ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.
А., 1992.
2.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Алматы, 2006 ж. 365-375бб.
3.
К. Аманжолов. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. Алматы, 2004 ж. 316-317 бб.
4.
Мусин Чапай. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008 ж. 443-465 бб.
5.
Қазақстан тарихы 5 томдық, 5 том. Алматы, 2010 ж. 401-408 бб.
6.
Қазақстан тарихының очерктері. Алматы, 2005
7.
Е-mail Krosce (at) Kazakhstan. At
8.
Л. Қалыбекова. Қазақстан және Ислам Конференциясы Ұйымы: бүгіні мен ертеңі.
//Егемен Қазақстан. 13 қараша, 2010.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль Независимого Казахстана в мировом сообществе.
SUMMARY
The article discusses the role of independent Kazakhstan in the international community.
ӘОЖ 9(С)55 Қ 45
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ЭТНОГЕНЕЗІ МЕН ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ
Қасымбекова М.А.
-
оқытушы
,
Қоңырова А.М.
-
оқытушы
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация:
Қыпшақтар билігінің Арал ӛңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға
таралуына байланысты этникалық саяси жағдайдың ӛзгеруіне қарай ХІ ғасырдың
2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл–гузз) деген атаудың орнына
«Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай - ақ
оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне
жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. Мақалада
қыпшақтардың этногенезі мен этникалық тарихы қарастырылған.
Түйін сөздер:
қыпшақтар, оғыздар даласы, куман тайпалары, жайлау, қыстау, ХІІ ғ.,
ХІІІ ғ., хорезмшах, орда, мемлекет.
ХІ ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған
аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына кӛшті. Қыпшақтардың билік
басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
54
қимыл жасай бастады, мұның ӛзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа
мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары
Сырдарияның тӛменгі және орта аңғарынан, Арал мен Каспий ӛңірі далаларынан оғыз
жабғуларын ығыстыруына экономикалық және саяси себептер де болған еді. Саяси фактор
ең алдымен ХІ ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында
қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың
ӛзін-ӛзі билеуге және ӛз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан
аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. ХІ ғасырдың бірінші жартысында күшейген
қыпшақ тайпаларының кӛсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап,
сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның тӛменгі ағысы арқылы ӛтетін аса
маңызды сауда жолдарын ӛз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Европамен
жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше
қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал ӛңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына
байланысты этникалық саяси жағдайдың ӛзгеруіне қарай ХІ ғасырдың 2-ширегінің басында
«Оғыздар даласы» (Мафазат әл–гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті
Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай-ақ оған жапсарлас жатқан
аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол
арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. ХІ ғасырдың ортасында кумандардың
негізгі бұқарасы мен билеушісі тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ
тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теңіз ӛңірі далалары мен Византия
шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының
жері этно аумақтық екі бірлестікке: Еділ ӛзені бӛліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс
қыпшақ бірлестіктеріне бӛлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының кӛп бӛлігі Шығыс қыпшақ
ұлысы ханының билігінде болды.
Ғылыми әдебиетте қыпшақтарда мемлекет болу проблемасына екі кӛзқарас бар.
Олардың біріншісін жақтаушылар қыпшақтарда бір жағдайда-бұрынғы мемлекеттік
құрылым ретінде, ал екінші жағдайда, атап айтқанда, хорезмшахтардың мәдени ықпалы
барысында қыпшақтардың мемлекеттік дәстүр элементтерін игеруі ретінде қарастырылатын
мемлекеттік болған деп санауға бейім.
Екінші пікір бойынша, мемлекеттің болу мүмкіндігінің ӛзі бекерге шығарылады.
Мәселен, қыпшақтардың саяси құрылысы Ұлы Далаға мемлекетсіз үйренісудің үлгісі ретінде
анықталады. Алайда, екі жақтың да кӛзқарасындағы айтарлықтай олқылық проблеманы
кимектер мен қыпшақтар арасындағы сабақтастық байланыстар тұрғысынан қарастыруды
ұнатпаушылық болды. Айта кетелік мұндай мүмкіндік кимектерде мемлекет болғаны
анықталғаннан кейін ғана туды. Жазбаша деректемелердің мәліметтері қыпшақтарды
Кимектер мемлекетінің толық құқылы мұрагерлері болған деп санауға мүмкіндік береді.
ХІ ғасырдың екінші жартысынан ХІІ ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ
хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен
деректемелерде ең елеулі екі билеуші - «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие
патша» бӛліп айтылады.
Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік
иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбӛрілі әулеттік
ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузджани (1260 жылдан кейін қайтыс
болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас
кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан
ұлы ұлылығы», Дели сұлтанында ол «Елбӛрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі
болды. «Ұлық – ханның әкесі де, - деп жазады одан әрі Джузджани, - Елбӛрі тайпасының
арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбӛрі Абар-ханның
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
55
ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбӛрі (елбӛрілі) руының
генеологиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмуд Қашғаридың қыпшақтар арасындағы Табар-хан есімді
тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан жӛнінде ешқандай қосымша
мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бір ақ
адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) ХІ-ХІІІ ғасырдың басындағы
Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан армиясын басқарған
ханның басқару аппараты орналасты. Әскери – әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі
түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық ӛзенінде Сарайшық қаласы
орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ – қаласында (Сырдарияда)
орналасқан сол қанатқа бӛлінді. Неғұрлым күштісі оң қанат болды. Дұрысына келгенде,
хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік
басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, ӛйткені, олар кӛшпелі тұрмыстың ерекшелігін
кӛрсетті және кӛшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды.
Қыпшақ тайпаларының кӛшіп – қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан
да астам шақырым жерге кӛшіп жүрді. Олардың кӛшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық
дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі
жайылымдардың орны мен кӛшу жолдары, сан ғасырлық тәжірибе ұрпақтардың бойында
қалыптасты.
Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау»
және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты кӛшу жолдарын елеулі
экономикалық, әлеуметтік немесе саяси себептер ғана ӛзгерте алатын. Кӛшу жолдары мен
жайылымдарды бӛлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық кӛшпелі
жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (тӛре)
орныққан нормалары бойынша жазаланады деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-
тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, кӛшу мүмкіндігін
жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар – жатақтар (ятұқтар) қатарына ӛтті.
Кедей ятұқтар жеткілікті мӛлшерде мал пайда болысымен-ақ, ол қайтадан кӛшпелі
шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшпақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе
хорезм шахтарымен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың
билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым тӛлеуінен, оның соғыс жорықтарына ӛз қолдарымен
қатысуынан кӛрінді. Селжұқтар әскерінің құрамы кӛбінесе қыпшақ кӛсемдері бастаған
тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
ХІ ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс
жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен
тайпаларының жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды.1096 жылы «құдіретті» хан
бастаған
қыпшақ
бірлестігінің
тайпалары
Хорезмге
жорық
жасады.
Алайда
хорезмшахтардың қамқоршылары селжұқтар оларды Маңғыстауға қайтуға мәжбүр етті.
Махмұд Қашғаридың жанама мәліметтеріне қарағанда, қыпшақтардың әскери-кӛшпелі
шонжарлары қарахандар әулетінің билеушілерімен саяси жағынан күрделі ӛзара
қатынастарда болған. Қарахандар қыпшақ ұлысының шығыс шектеріне жорықтар жасады, ал
кимектер Ертіс жағалауынан Жетісудағы түріктердің мұсылман державасына шапқыншылық
жасады. Қыпшақ хандары ӛз жерінің оңтүстік – батысында, Тараз аймағында Қарахандар
мемлекетімен шекаралық мекен ретінде Кенжек сеңгір бекінісін салды.
ХІ ғасырдың аяғында Жент, Жанкент және тӛменгі Сырдарияның басқа да қалалары
қыпшақ кӛсемдерінің қолында қала берді. Алайда ХІ ғасырдың бірінші жартысында бұл
аймақ қыпшақ хандары мен оны қайткен күнде де иеленуге тырысқан Орта Азияның
мұсылман әулеттері арасындағы табан тірескен күрес ӛңіріне айналды. Кутб ад-дин
Мұхаммед билеген кезеңде (1097-1127) қыпшақтар Хорезмшахқа пәрменді қарсылық
кӛрсетіп, тӛменгі Сырдария мен Арал және Каспий теңіздері аралығындағы далалық
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
56
жерлерді ӛздеріне сақтап қалды. Қыпшақ билеушілері Мұхамедтің мұрагерлері, ұлы
Атсызды (1127-1156) күшті де алғыр қарсылас деп білді. Хорезмшах билігінің алғашқы
кезінде Санжарға адал бодан балып қала берді. Сол екі арада, кӛп кешікпей ол ӛзінің бүкіл
ой-ниетін ең алдымен шектес жатқан қыпшақ тайпаларын бағындыру арқылы ӛз билігін
күшейтуге бағыттады. Исламды таратуды желеу еткен Хорезмшах Атсыз Жентке жорық
жасап, оны жаулап алды да, сонан соң солтүстікке аттанып, Маңғыстауды ӛз иеліктеріне
қосты.
ХІІ ғасырдың ортасында қыпшақтар мен кимектердің әскери қолдары Еділ бойында
орналасқан Саксин мен оның тӛңірегіне жорық жасады. Осы оқиғалардың нәтижесінде
Саксин тұрғындары қыпшақ хандары оған ӛз наместниктерін (басқақтарын) тағайындады.
Орныққан дәстүрге сәйкес, Хорезм билеушілері қаңлылар мен қыпшақтардың хандарының
руынан әйел алатын. Біріккен қаңлы тайпалары ХІІ ғасырдың екінші жартысы – ХIII
ғасырдың басында ӛзін-ӛзі билеуге ұмтылған және сол арқылы Қыпшақ хандығының саяси
бірлігіне жәрдемдеспеген үлкен саяси күш болды. Хорезмшахтардың негізгі әскери тірегі
қаңлылар мен қыпшақтардың топтары болғаны мәлім. ХІІІ ғасырдың басында Хорезмшахтар
сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік үлкен рӛл атқарды, ал оның қызын
Хорезмшах Ала ад-Дин Мұхаммед алған еді. Хорезмшахтар мемлекеттік және әскери
лауазымдар берген қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтардың мүдделерін қорғады. Қыпшақ
қоғамында қыпшақтардың едәуір топтарының Хорезмді жақтаған бағыт ұстауы, сондай-ақ
жоғарғы билік үшін бақталастықтың орталықтан аулақтану сарындары туғызған ішкі
қайшылықтар күшейді. Осы жағдайда хорезмшахтар қыпшақ кӛсемдері арасында
шеберлікпен араздық отын тұтатып, қолдап отырды.
ХІІ ғасырдың аяғында Қадыр-Буке-хан мен оның жиені Алып-Дерек дауласып қалды.
1198 жылы Такештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен бірге далаға жорық жасады. Қадыр-
Буке-хан талқандалып, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі Алып-Дерекке кӛшті, ол
хорезмшахтарға тәуелсіз саясат жүргізді. Қыпшақ ханының одан әрі күшеюінен қауіптенген
Текеш Қадыр-Буке ханды босатып, оған Хорезмнің кӛп әскерін берді де, Алып-Дерекке
қарсы аттандырды. Соның нәтижесінде Алып-Дерек талқандалды, алайда Қадыр-Буке-
ханның ӛзі Хорезмшахқа тәуелді болып қалды.
ХІІІ ғасырдың басында мұсылмандық Азияда дәмеленген хорезмшах Мұхаммед
(1200-1220) мемлекетінің құрамына Сығанақ аймағы да кірді. Сығанақ иелігінен
айырылғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы табанды күрес жүргізуін
жалғастыра берді. Женттен Мұхаммед солтүстікке қарай Дешті Қыпшақтың қыпшақтарына
қарсы талай рет жорық жасады. 1216 жылы Қадыр-ханға қарсы бір соғыс жорықтары кезінде
ол Ырғызға дейін жетіп, онда Торғай даласында моңғолдардан қыпшақтар еліне қашқан
меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан әскерімен мүлдем күтпеген жерде қақтығысып
қалды. Сұлтанмен шайқастан кейін моңғолдар түн жамылып шегініп кетті. Бұл Қазақстан
жеріне моңғолдардың алғашқы келуі болатын, ол қыпшақтардың хорезмшахтармен ұзаққа
созылған бақталастығын тоқтатты.
Қыпшақ мемлекеті құлады, алайда оның даму үрдісін ХІІІ ғасырдағы ауыр оқиғалар
біржола күйреткен жоқ, тек қана тұншықтырып тастады, сӛйтіп XV ғасырда, қазақ халқы мен
мемлекетінің қалыптасу кезеңінде қайта шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |