Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Троп және фигура
Мақала тақырыпатының бейнелілігін 
арттыруда әдеби троп пен фигуралардың маңызы зор. 
«
Троп
(гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз 
қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы 
түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма 
мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп 
жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес
әсерлігі үшін де орасан қажет» [137]. Троп түрлеріне метафора, 
метонимия, синекдоха, антитеза және т.с.с. жатады. 
Эпитет
– (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки 
құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын 
поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз 
[138]. Филология ғылымында эпитетті тропқа жатқызу не одан бөлек 
қарастыру мәселесі төңірегінде дау көп. Бұл еңбектегі біздің 
мақсатымыз бұл пікірталастағы «ақ-қараны» анықтау емес, аталмыш 
тілдік құралдың публицистикалық тақырыпаттың прагматикалық 
әлеуетін арттырудағы қауқарын анықтау болғандықтан, қазақстандық 
баспасөз беттерінде эпитеттердің қолданылу ерекшеліктеріне назар 
аудардық. Мұнда публицистер, әдетте, мақала атауын «құрғақ» 
қылмай, осындай бейнелі сөздермен көрікті етуге тырысады: 
«
Қадамы қарышты
Қарағанды
» (ЕҚ. – 01.12.2006), «
Ол 
бiр қырлы, 
сегiз сырлы
әртiс болған
» (СС. – 12.08.2003), «Көне қала неге 
күрсiнедi?» (З-Қ. – 10.09.1993), «
Әннiң шерiн тарқатқан
Мақпал 
әншi
» (З-Қ. – 04.12.1998). 


79 
Көбіне-көп эпитеттер жеке өздері емес, басқа да көркемдеуіш 
тілдік құралдармен бірлесіп келеді. Заманауи баспасөз беттерінде 
автор қаламынан туған окказионал эпитеттерді жиі кездестіруге болады. 
Олар, сөз жоқ, мақала атауының бейнелілігін арттырып, оқырман 
қызығушылығын оятуда анағұрлым «салмақты»: 
«"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет