі аятта да пайғамбарлармен бірге
мадақталған дейді Ибн Кəсир. Ендеше, оны пайғамбар деген көзқарас əлдеқайда басымырақ.
Оның салиқалы адам екендігін жақтағандар «Зүлкифл» деген ат Илияс яки Юша немесе Зəкəрия
пайғамбардың лақап аты деп пікір білдірген. Дұрысын Хақ тағала ғана біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет