Арыновщинаға » жартымды жауап» (ЖА. – 30.06.2015),
«
Обамамания астарында не сыр бар? » (ЕҚ. – 04.02.2009) деген
мақалалардың авторлары тіліміздің лексикасында жоқ сөздерді «ойлап
тапқан», бірақ бұл сөздердің мағынасы реципиент үшін мүлде
түсініксіз деп айтуға келмейді. Анығы – журналистердің жасаған бұл
қадамдары мақала атауының экспрессивтілігін арттырып, бұнымен
оқырмандардың тарапынан қызығушылық сезімін оята алады.
Окказионализмнің негізінде жаңа сөздердің туындауы міндетті
емес, кейде журналист қарапайым сөздерді бір-бірімен үйреншікті
емес мағыналық мәнмәтінде қиюластырып та осындай нәтижеге қол
жеткізе алады: «
Отын қымбат па, отан қымбат па » (П. – 1998.
№6), «
Өлiлерге – сауал, тiрiлерге – сабақ немесе жерлеудегi "коммунистiк тәсiл" жалғаса бере ме? » (П. – 2004. №2). Осы сынды
тақырыпаттарда автордың сөздерді мүлде күтпеген мағынада, тосын
қолдануы көп жағдайда реципиент үшін парадокс болып, оның
оқырмандық қызығушылығын одан әрі өршіте түседі. Мысалы:
«
Қазақ боп туып, "Өзбек" боп танылған » (П. – 1995. №9), «
Шал көп, ақсақал аз » (П. – 2013. №5), «
Мен бiр терiдегi орыс әрi қазақпын »
(А. – 14.06.2006).
Қысқасы, окказионализм сынды «ойнақы» құрылымдар
публицистикалық мақала атауында жиі қолданылып, оған көркемдік
бейнелілік қосумен қатар, экспрессивтілік қасиетін қанықтырып,
прагматикалық әлеуетін арттырады. Олар мақала атауларын айшықты
етіп, оқырмандардың көңілін өзіне еліктіре білу қасиетіне ие. Сол
себепті де окказионализмдер бүгінгі таңда журналистер тарапынан
публицистикалық мақалада, әсіресе ондағы тақырыпат кешенінде, жиі
қолданылатын тілдік құралдардың бірі болып табылады.