80
берген: «өзара шектес заттар мен
себептес құбылыстың өзара
байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін
қолдану» [141, 17]. Осындай «бірінің орнына бірі қолданылатын»
ұғымдар публицистикалық мақала атауларына белгілі деңгейде әр
қосып, сөз жоқ, қарапайым сөздік қолданыстағы тақырыпаттардан
анағұрлым ерекшелендіріп тұрады: «
Парламент
не бiтiрiп отыр?
»
(З-Қ. – 31.01.1997), «
Ауыл
мiнезi өзгерiп барады
» (Ақ. – 1999. №6),
«
Алматы
ешкiмдi жатсынбайды, бiрақ...
» (Ақ. – 2001. №2).
Синекдоха
яки
мегзеу
–
алмастырудың бір түрі – бүтіннің
орнына бөлшекті немесе, керісінше,
жалпының орнына жалқыны
немесе керісінше қолдану [141, 226]. Мұндай тілдік құралдар
публицистикалық мақала атауында қолданылғанда оның бейнелілігін
арттырып
қана қоймай, оқырмандардың қызығушылығын да өзіне
еліктіреді. Өйткені «бүтіннің бөлшегіне» / «бөлшектің орнына
қолданылған бүтінге» тап болған адресат саналы (кейде санадан тыс)
түрде оның «бастау көзін» анықтауға тырысады да, сөйтіп, бар
назарын соған шоғырландырады. Сол себепті де заманауи публицистер
троптың аталмыш түрін мақала мәтіндерінде ғана емес,
олардың
тақырыпатарында да көп қолданады: «
Қазақ баласы
неге қазақша
сөйлемейдi?
» (ЕҚ. – 13.05.2006). Көп жағдайда синекдоха басқа троп
түрлерімен және өзге де бейнелеуіш
тілдік құралдармен жымдасып,
астасып жатады: «
Сөйлешi, сөйле қызыл
Достарыңызбен бөлісу: