Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


а) Газет тақырыпаттарындағы фразеологиялық бірліктердің



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
 
а) Газет тақырыпаттарындағы фразеологиялық бірліктердің 
қолдану ерекшеліктері 
Заманауи публицистикада журналистер өз мақала атауларын 
мейлінше көрікті әрі еліктіргіш ету үшін сан алуан тілдік (және тілдік 
емес) құралдарды пайдаланады. Осындай құралдардың ішінде жиі 
кездесетіндері – фразеологиялық бірліктер. 
«Тілдің лексикалық құрамында фразеологизмдер айтулы орынға 
ие, себебі олар ойды нақты әрі бейнелі түрде жеткізіп, ақиқат өмірдің түрлі 
қырларынан көрініс береді. Фразеологизмдер шынайы болмыстағы 
белгілі бір құбылысты белгілеп қана қоймай, оны сипаттап, баға 
береді» [146, 12]. 
Ағылшын тілі фразеологиясының белді маманы Александр 
Владимирович Кунин айтқандай: «Фразеология – тілдің қазынасы». 
Олар сөзге эмоционалдылық пен көркемдік сыйлаумен қатар қандай 
да бір халықтың мәдениеті мен тұрмысын сипаттайды. Фразеологизмдер 
көбінесе айқын ұлттық сипатқа ие болады. 
Бұл тараушада біз фразеологиялық бірліктердің қазақстандық
ресейлік және америкалық мерзімді басылымдардың тақырыпаттарында 
қолданылуын қарастыра отыра, аталмыш құрылымдардың бұл уақытқа 
дейін жіті зерттелмей келген прагматикалық әрі этнокогнитивті 
қырларын ашуға тырысамыз. 
Әлемдік лингвистикада ұзақ жылдардан бері фразеологизмдердің 
не екендігі жайлы біртұтас пікір қалыптасқан жоқ. Кейбір ғалымдар 
(Л.П. Смит, В.П. Жуков, В.Н. Телия, Н.М. Шанский және т.б.) 
фразеологияның құрамына тұрақты тіркестерді енгізсе, екіншілері 
(Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, А.И. Смирницкий және т.б.) тек олардың 
кейбір топтарын ғана жатқызады. Мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді 
фразеологизмдердің қатарына жатқызуды жөн көрген ғалымдар да 
табылғанымен, көбі олардың семантикалық және синтаксистік 
құрылымының фразеологиялық бірліктерден мүлде өзгеше екендігін 
алға тартып, оларды аталмыш санатқа жатқызбаған. Бұл ретте 
В.В. Виноградов мынадай дәлелді келтіреді: «Мақал-мәтелдер 


90 
сөйлемге тән құрылымға ие және олар жеке сөздердің семантикалық 
эквиваленті болып табылмайды» [147]. 
Фразеология теориясының негізін қалаушы болып саналатын 
швейцар тіл маманы Ш. Балли алғаш рет өзінің «Француз стилистикасы» 
атты кітабында сөз тіркестерін жүйелендіріп, бұл еңбекке фразеология 
жайлы тарауды енгізген. Ол сөз тіркестерінің төрт түрін көрсетті 
[10, 69]: 
1. еркін сөз тіркестері (les groupements libres) – бір۔бірімен 
тіркескенде де тұрақтылыққа ие болмайтын еркін сөз тіркестері; 
2. үйреншікті сөз тіркестері (les groupments usuels) – құрамдас 
бөліктерінің біршама еркін байланысымен әрі олардың өзгерісіне жол 
беруімен ерекшеленетін сөз тіркестері (une dangereuse, serieuse maladie – 
қауіпті, күрделі ауру); 
3. фразеологиялық тізбектер (les series phraseologiques) – 
бірнеше түсінік бір болып жымдасатын сөздер тобы. 
Кейіннен Ш. Балли өз концепциясын қайта қарастырып, 
үйреншікті тіркестер мен фразеологиялық тізбектер бар болғаны сөз 
тіркестерінің аралық түрі болып табылады деген пікірге келеді. Соның 
нәтижесінде ол сөз тіркестерінің екі түрін ғана бөліп көрсетеді: 
1. еркін тіркестер; 
2. фразеологиялық бірліктер, яғни үнемі бір мағынаны беру 
үшін нақты бір сөздермен тіркесіп, өздерінің дербес мағыналарынан 
айырылған сөз тіркестері. 
А.В.Кунин: «фразеологиялық бірліктер бұл – семантикасы 
күрделенген тұрақты тіркестер. Олар адамның ақиқат болмысты 
танудағы барлық ұғымдардың атауларын қамтамасыз ете алмайтын 
тілдің лексикалық жүйесіндегі лакуналарды толтырып, көп жағдайда 
заттар, үрдістер мен құбылыстардың жалғыз аталымы болып 
табылады. Фразеологизмдердің қалыптасуы ойлау қажеттігі мен тілдің 
шектелген лексикалық ресурстары арасындағы қайшылықты жеңілдетеді. 
Ал аталмыш тұрақты тіркестердің лексикалық синонимдері болған 
жағдайда олар, әдетте, стилистикалық бояуларымен ерекшеленеді», – 
дейді [148, 4]. 
Шетелдік лингвистикаға келетін болсақ, мұндағы басты даулы 
мәселе – идиомаларды фразеологизмдерден бөлек қарастыру. 
А. Naciscione [149] бастаған бір топ зерттеушілер бұл екі тілдік 
құралдың семантикасы мен құрылымдарына назар аудара отыра
бір۔бірінен бөліп жарса, А.В. Кунин [148], H. Burger [150], A. Langlotz 
[151], Ch. Fernando [152] идиомаларды дискурс барысында туындаған 
фразеологиялық бірліктердің вариациясы ретінде қарастыруды жөн 
санаған. Ч. Фернандо «қарапайым грамматикалық трансформация» 


91 
терминін қолданып, идиомалар тілдік жүйенің құрамдас бөлігі бола тұра, 
бастапқы фразеологиялық мағынасынан алысқа кете аламайтындығын 
және, шын мәнінде, олардың тек қарапайым вариация болып 
табылатындығын сөз етеді [152, 54]. Аталмыш еңбекте біз осы 
тұжырымды негізге алып, идиомаларды фразеологиялық бірліктердің 
құрамында қарастыруды жөн көрдік. 
Фразеологиялық бірліктердің классификациясы – тіл білімінің 
аталмыш саласындағы тағы бір даулы мәселе. Қазақ және орыс 
лингвистикасында ұзақ жылдардан бері академик В.В. Виноградов 
ұсынған классификация мығым бекіген. Оған сай фразеологиялық 
бірліктер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және 
фразеологиялық тіркес болып бөлінеді [147, 147]. 
Ал ағылшын тіл білімінде нақты бекітілген классификация жоқ: 
мұнда фразеологиялық бірліктердің құрылымы, өздері балама болатын 
сөз таптары, тақырыптары және т.б. бойынша бөлінеді. 
Осыны ескере отыра, біз бұл еңбекте фразеологиялық бірліктерді 
топтарға бөлмей, олардың атқаратын қызметтеріне сай публицистикалық 
тақырыпаттарда қолдану ерекшелігіне көңіл бөлуді лайық көрдік. 
Көптеген тілші мамандар фразеологиялық бірліктердің 
табиғатына тән сан түрлі қызметтерді атап көрсеткен, енді солардың 
негізгілеріне тоқталып өтсек: 
Номинативті қызмет
шынайы болмыс объектілері, түрлі 
ситуациялармен арақатынаста, сондай۔ақ тілдің лексикалық құрамын 
толықтыру қабілетімен анықталады. 
М.: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет