Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Прецедентті құрылымдар.
«Прецедентті мәтін» терминін 
лингвистикаға ең алғаш 1986 жылы Ю.Н. Караулов енгізген болатын. 
Ғалым оған: «Прецедентті деп қандай да бір тұлға үшін және оның 
айналасындағы адамдарға да танымдық әрі эмоционалдық тұрғыдан 
мағыналық маңызы бар және аталмыш тілдік тұлға дискурсында 
бірнеше қайтара қолданылатын мәтіндерді айтады», – деген анықтама 
береді [132, 215-216]. Осы бағытта зерттеу жүргізген Д.Б. Гудков, 
В.В. Красных, И.В. Захаренко, Д.В. Багаева сынды ғалымдар 
«прецедентті мәтін» түсінігінің тым ауқымды екенін негізге ала отырып, 
прецеденттілік феноменін төмендегідей төрт топқа жіктеуді ұсынады: 
1.
Прецедентті айтылым; 
2.
Прецедентті есім; 
3.
Прецедентті жағдай (ситуация); 
4.
Прецедентті мәтін. 
Прецедентті айтылым
– ойлау және сөйлеу әрекетінің аяқталған 
дербес репродуктивті бірлігі. Прецедентті айтылымдарға мақал-


66 
мәтелдерді, фразеологизмдерді, қанатты сөздерді және өлең жолдарын 
жатқызуға болады. 
Прецедентті есім
– көбіне баршаға танымал прецедентті 
мәтінмен немесе жағдаймен байланысты жеке тұлғаның есімі. 
Прецедентті жағдай (ситуация) 
– қандай да бір коннотациялардың 
жиынтығымен байланысты, адамдардың санасында «үлгілі», «өнегелі» 
саналатын оқиға, жағдай. Мұндай жағдайдың мән-мағынасын 
прецедентті есім не айтылым білдіре алады. 
Прецедентті мәтін
– ойлау және сөйлеу әрекетінің аяқталған 
дербес өнімі. Әдетте, мұндай мәтіндер қандай да бір ұлттық-мәдени 
қауымдастықтың кез келген орташа мүшесіне жақсы таныс және олар 
коммуникация барысында бірнеше қайтара қолданылуы мүмкін. 
Прецедентті мәтіндерге әдеби шығармалар, өлең-әндердің сөздері, 
жарнама, аңыз-әңгімелер, т.б. жатады [133, 64]. 
Прецеденттілік феноменнің публицистикалық шығармаларда, 
әсіресе мақала атауларында, көп кездесуінің өзіндік себебі бар: 
тақырыпат ретінде қолданылған прецедентті құрылым мақаланың 
сырт көзге деген «көрінісін» өзгертеді, оқырманның назарын аударып, 
автормен коммуникативті байланыс орнатады. Осындай тақырыпатты 
оқыған кезде реципиент өзі соны мақсат тұтпаса да, аңдаусыз «бұл сөз 
кімдікі», «оны қайдан естідім», «автор мұнымен не айтқысы келді» 
деген сынды бірқатар сұрақтарды ой елегінен өткізіп, мақала мәтінімен 
танысады. Мұндай құрылымдар халық жадындағы естеліктердің 
көмегімен бұрынғы мен бүгінгінің арасындағы «көпір» ролін атқарып, 
прецедентті мәтіннің астыртын, жасырын мәнін түсініп, қабылдау 
тілегін тудырады. 
Сөйтіп, прецедентті мәтіндер газет бетінің шағын жолағында 
орналасып, оқырман санасында бірқыдыру ассоциациялық тізбек 
туғаза алатын семантикалық кеңістік орнатады. 
Прецедентті құрылымдар қазақстандық мерзімді басылым 
беттерінен де көрініс табады. Баспасөзде осы төрт құрылымның 
ішінде жиі қолданылатыны – 
прецедентті айтылымдар
. Себебі оған 
жататын мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері не танымал өлең 
жолдары публицистикалық мақаланың атауы ретінде ұсынуға бірегей 
«дайын құрылымдар» болып табылады. Оларды тақырыпат кешенінің 
кез келген бөлімінде кездестіруге болады. Осындай қолдану жиілігіне 
қарамастан, тақырыпатында прецедентті айтылым орын алған газет 
мақалаларының прагматикалық әлеуеті жоғары. Мысалы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет