67
27.06.2003), «
Қалалық әкiмшiлiк те
көрпесiне қарай көсiледi
» (ЖА. –
09.09.2010).
Тілшілердің прецеденттік айтылымдарды күрделі мақала
атауларында ұсынуы жиі ұшырасады.
Мұндай тақырыпаттардың бір
бөлімінде прецедент беріледі де, екінші бөлімі алғашқысын мағынасы
жағынан ашады, толықтыру енгізеді: «
Арбаның бесiншi доңғалағы
:
жамбасы тесiлгендер жұмсақ жастықтан тағы дәмелi ме?
» (ЖА. –
16.08.2011), «
Тағы да Арқанкерген мен Ақсай шатқалы туралы немесе
“
Ахиллестің өкшесі
”
» (ЖА. – 11.09.2012).
Прецедентті есімдердің
халық жадында алар орны ерекше
болғандықтан, мақала тақырыпатындағы
осындай есімдер, сөз жоқ,
әрі оның көркемдік бейнелілігін арттырады, әрі қабылдауға жеңіл етеді.
Мұндай есімдер, әдетте, белгілі прецедентті мәтінмен байланысты:
«
Бүгiнгiнiң
Дон-Кихоты
» [Ақын, жазушы Мiр Шайырдың «О, Данышпан
Дүние!» атты романы туралы] (ЕҚ. – 28.11.2006) (Мигель де
Сервантес, «Дон Кихот» романы), «
Қазақ рухының нағыз
Геркулесi
»
[«Академик Жолдасбеков» атты кiтап туралы] (ЖА. – 01.03.2001)
(көне грек мифологиясы), немесе қандай да бір прецедентті
жағдайдың символы, белгісі ретінде қолданылуы мүмкін: «
Қазақтың
Паганиниi
» [Музыка өнерiнiң қайраткерi Ә. Толғанбаев хақында]
(ЕҚ. – 20.08.1994) (Никколо Паганини –
танымал италиялық
скрипкашы және композитор), «
Қазақ даласының
Бонапарты
»
[Мемлекеттік және қоғам қайраткерi Жақыпбек Жанғозин жайында]
(СС. – 02.12.1999) (Наполеон Бонапарт –
Францияның даңқты
мемлекет қайраткері, қолбасшы), «
Өсерқұл қажы қазақтың "
Достарыңызбен бөлісу: