Табаридің еңбегінде Зүлкифл (а.с.) хазірет Əйюбтің ұлы жəне шын есімі – Бишр. 75 жылдық
ғұмырын Шам халқын таухид сеніміне шақырумен өткізгендігі айтылады.
[339]
Оның «Зүлкифл»
болып аталуының сыры – ол өзіне міндеттелген ауыр жауапкершіліктерді
орындау жолында
дүниеден өткен.
Басқа бір деректерде ол Илияс пайғамбардың заманында өмір сүргені айтылған. Хақ тағала
оны Илияс пайғамбардың орнына пайғамбар етіп жіберген.
Сондай-ақ ғұламалар арасында оны пайғамбар емес, Исрайыл халқы арасында өмір кешкен
салиқалы кісі деген көзқарас та бар. Əйтсе де Ибн Кəсир оның пайғамбар екендігін алға
тартады. Оған дəлел ретінде ол туралы Құранда айтылған аяттарды көрсетеді. Құранда екі жерде
«Зүлкифл» деп кездеседі. «Əнбия» сүресінде
«Исмайыл жəне Ыдырыс жəне Зүлкифл. Бəрі де
сабырлы жандар еді. Сондай-ақ оларды рақымымызға бөледік. Өйткені олар салиқалы кісілер
еді»
[340]
деп айтылса, «Сад» сүресінде
«Исмайылды жəне Əлиасаъны жəне Зүлкифлді есіңе ал!
Бəрі де ізгі адамдар еді»
[341]
делінген. Құрандағы осы аяттардың мəніне үңілсек, оны
пайғамбар деп топшылауға негіз бар сияқты. Өйткені оны екі аятта да пайғамбарлармен бірге
мадақталған дейді Ибн Кəсир. Ендеше, оны пайғамбар деген көзқарас əлдеқайда басымырақ.
Оның салиқалы адам екендігін жақтағандар «Зүлкифл» деген ат Илияс яки Юша немесе Зəкəрия
пайғамбардың лақап аты деп пікір білдірген. Дұрысын Хақ тағала ғана біледі.
Достарыңызбен бөлісу: