«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН



Pdf көрінісі
бет42/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   188
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
Исабаева Айман Турсымбековна 
 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің 
«Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ 
 
Аңдатпа. Инклюзивті білім беру-білім алудағы барлығының,соның ішінде 
ерекше қажеттілігі бар балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 
оқытушы мұғалім қандай болу керек екендігі туралы түсінік беру,бастауыш 
сыныпта инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы тиімді әдіс –
тәсілдермен таныстыру. 
Аннотация. Инклюзивное образование –дать представление о том,каким 
должен быть учитель в целях обеспечения доступности всего в образовании,в 
том числе детей с особыми потребностями, познакомить с эффективными 


90 
методами и приемами формирования инклюзивной образовательной среды в 
начальной школе. 
Инклюзивті білім беру саласының мұғалімдерінің алдына төрт түрлі 
міндет қойылады: 
1.Мұғалімнің өзгеруі. 
2.Баланың мектепке дайындығын анықтау. 
3.Тәрбиесіндегі кемістігін жою. 
4.Сабақты 
жүйелі 
жоспарлау,оқытудың 
формасын 
таңдауы,оқу 
тапсырмаларын бейімдеу,оқушыға ұсыну тәсілдерін білу. 
Инклюзивті баламен жұмыс бастамас бұрын алдымен мұғалім өзі өзгеруі 
керек.Ол үшін ол не істеу қажет? Кино-бұл өмір емес.Онда бәрі жақсылықпен 
аяқталады.Балалар дұрыс оқуды үйренеді,ата-аналар мұғаліміне алғыс 
айтады,ал мектеп басшысы қаншама керек емес қағаздарды толтыруды талап 
етпейді.Бірақ фильмдер ең бастыны ұмытпауға үйретеді: өз жұмысыңды жақсы 
көру маңызды,ал балаларды сыйлау керек.Кинофильмдерді көріп,ондағы 
мұғалімдерден үйренуге тырысу керек. 
1.«Жердегі жұлдыздар» «Звёздочки на Земле»2007 ж-Рам Никумб сурет 
пәнінің мұғалімі. 10 жастағы Ишан Авасти дислексиямен ауырады.Мектеп-
интернатқа оқиды.Ишан оқуда қиындықтарға тап болады ,ол оқи да,жаза да 
алмайды. Оған ата-анасы ұрсады.Мұғалімдер кемсітеді.Сыныптастары 
қорлайды. Мәтіндердің барлық түрлерін оқудың қиындығымен сипатталатын 
оқытудың бұзылуы. Дислексиямен ауыратын Ишан жазуда көптеген қателіктер 
жіберумен қатар, сөздерді дұрыс жазуда қиналады.Кейбір жиі кездесетін 
қателіктер - фигураларды кері жолмен бейнелеу (мысалы, «d» орнына «b» жазу) 
немесе сөздегі әріптердің ретін өзгерту. Сондай-ақ, оның қолжазбалары 
көбінесе өте нашар, және ол жоғары жылдамдықта жазуда қиындықтарға тап 
болады.Оқу деңгейінде Ишан мұны өз құрдастарына қарағанда әлдеқайда баяу 
жасайды. Кейде олар хаттарды бұлыңғыр немесе қозғалған сияқты 
көретіндіктерін білдіре алады, дегенмен бұл көзілдірікпен көруді жақсартудың 
пайдасыз екендігі дәлелденген. 
Кенет күтпеген жерден мектепке сурет пәнінің мұғалімі келеді.Бей-жай 
емес,белсенді,көңілді-ол 
бірден 
барлық 
оқушылардың 
көзайымына 
айналады.Мұғалім қабылдауы қиын Ишанға жазуды және оқуды үйретеді,ата-
аналар мен мұғалімдердің ол туралы көзқарасын өзгертеді,сыныптастармен 
достасуға көмектеседі.Оның әуелеті мен сурет салудағы таңғажайып талантын 
ашады. Әр адам берекелі ұрпақ өсіргісі келеді.Әр баланың өз қабілеті,өз 
қалауы,арманы бар. 
2. «Сыныптың алдында» «Перед классом» фильмі.2008.Брэд Коэн-
бастауыш сынып мұғалімі. Бұл таңғажайып мұғалім әлі күнге дейін АҚШ-та 
мұғалім болып жұмыс істейді.Фильм оның шынайы өмірбаянына 
негізделген.Брэд Коэн Туретта синдромынан зардап шекті.Сондықтан оны 
мұғалімдер де,сыныптастары да мектепте қабылдамаған.Бірақ Брэдтің арманы-
мұғалім болу.24 жерге барып ешкім жұмысқа алмаған.Ауруымен 
күресіп,арманына жетеді. 


91 
3.Нейна Матхур- «Мен препод» 2018 фильміндегі мұғалім. Нейна Матхур 
Туретта синдромымен ауырса да,әрбір баланың жүрегіне жол табады.Әр 
баланың талантын ашқан.Мұғалім осындай болса,бәрі оқуды жақсы 
көріп,үлгермеуші болмас еді. 
4. «Хористы» фильмі.Музыка пәнінің мұғалімі ән айта білмейтін 
балаларды әнмен тәрбиелеген,оқытқан. 
5. «Триумф» фильмі.Оқулықпен емес,одан да маңызды нәрсені оқытып әр 
баланың мотивациясы мен үлгерімі үшін күрескен. 
Менің 
ойымша 
әрбір 
оқушы 
осындай 
нағыз 
ұстазды 
армандайды,сондықтан бұл фильмдер баршаның көруіне тұрарлық фильмдер 
екені сөзсіз. 
Содан соң мұғалім баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы 
ойының,қиялының,зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек.Ол үшін «Көру 
әдісі», «Есту әдісі», «Сөйлеу әдісі», «Фигура қию» , «Лабиринт», «Танграм» 
тәрізді тесттерді қолданып,баланың шама-шарқын анықтап алады.Сабақ 
барысында 
баланың 
тілмүкісін,қолының 
буындарының 
қимылын, 
саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.Өз 
қызметінің объектісіне әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық 
мінездеме 
беріп,танып,білумен 
зерттеу 
әдістерін 
меңгерулері 
керек.Дидактикалық ойындар арқылы инклюзивті балалардың ойлау қабілетін 
дамытуымызға болады. 
«Барабан»
 
Езу тартамыз,аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта Д—Д-
Д-Д деп айтамыз.Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып 
тұрады.Аузымызды жаппаймыз.Осы жаттығуды орындау барысында көп бала 
аузын жауып алады.Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік 
таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек.Осы 
жаттығуларды жасау барысында баланың тілін дамытуға болатынын 
көреміз.Басқа да дыбыстарды айтуға болады. Р-Р-Р-Р


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет