Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Ұстазым менің, 
ұстазым...
» (ЕҚ. – 15.11.1996), «
Қалдырған ізі мәңгілік...
» (СС. – 
28.01.2010), «
Жадымда тұрар жаңғырып...
» (СС. – 19.11.2009), 
«
Қалдырған ізің мәңгілік
» (АТ. – 17.02.2000). 
Публицистикалық тақырыпаттарда кездесетін прецедентті 
мәтіндерді құрылысына қарай екіге бөліп қарастыруға болады: өзінің 
бастапқы қалпында, өзгермей қолданылған прецедент және 
трансфор-
мацияланған
, яки өзгеріске ұшыраған, прецедентті құрылымдар. 
Мұндай құрылымдарды түпнұсқасында қолдануда мақсат тұтқан 
нәтижелердің іске асу ықтималдығы жоғары, өйткені халық жадында, 
реципиент санасында олар дәл осындай қалпында сақталған. Демек, 
мақала тақырыпатында еш өзгеріссіз қолданылған прецедентті мәтінді 
оқырман дәл танып, ойлау әрекетінде «дұрыс жолға» түсуі керек. Бірақ 
тілшілер аталмыш прецедентті құрылымдарды мақала мазмұнына 
қарай, оқырмандарға айтқысы келген ойына сай өзгертіп, жиі-жиі 
түрлендіріп жатады. Мұндай қадамға баруға итермелейтін басты нәрсе – 
оқырмандардың қызығушылығы. Мұны былайша түсіндіруге болады: 
реципиент өзіне үйреншікті прецедентті өзгерген күйінде көрген 
кезде, оның санасында бірден сан түрлі сұрақтар туындайды: алдымен 
ол мәтіннің түпнұсқасы қандай екендігін есіне түсіруге тырысады, 
одан соң бұндай өзгерістің ар жағында не жатуы мүмкін деп ойлайды 
да, өзінің болжамдарын іс жүзінде тексеруге талпынады; ал бұл 
жорамалдардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін мақала мәтінін 
толық оқудан басқа амал жоқ. Бұл – прецедентті мәтіндерді тақырыпат 
ретінде қолдану оның прагматикалық әлеуетін арттыратындығының 
тағы бір белгісі. 
Қазақстандық ғалым Г.К. Ихсангалиева прецедентті мәтіндердің 
трансформациялану тәсілдерін квантитативтік, квалитативтік және 
аралас түрлерге бөледі. Бірінші түрінде прецеденттік мәтін 
құралымындағы бір сөйлем басқа сөздермен алмастырылады немесе 
оған басқа сөз енгізіледі. Квалитативтік тәсіл бойынша, прецеденттік 
мәтіндегі тұтас сөз емес, оның бір бөлшегі, яғни форма немесе бірлі-


70 
жарым әріп өзгертіледі, аралас тәсілде осы аталмыш тәсілдер алма-
кезек қолданылады [121]. 
Ал орыс ғалымы С.И. Сметанина прецедентті құрылымдардың 
публицистикалық шығармаларда қолданылуын терең зерттей келе 
«медиа-мәтінге» прецедентті феномендерді енгізудің келесі тәсілдерін 
атап көрсетеді, мұндағы «А мәтіні» – өзге автордікі, «В мәтіні» – 
өзінікі (мақала авторынікі) [134]: 
1. А мәтіні В мәтініне тең: «
Ел боламын десең, бесігіңді түзе
» 
(ЕҚ. – 13.01.2010), «
Атың шықпаса, жер өрте
» (АТ. – 12.07.2001), 
«
Сақтықта қорлық жоқ
» (П. – 2001. №7). А мәтіні В мәтінімен 
мағынасы жағынан теңбе-тең келіп, дәйексөз еш өзгеріссіз тақырыпат 
ретінде қолданылады да, оның астында автордың өзіндік мәтіні 
беріледі. Мұнда тақырыпаттағы дәйексөздің тырнақшаға алынуы шарт 
емес. 
2. А мәтіні – В мәтініне негіз болатын мысал: «
Неден 
қаталасаң шөлiңдi сол басады
» (П. – 2010. №4), «Қансонарда бүркiтшi 
шығады аңға...» (П. – 2006. №9). Мұнда тілшілер тақырыпаттың «өзге 
біреудікі» екенін тырнақшаның көмегімен білдіреді. 
3. А мәтіні – В мәтінін жазудағы негіз. Мұнда мәтінаралық 
байланыстар күрделірек келеді. Сайып келгенде, оның үш элементі 
бар десе де болады: А мәтіні − А мәтінің бөлшегі/фрагменті − В 
мәтіні. 
3.1 Мәтінді қысқартып, жаңа мағынада ұсыну: «
Әке көрген оқ 
жонар...
» (ЕҚ. – 08.06.2002). Бұл мақалдың толық нұсқасында ата-
ананың екеуінің де балаға берер тәрбиесі жайлы айтылса, бұл 
тақырыпатта оның тек бірінші бөлігі алынып, сонымен мақала бала 
тәрбиесiндегi әкенiң рөлi жайлы екендігін аңғартады. Сол сияқты 
мына мақалаларда да прецедентті мәтіндердің белгілі бір бөлімдері 
ғана алынған: «
Қыз өссе, елдiң көркi...
» (П. – 2013. №4) («Қыз өссе, 
елдің көркі, Гүл өссе, жердің көркі» – мақал), «
Ғалымның хаты 
өлмейді...
» [С. Торайғыров ат. ПМУ-да өткен ҚР ҒА академигі, тарих 
ғ.д., проф. Т.С. Садықовты еске алуға арналған республикалық 
ғылыми конференция туралы] (СС. – 18.05.2010) («Жақсының аты 
өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді»), «
Ағаға қарап іні өседі
» [ұстаз, 
ғалым Ғабдыл-Уақап Қапеновтің туғанына 80 жыл] (СС. – 13.05.2008) 
(«Ағаға қарап іні өседі, Апаға қарап сіңлі өседі»). 
3.2 Мәтінді толықтырып, мағынасын ашу: «
Қыздардың сен 
жүрегiне жара салдың, желтоқсан!
» (СС. – 28.11.1996). Ел арасында 
«Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан» деп тарап кеткен тіркес 
бұл тақырыпатта толықтырылған және бұл мақалада Желтоқсан 
оқиғасына қатысқан қыздар туралы сөз етілетіндігін ұғынуға болады. 


71 
«
Денсаулық − зор байлық» дейміз-ау…
» (ЕҚ. – 02.11.2010). Автор 
осындай тақырыпат арқылы халқымыздың «Денсаулық − зор байлық» 
дей тұра, сол денсаулығын сақтамай, өз-өздерін күтпейтінін ашына 
айтады. 
3.3 Ситуативті немесе тақырыптық мақсатқа байланысты 
сөздерді ауыстыру. «
Қаза бар жерде аза бар
» (ЕҚ. – 26.12.2012). 
«Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар» деген мақалды автор 
мақала мазмұнына сай өзгертіп, жаңа үлгіде ұсынған. «
Қуан, қазақ!
» 
(ЕҚ. – 22.10.2010). Астанада өткен саммиттің жақсы нәтижелерін 
қуана сөз еткен тілші М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңінің атын 
осылайша өзгертіп, тақырыпат ретінде қолданған. «
Қыс шанасын 
жазда сайлай алмаған әкімдер енді желтоқсан айында жазасын 
алады
» (ЕҚ. – 24.09.2010). Автор бұл мақалада аймақтардағы тұрғын 
үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындықтарының әлі тиісті 
қарқынына жете алмай отырғанын және осыған сай Үкімет 
басшысының бұл мәселені әкімдер алдына қатқылдау қоюға мәжбүр 
болғандығы жайлы сөз етіп, «Қыс шанаңды жаз сайла» мақалын 
осындай тақырыптық мақсатқа сай қолданған. «
Құрылыста істеп 
жүр талай қазақ баласы…
» (ЕҚ. – 13.04.2011). Абайдың өлең 
жолдары осылайша ситуативті өзгеріске ұшырап, мақаланың 
өзектілігін экспрессивті тұрғыдан арттыра түсірген. 
Кейде, керісінше, тақырыпатты түсініктірек етіп, мақала не 
жайлы сөз ететіндігін бірден аңғарту үшін тілшілер прецедентті 
толықтырып, мақала атауын күрделендіреді: «
Еркек пен әйел: ендi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет