Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


-ТАРАУ  ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет35/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
4-ТАРАУ 
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
4.1 Қарым-қатынас процесінің психологиялық ерекшеліктері 
Қоршаған ортадағы адамдардың көңіл-күйі әсер ете, Сіз өзіңізді және өзгені бағалауда, 
достық пен махаббатта, құрмет пен сүйіспеншілікте жеке көзқарас қалыптасады.Қарым-
қатынас зерттеулері Аристотель еңбектерінен бастау алады. Аристотельдің «Этика» 
еңбегінде адамдардың достық, сүйіспеншілік сезімі негізінде қарым-қатынастың тұлғаға 
ықпал етуі қарастырылған. 
«Қандай да бір оқиғаның болу ықтималдығы болса, онда ол міндетті түрде болады» 
деген Мерфи заңы бар. Адамның өмірінде қарым-қатынастың айрықша маңызы зор. 
Қарым-қатынас психологиясы дегеніміз: 
Біріншіден, адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының зандылықтарын 
зерттейтін ғылым. 
Екіншіден, тұлғаның мінез-құлқына әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен 
технологияларының жиынтығы. 
Үшіншіден, адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс 
орнататын күрделіпроцесс. 
Қарым-қатынас мәселесі алғашқыда Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде шешендік өнер, 
эвристика және диалектика саласында кеңінен қарастырылған. 
Психология саласында өзіндік үлес қосқан ғалымдар А.Ф. Лазурский қарым-
қатынастың екі түрін бөліп көрсетті: 
1)тұлға мен қоршаған орта 2)эндо және экзопсихикалық құбылыстар
Эндопсихика –тұлғаның ішкі механизмін анықтаса, экзопсихика тұлғаның сыртқы 
ортаға қарым-қатынасын зерттейді. 
Мясищев В.Н. қарым-қатынас жүйесін екі класқа бөлуді ұсынды. 
1. Әлеуметтік қарым-қатынас – бұл әлеуметтік тұрғыдан, түрлі әлеуметтік топтар 
арасындағы қарым-қатынасанықтайды. 
2. Психологиялық қарым-қатынас адамдардың эмоциялық мінездемесіне сәйкес тұлға 
аралық қарым-қатынасты зерттейді. Топтағы тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуге Дж. 
Мореноның «Социометрия әдісі» қолданылады. 
Қарым-қатынас 
аса 
үлкен 
құндылық 
болып 
табылады. 
Қарым-қатынас 
психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралық 
формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке 
тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік- психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын 
зерттеу. Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-
құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы - мінез-
құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы. 
Қарым-қатынас – тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып 
табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым – қатынас мәселесі шешендік өнер, 
эвристика және диалектика саласында зерттелді. 
И.А. Зимняяның айтуынша қарым-қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде 
қарым-қатынас 
мәселесі 
философия, 
әлеуметтану, 
әлеуметтік 
лингвистика, 
психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық 
психология салаларында зерттелуде. Қарым – қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды 
орнын психологтар Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, 
А.Р. Лурья, В.Н. Мясищев, А.В. Петровский зерттеген. 1970-ші жылдардың аяғынан бастап 
қарым-қатынасты жан-жақты қарастыратын зерттеулер пайда болабастады. 
Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б.Ф. Ломов үш – 
макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды. 


52 
Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, 
дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді. 
Мезадеңгей тақырып мазмұнымен анықталады. 
Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері: сұрақ-жауап, ым-ишара арқылы 
көрінетін байланыс. 
Қарым-қатынас үрдісін басқару құрылымын В.А. Кан-Калик теориялық және 
практикалық қызығушылыққа бөледі: 
1) болашақ қарым-қатынастың нақты жоспарланған жүйесі; 
2) болашақ қарым-қатынастың шарттары және құрылымыныңнақтылануы; 
3) тікелей қарым-қатынастың бастапқы кезеңінің жүзегеасуы; 
4) басталған қарым-қатынас жүйесін басқарудыңбастамашылдығы. 
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып табылатындығы 
туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф. Олпорт ашқан еді. В. Меде 
мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет