Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет46/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Тарихи тұтастану. Тұтастанудың бұл түрі – барлық елдің 
фольклорларына, дәлірек айтқанда, эпосы мен аңыздарына 
тән. Қай халықты алсақ та, оның өмірі бірыңғай жағдайда 
дейді. Тыныштық, бейбіт өмір қатыгез жаугершілікпен ал­
масып отырады, сөйтіп, адам тіршілігінде бір жақсы мен 
жа ман қатар жүріп, ел өмірінде де татулық пен араздық, тү­
сіністік пен соғыс ұдайы алма­кезек болып тұрған ұрыс­соғыс 
кездері батырлықты, ерлік пен қайсарлықты дәріптейтін өлең­
жырлар ерекше мәнге ие болады да, көбейе түседі. Мұндай 
шақтарда бұрынғы қаһармандық өлең­жырлар қайтадан жиі 
орындалады, олар өңдеуге түседі. Сөйтіп, ескі сюжеттер, бір 
жағынан, сақталып жатса, екінші жағынан, жаңа оқиғалармен, 
жаңа мазмұнмен молығып, жаңа сипатқа ие болады. Сонымен 
қатар енді жаңа жырлар да пайда болады. Міне, осындай 
жағдайда эпостың тарихи тұтастану процесі қаттырақ жүреді 
де, байырғы заманның оқиғалары кейінгі дәуірге көшіріледі, 
ежелгі дұшпанның орнын кейінгі жау басады, тіпті кейде 
олар араласып та кетеді. Ал бұрынғы батыр ұмытылып, оның 
іс­қимылы, ерлігі шыққан батырға телінеді, рас, кейбір 
жырларда олар қатар көрінуі де мүмкін, бірақ соның өзінде 
де кейінгі дәуірдің батыры ерекше болып бейнеленеді немесе 
ол екіншісі – баласы болып келеді. Жалпы, тарихи тұтастану 
кезінде әр заманғы оқиғалар, адамдар ғана араласып кетпейді, 
сондай­ақ оқиға өткен жерлердің, ру­тайпалардың, батырдың 
міндетін тұлпарының, оның көмекшілерінің аттары да, яғни 
күллі эпостық ситуация да араласып кетеді, тіпті өзгеріске 
ұшырайды. Эпоста мұндай заңдылық бар екенін көптеген 
ғалымдар байқаған. Мысалы, А.Н. Веселовский, В.Я. Пропп, 
В.М. Жирмунский, Е.М. Мелетинский, Б.Н. Пу тилов сияқты 
эпосты зерттеушілер тарихи тұтастану процесіне көп көңіл 
бөлген.
Қазақ эпосында да тарихи тұтастану бар екенін, дәлдеп 
солай атамаса да, Мұхтар Әуезов жақсы аңғарған.
Ұлы Мұхтар 1927 жылдың өзінде­ақ былай деп жазады: 
«Ел әңгімесі, ел қиялы тарихтың пәлен жыл мен пәлен жыл 
арасындағы уақиға деп санайтын өлшеуінен бірде ілгері
12­279


[
  178  
]
бірде кейін кетіп отырады, тарихта дәл болып өткен мезгілді 
ел әңгімесінің кейде білмей шатастыратыны да болады. Кейде 
әдейі біле тұра бір сүйген мезгіліне не есінде ұмытылмастай 
болып нақ орнап қалған тарихи уақиғаның тұсына ертеде болған 
уақиғаны, кейінгі заманда болған уақиғаны да түгелімен алып 
келіп, бір жерге басын қосып, үйіп­төгіп қоятыны да болады.
Сондықтан көп жұрттың ескілікті әңгімелері белгілі бір хан 
мен патшаның айналасына жиналады. Кейде бір үлкен дәуірге 
әкеліп жинап қояды. Орыс жұртының батырлар ескілігінің 
барлығы «қызыл күндей Владимирдің» айнала сына жиналған 
сияқты. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме, ертегісінің Арон 
Рашит айналасына жиналғаны сияқты. Бергі заманда көп 
елдікке бөлінген түрік жұрттарының сондай дәуірі Алтын 
Орданың кезі болады. Өзге елдерден іргесін бөлек қылып алып 
шыққанда қазақ ескілігінің көбі әз Жәнібек ханның тұсында 
болады»
42
.
Мұхтар аға қазақ фольклорындағы тұтасатанудың екі түрін 
сипаттаған. Бірі тарихи да, екіншісі – сол тарихидың ішінде 
болатын бір орталық, бір басшы маңайына тұтастану. Олар 
жөнінде әлі айтамыз. 
Эпостағы тарихи тұтастану құбылысын академик Н. Ве­
селовский француздар мен славяндардың эпосы негізінде 
жақсы зерттеген. Ғалым дәлелі бойынша, Роланд туралы 
жырлар бір ғана ұрысты баяндамайды. Ол бірнеше шайқасты 
және әр заманда болған шайқасты қамтыған. Осы айды ол серб­
тердің де фольклорынан байқаған. Ал былиналары жөнінде 
А.Н. Веселовский былай деп жазады: «Орыс былиналарында 
да бірнеше қатпар бар. Біріншіден, татар дәуірінің қатпары, 
екіншіден, орыс жеріне шабуыл жасаған басқа да зорлықшылар 
туралы естеліктер, мысалы, қыпшақтар (половецтер)...
...Қыпшақтар хақындағы жырлар ежелгі ұмытылған, бірақ 
олардың көбісі біздің былиналарымызда басқа атау­жекеле­
ген мотивтер түрінде сақталып қалуы да ықтимал. Татарлар­
дан біздерге қыпшақтарды ажыратып алу қиынға соғады... 
Жеңістер мен жеңілістер, қырғындар жайлы естеліктер ел 
қиялында жинақталған, кейде ескіні де бойына сіңірген, сөйтіп 
жол­жөнекей басқа да сарындарды қамтыған. Сондай­ақ образ 


[
 
 179  
]
бен көркемдік идеясы бойынша ұқсас, бірақ мезгіл жағынан 
алшақ нәрселермен де толығып отырған» 
43
.
Ғалымдар эпостың тарихи тұтастануы, негізінен, мем­
лекеттік коғам тұсында, яғни рулық­тайпалық қауым ыдырап, 
ел бір орталыққа бағынатын мемлекет жасап, сол мемлекетке 
қауіп төнген шақта орын алады деп есептейді. Алайда, біздің 
байқауымызша, қазақ фольклоры бұл қағиданы анықтай 
түсуге мүмкіндік береді. Қазақ фольклоры мен тарихына 
сүйенсек, эпостың тұтастануы бір орталықты мемлекетке дейін 
де болуы мүмкін деген тұжырым айтуымызға болады. Екінші 
сөзбен айтқанда, қазақ фольклорында тарихи тұтастану біздің 
қоғамдық дамуымызға, патриархалды­адалдық құбылысқа 
сәйкес десе де болғандай. Яғни, біздің эпоста тарихи тұтас­
танудың екі түрі бар сияқты. Бірі – ертеректе, рулық заман­
дарда болған әр түрлі оқиғалардың кейінгі дәуірдегі бір 
батыр төңірегіне топталуы (рас, мұны сюжеттік тұтастануға 
жатқызуға да болады). Екіншісі – ежелгі оқиғалар мен 
жаулардың Қазақ хандығы тұсына көшірілуі. Бұл – мемлекет 
кезінде болатын тарихи тұтастанудың үлгісі.
Тарихи тұтастанудың бірінші түрінде бүкіл елді басқарған 
бір хан, жұрт мойындаған орталық жоқ. Сондықтан ол 
кездің батырлары жеке жүреді, ханға қызмет етпейді, олар 
өз руын, өз мекенін ғана қорғайды. Барлық халықты қорғау 
жоқ, мемлекеттің шекарасын күзету болмайды. Мұнда күллі 
мемлекетті билейтін хан көрінбейді, оның ордасы да, әскері де, 
демек, батырлары да жоқ. Мәселен, ерте дәуірдегі шығыс (иран) 
эпосында, орта ғасырдағы батыс (француз) эпосында, орыстың 
былинасында бүкіл халықты билейтін бір басшы – падишах, 
король, князь болады. Олардың қарауында қызмет ететін 
батырлары бар. Елге, мемлекетке қауіп төнгенде батырлар 
өз әміршісінің маңайынан табылып, бұйрығын орындайды, 
мемлекетті қорғайды. Бізде мұндай жағдай әз Жәнібек пен 
Абылай ханға ғана қатысты болып келеді. Бұл – XV ғасырдан 
бергі (яғни Қазақ хандығы) кезең.
Ал қазақтың одан бұрынғы дәуірде пайда болған эпостарында 
тарихи тұтастану сәл басқаша, өзіндік сипатта секілді. Ол – 
әр кезде болған әр түрлі оқиғалардың кейінгі бір адамның 
есіміне байланыстырылуы, соның атына топталуы. Көпке 


[
  180  
]
әйгілі болған кейінгі заманның батырына оның өз басынан 
кешкен оқиғалармен қатар әлдеқашан, басқа адам атқарған іс­
әрекеттер де телінген, тіпті кейбір жағдайда бір мекенде болған 
әр кездегі оқиғалар да кейінгі дәуірдікі болып бейнеленген де, 
сол батырдың ісі деп қабылданған. Сөйтіп, ол батырдың ерлігі 
көбейе түскен. Академик А. Веселовский айтқандай: «Жыршы 
белгілі бір оқиға жайында бір ғана емес, бірнеше өлең­жырды 
білуі мүмкін; жыршы оларды қатарынан жырлаған кезде бір 
батырға немесе сол оқиға болған бір жерге байланысты бірнеше 
өлең­жырдың тобы пайда болады...»
44
Біздіңше, осындай тұтастану үлгісіне «Қамбар батыр» 
оқи ғасын жатқызуға болады. Бұл жыр екі бөлімнен тұрады, 
екі түрлі сюжет, екі бөлек оқиға. Алғашқысы – Қамбардың 
жол барыспен айқасы. Бұл – көне эпостың нұсқасы. Әдетте, 
көне эпоста батыр өзінің күшті екенін дәлелдеу үшін өзі­
нен әлдеқайда зор хайуанмен немесе басқа бір ғаламатпен 
шайқасып, оны жеңуі керек болған (кейін классикалық 
эпоста батырдың бұл күресі – оның алғашқы яки болмаса 
«ойы 
ны» болып суреттеліп, көркем әдіс пайдаланылған). 
Міне, осындай дәстүрмен құрылған көне эпос өз руластарына 
қамқор болып жүрген Қамбар туралы жырға еніп, Қамбардың 
қалмақтармен соғысқан ерлігімен тұтасып, біртұтас шығарма 
болып тұр. Бұл жерде айтатын нәрсе: қалмақтармен соғыс 
ежелгі сюжетті өзгертпегендігі, яғни кейінгі жау алғашқы 
дұшпанды ығыстырып шығармаған. Екінші сөзбен айтқанда, 
бергі замандағы қалмақтар шапқыншылығы тұсында туған 
жырлар ескі эпосты түгелімен мансұқ етпейді, оны мүлде ұмыт 
қалдырмайды. Айтылмыш жағдай мемлекеттік қоғам кезіндегі 
фольклордың тарихи тұтастануы процесінде де сақталады.
Тарихи тұтастанудың алғашқы түрін «Алпамыс батыр» 
мен «Қобыланды батыр» жырларынан да байқауға болады. Ең 
бастысы – екеуінде де батырлар өз руын, өз мекенін қорғайды; 
мұнда бүкіл елді басқарып отырған әмірші жоқ, керісінше, 
батырлар – қоңырат пен қарақыпшақ елінің, яғни өз руларының 
ғана басшысы. Олардың үстінен қарайтын, оларға әмір беретін 
адам жоқ. Яғни, әлі бір орталық, қатаң мемлекет жоқ. Ал енді 
осында тарихи тұтастану қалай көрінеді? Мысалға, «Алпамыс 
батырды» алайық. Оның ең алғашқы нұсқасы батырлық ертегі 


[
 
 181  
]
түрінде VI–VIII ғасырларда Алтайда пайда болған (Ертегінің 
өзгерген сарқыншақтары алтайлықтардың «Алып Манаш» 
эпосына айналған). Алтайдан ауған түркілер (оғыз бен 
қыпшақтар, қоңыраттар) бұл сюжетті ІХ­Х ғасырларда осы 
күнгі Қазақстан жеріне әкеледі. XI ғасырда Сыр мен Аралдан 
оғыздар Алып Манаш аңыздауларды өздерінің жаңа мекені – Ана­
толиге, Кавказға алып барады. Сол жақта ол сюжет Салор – 
Қазан Парады эпикалық жырлардың тобымен бірге «Кітаби 
дедем Қорқыт» жинағына «Бамси­Байрек» деген атаумен 
енеді. Бұл – XV ғасыр 
45
.
Міне, сонау VIII ғасырда әйгілі болған Алпамыс (Алып 
Манаш) батыр туралы көне эпос әр елде, әр жерде, әр түрлі 
өзгеріске түскен. Қазақ елінде ол әдемі қаһармандық жырға 
айналған. Зерттеушілердің айтуынша, бұл XVI ғасырда 
болғанға ұқсайды. Бұл кезде Қазақ хандығы құрылып, өзінше 
өмір сүріп тұрған болатын. Демек, Алпамыс батыр туралы 
жыр тарихи тұтастанудың екінші түріне ұшырағаны күмәнсіз. 
Солай болса да, бұл эпоста алғашқы тарихи тұтастану бар. Оны 
мыналардан білуге болады: егер сюжеттің Алтайдағы төркін 
нұсқасында мифологиялық элементтер басым болып, оның 
жаулары да мифологиялық сипатта болса, қазақ эпосында 
ешбір мифологиялық белгі жоқ, оның жаулары – кәдімгі 
адам 
дар, өзінің тумасы және қалмақтар. Сондай­ақ, көне 
эпостан сақталған қатпарлар да бар. Оның бастысы – батырдың 
алмастығы, оның үйленуі, жау қолына түсуі, үйіне келіп, 
әйелінің «тойының» үстінен шығуы.
Қазақ эпосы осы ескі белгілерді сақтай отыра, кейінгі ру­
лық­тайпалық дәуірдің мұраттарын кіргізіп, сюжетті соған 
лайық тұтастандырған. Басқаша айтқанда, түпкі көне эпоста 
Алып Манаштың қай рудан екені айтылмайды, оның әкесі 
Байбарақ рубасы емес, батыр. Манаштың (әкесі алып берген) 
әйелін менсінбей, өзі кітаптан оқып біліп, іздеп шыққан Ерке 
Қарақшы деген қай рудан екені де хабарланбайды. Тек оның 
әкесі Ақ хан деген жаман кісі еді дейді.
Ал қазақ жырында Алпамыстың әкесі бүкіл қоңыратты 
аузына қаратқан бай болып суреттеледі. Оның баласыздығына 
күллі ел, тіпті хан да мұңаяды. Демек, мұнда тек көне сюжет 
рулық­тайпалық сипатпен толықтырылған. Мұның тағы бір 


[
  182  
]
көрінісі – Алпамысқа айттырып, құда түскен Гүлбаршын 
қыз шекті руының бойжеткені болып баяндалатындығы. 
Екінші, Алпамыс Қоңыраттың кегін қайтару үшін өзі жоқта 
шауып әкеткен Тайшық ханмен соғысады. Егер көне эпоста 
Алып Манаш өзі ғашық боп, іздеп барған қыздың әкесімен 
соғысса, қазақ жырында Алпамыс кейінгі заманда халықтың 
ата жауы болған қалмақтармен соғысады. Оның қалыңдығы 
Гүлбаршынды алмақ болған Қараман – қалмақтардың батыры. 
Алпамыс Қараманды жекпе­жекте жеңіп, Гүлбаршынды 
алады. Қайын атасын сол елге хан сайлап, бірнеше ай қайын 
жұр 
тында жатады. Әрі қарай эпос былай дейді: «Алпамыс 
күндерде бір күн еліне қайтуды ойланып, қоштасуға халқын 
жинап алып, рұқсат сұрады, ол ел жақсыларымен ақылдасып, 
кеңесіп, қырық нарға зер артып, алтын отау жасап, Сарыбай 
қызы мен күйеуін шығарып салды. Бірнеше күн жол жүріп, 
азғана емес, мол жүріп, өзінің еліне келді. 
Алпамыс батыр аман­есен еліне келсе, әкесі Байбөрінің 
жылқысын Тайшық хан деген қалмақ шауып әкетіпті»
46
. Енді 
Алпамыс қалмақ еліне кек алу үшін жорыққа аттанады. Көріп 
отырғанымыздай, Алпамыс екі ретте де қалмақпен соғысады. 
Бұл, сөз жоқ , кейінгі дәуірдің жемісі. Тарихтан белгілі, қазақ 
хандығы құрылғаннан бастап жан ры жаулардан қорғанумен 
болды. Солардың ішінде, әсіресе қалмақтардың шабуылы жиі 
болып тұрды, екі ел арасында XVI­XVIII ғасырларда ондаған 
шайқас болды.
Қалмақтардың дүркін­дүркін жасаған шапқыншылығы 
Қазақ хандығын айтарлықтай шайқап, көп уақытқа дейін 
іретіп тастаған. Бірақ соған қарамастан халық мойыған жоқ, 
керісінше, өз бойынан жауға қарсы күресетін күш таба білді, 
соның арқасында дұшпанын жеңіп, елдігін сақтап қалды. 
Алайда, ұлы жеңіс оңайлықпен келген жоқ­ты. Жұрт ұйысып, 
бас көтере алмай, жеңіліс тауып, еңсесі түскен, кез аз болған 
жоқ. Аштық, қуғын­сүргін, зорлық­зомбылық, қорлық – 
бәрін бастан кешірді. Мұндай қиын­қыстау шақ, елдіктен, 
атамекеннен, тәуелсіздіктен айырылу қаупі халықты ширап, 
бар күшін жинап, бір жұ 
дырық болып жұмылуға, бірлесе 
отырып, жауды тойтаруға міндеттеді. 


[
 
 183  
]
Осы бір ел басына күн түскен, ауыр кезеңде жұртты жұ­
мыл дырған күштің бірі – жыр болғаны күмәнсіз. Аты әйгілі 
жыраулар мен жыршылар өздері араласып, куә болған 
шайқастар туралы өлең­жырлар шығарумен қатар бұрыннан 
белгілі жырларды жаңғыртып, жаңаша жырлады, сюжеті 
мен мазмұнына жаңа идея мен соны ойларды енгізіп, ескі 
мен жаңаны араластыра, байланыстыра айтты, сөйтіп жаңа 
үлкен дүниелер туғызды. Яғни ескі фольклор заман талабына 
сай қайта қаралды, өңделді, жөнделді. Соның нәтижесінде 
осы күнгі бізге жеткен қазақ эпосында әр заманда болып 
өткен бірнеше оқиға араласқа түскен, сөйтіп, ескі мен жаңа 
бірігіп, жырдың мазмұны бір адамның басынан кешкендері 
болып көрінеді. Айтылмыш жайт «Алпамыс батырда» айқын 
байқалады. «Алпамыс ба тыр» – тайпалық эпос болса да, Қазақ 
хандығы кезіндегі тарихи тұтастануды бойына сіңірген.
Сонымен құрылымы жағынан қарастырғанда «Алпамыс 
батыр» үш сюжеттен тұрады. Біріншісі – жас батырдың ер­
лікпен үйленуі, екіншісі – елін шауып кеткен жаудан кек 
алуы, үшіншісі – батырдың еліне оралуы, әйелінің ықтиярсыз 
«тойының» үстінен шығуы.
Осындағы алғашқы сюжет – ерте заманда пайда болған 
сюжет, бірақ сәл өзгеріске ұшыраған. Көне эпоста жас ба тыр 
үйлену үшін не бір мифологиялық құбыжықты, не бір керемет 
күшті тағы аңды, зор хайуанды, не бір басқа, адам санатына 
қосылмайтын алыпты жеңетін­ді. Ал мұнда Алпамыстың 
жеңетіні – кәдімгі адам, қалмақ батыры Қараман. Егер та­
рихи тұрғыдан келсек, қалмақ – реалды дұшпан. Ол бір ғана 
Гүлбаршынға емес, бір ғана сұлуға емес, күллі қазаққа, бүкіл 
елге қауіп төндіріп тұр. Өмірде солай болды. Сондықтан 
халыққа ол жауды жеңетін батыр, елдің рухын көтеретін 
жыр керек еді. Енді бұрынғы жас батырдың үйленуі туралы, 
осы жолда оның жабайы хайуанды немесе мақұлықты жеңуі 
жайындағы сюжет елді қанағаттандыра алмады. Сол себепті 
бұдан былай ескі жаудың бәрін қалмақпен ауыстыру қажет 
болды, сөйтіп оны қазақ батырынан жеңіліп қалатын дұшпан 
ретінде суреттеу міндеті туды. Өйткені қайта­қайта шабуыл 
жасап, маза бермей, елді тонап­тоздыра берген, бүкіл қазақ 
жерін басып алуды ниет еткен жауды қайткенде де қайтару, 


[
  184  
]
оны өз жеріне қуу керек еді, оны қалай да жеңу керек болатын. 
Тіпті шын өмірде жауды әлі жеңбесе де, халық өз жырында 
оны жеңіп, қуанышқа бөленуді арман етті. Міне, сөйтіп, 
көне заманғы сюжет кейінгі дәуір шындығының белгілерін 
қабылдап, сол болмысқа лайықталып, тарихи тұтастануға 
түсті.
Бұл жағдайды жырдағы екінші сюжеттен де көруге болады. 
Мұнда Алпамыс қалыңдығын іздеп кеткенде, қалмақтың 
ханы Тайшық оның елін шауып, Байбөрінің жылқысын айдап 
әкетеді. Айтылмыш сюжет, сөз жоқ, қазақ­қалмақтың соғыс 
дәуірінде туған. Олар ұзақ уақыт жауласудың кесірінен бір­
біріне ұдайы шабуыл жасап, бір­бірін тонап, малын барым­
талап, алма­кезек кек алып отырған.
Ал енді жырдың осы бөліміндегі Алпамыстың тұтқынға 
түсуіне келетін болсақ, ол алтайлықтардың «Алып Манасы н­
да» да бар, демек, бұл ежелгі мотив «Алпамыстың» сюжетінде 
сақталған. Рас, біраз өзгерген. «Алып Манаш» батырдың орға 
түсуі, онда алып ұйқымен ұзақ жатып қалуы, тұлпарының, 
Манаш тілін алмаған соң, жұлдыз болып, аспанға ұшып кетуі, 
Манаш оянғанда жерге қайта түсіп, иесін ордан шығарып 
алуы – мұның бәрі мифологиялық сарында баяндалады. Ма­
нашпен салыстырғанда Алпамыстың тұтқынға түсуі, зын­
даннан шығуы – өмірге жақын. Әрине, түпкі сюжет байырғы 
болғандықтан мұнда да ертегілік сипаттағы іс­әрекеттер бар. 
Айталық, Алпамыстың суға батпайтындығы, отқа күймейтіні, 
оққа ұшпайтыны, қылышқа кесілмейтіні, сондай­ақ оны же­
леп­жебеп жүретін керемет иелері Ғайып Ерен Қырық Шілтен, 
Баба Түкті Шашты Әзіз тәрізді кейіпкерлер болғанмен де бұл 
ертегілік сипат көне мифологиялық сарыннан өзгеше, өйткені 
«Алпамыста» ертегілік ер – көркемдеу құралы болса, «Алып 
Манаштағы» мифологиялық түсініктер әлі де сенім деңгейінен 
аспаған, нанымдық қасиеттен арылып болмаған. 
«Алпамыс батырдың» үшінші бөлігі де көне заман сюжеті. 
Мұнда 7 жыл зынданда жатып қалған Алпамыс еліне келсе 
орнына бек болып алған Ұлтан Гүлбаршынды алмақ болып, 
той жасап жатады. Бұл – кәдімгі 2,5 мың бұрын жырланған 
«Одиссеядағы» сюжет. Бір қызығы, «Алпамыс батырда» 
бұл сюжетке дейінгі дәуірдегі қалмақ енбеген. Яғни бұл сю­


[
 
 185  
]
жет тарихи тұтастану процесіне түспеген, сол ескі күйінде 
сақ 
талған. Демек, тарихи тұтастану кезінде, яғни кейінгі 
замандағы өңдеу­жөндеу тұсында, кейбір ескі сюжет жаңаша 
жырланып, тіпті жаңа сюжеттер пайда болады, ал енді бір 
сюжеттер бұрынғы қалпын сақтап қалады деген тұжырым 
дұрыс екені дәлелденіп отыр.
Сонымен, «Алпамыс батыр» жырының сюжеті өте ерте 
заманда туып, қазақ елінің рулық­тайпалық қоғам кезінде 
де, хандық құрып, өзінше мемлекет болған тұсында да та рихи 
тұтастануға түскен. Оған алғашқы екі сюжет дәлел бола алады. 
Оның біріншісі – рулық­тайпалық қоғамдағы тұтастанудың 
көрінісі де, екіншісі – мемлекеттік тұтастанудың белгісі. Осы 
екінші түрі қазақ фольклорында, негізінен, екі кейіпкерге, әз 
Жәнібек пен Абылай ханға байланысты шығармаларда айқын 
көрінеді. Рас, Жәнібек ханға, оның үзеңгілес серіктері мен 
маңайындағы адамдарына қатысты эпикалық туындылар жоқ. 
Олар туралы тек аңыздар мен әпсаналар ғана бар. Олардың 
кейбір сюжеттері ежелден келе жатса, енді біреулері сол 
Жәнібек ханның тұсында пайда болған. Ескісі де, жаңасы да 
Жәнібек, Асан Қайғы, Жиренше, Қарашаштарға таңылып, 
солар жайында баяндайды. Мысалы, көптеген халықтың 
ертегісінде кездесетін көне сюжеттің біреуі – патша өз қара­
мағындағы пақырының сұлу әйеліне ғашық болып, соны 
қайтсе де алу үшін күйеуін небір алыс сапарға орындалуы 
мүмкін емес тапсырмалармен аттандырады. Ертегіде әйелдің 
күйеуі неше түрлі ғажайып көмекшілер мен сиқырдың жәрдемі 
арқасында қиындықтың бәрін жеңіп шығады. Дәл осы сюжет 
Жәнібек пен Жи ренше, Қарашаш сұлу туралы әпсаналарда 
пайдаланылады. Демек, көне сюжет кейінгі дәуірде өмір сүрген 
адамдарға телініп, тарихи тұтастануға түскен.
Көне сюжетті осы тұрғыда пайдалану Асан Қайғының 
Жәнібек ханмен ренжісіп, Жерұйық іздегені жайлы әпсана­
ларда да бар. Мәселен, Асан Қайғы Жерұйық іздеп жапанды 
шарлап жүргенде, перінің қызына жолығып, соған үйленеді. 
Міне, көне хикаяның сюжеті тарихи адамға байланыстырыл­
ған.
Асан Қайғының Жерұйық іздегені туралы сюжет XV­XVI 
ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдағы Өтеген батырдың 


[
  186  
]
Жиделібайсынды іздегені жайындағы әпсаналарда, ал ХІХ 
ғасырда өмір болған Мырзаш батыр хандығы реалды­тарихи 
эпоста пайдаланылады 
47
. Бұл – тарихи тұтастанудың нәтижесі.
Бұл – тұтастанудың өзіндік бір түрі. Екінші сөзбен айтқанда, 
бір басшы адам немесе басты батыр төңірегіне батырлардың, 
олар туралы жырлардың топталуы. Тұтастанудың бұл түрі, 
әсіресе, Абылай хан мен оның батырлар жайында баяндайтын 
жырларға тән. Абылайдың атағы жер жарып, хан болғанға 
дейін де, одан кейін де қалмақпен жауласып кеткені белгілі. 
Ол бүтін қазақ халқының басып қосу арқылы қас дұшпанды 
талқандап, атамекенді жаудан тазартты. Бұл жеңіске оның 
айбынды сарбаздары үлес қосты. Шоқан Уәлиханов пен халық 
аңыздарының айтуынша, Абылай ханның маңайына топтас­
қан батырлар бар екен: қанжығалыдан шыққан Бөгенбай, 
Жанатай, Үйсінбай, Есет, Қаракерей Қабанбай, бәсентиіннен 
Сырымбет, Малайсары, шақшақ Жәнібек, сіргелдіден шыққан 
Елшібек, Жаулыбай, уақтан шыққан Баян, тарақты Байғо­
зы, бағаналыдан шыққан Оразымбет, Баянбай, айдаболдан 
Олжабай, атығай Жанақ, қасқарау Өтеген, шапырашты Нау­
рызбай, балтакерей Тұрсынбай.
Әрине, елін, жерін қорғау үшін Абылайға қызмет еткен 
батырлар саны мұнымен шектелмесе керек, ғылым әлі де жаңа 
есімдер мен фактілер табатыны хақ. Фольклорда осы аталған 
батырлардың бәріне жыр арналмаған. Тек ірі қолбасшылар 
мен айтулы батырлар ғана жырға қосылған. Бірақ аңыздар­
да, әпсаналарда, шежірелерде батырлардың біразы кейіпкер 
бо лып жүреді. Бізге жеткен жырлар мен да жоғарыда көр­
сетілген батырлар жеке дара да, сондай­ақ Абылаймен бірге де 
суреттеледі, біразында батырлар тізе қосып бірге қимылдайды. 
Мұндайда олардың басқарушысы, қолбасы Абылай болып 
көрсетіледі. Мысалға, Шоқан жазбаларындағы аңыздарды 
алайық. 
Міне, солардың біреуі: 
«Жоңғарларға шыққан бір жорығында Абылай хан барлау 
1000 адамды ержүрек батырлары қанжығалы Жанатай мен сол 
рудан шыққан қарт Бөгенбай екеуіне басқартып алға жібереді. 
Батырлар көпке дейін оралмайды. Бұған Абылай қатты 


[
 
 187  
]
алаңдап, қасындағы Бұқар жыраудан: «Менің батырларыма не 
болды, олар неғып кешігіп жатыр?» – деп сұрайды.
Сонда Бұқар былай деп жауап береді.
«Жанатай Толқыннан өтсе, Бөгенбай Құлжаның әдісімен 
өтеді. Ал Қанбабай кері қашып келеді. Жанатай жүретін тол­
қынның өткелдері тар әрі қауіпті».
«Жанатайым тұтқынға түскен екен» деп ойлайды Абылай.
Бұқар: «Жанатай өтеді, ұлысқа жетеді, оны алады, бір шетін 
бөліп әкетеді. Ал Жанатай қолға түсірген Ақбет аруды Абылай 
сұлтан иемденеді», – дейді.
Кейін Абылай айтыпты дейді: «Өмірде бір­ақ рет, дақ сонда 
жыраудың айтқаны тура келгенде, төбем көкке жеткендей 
болдым», – депті
48

Батырлардың Абылай төңірегіне топталуы кездейсоқ емес. 
Егер XV ғасырда Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрып, 
жеке отау тіксе, XVIII ғасырда Абылай сол мемлекетті сақтап 
қалу үшін орасан еңбек сіңірді. «...Абылай хан елді біріктірді, 
елдің рухын көтеріп, талан­тараждан құтқарып, еркін демал­
дырды. Сондықтан Абылайдың беделі халық алдында өзге 
хандардан артық болды. Ел аузында «Абылайдың ала туын ала 
аттанса, артынан еретін аламаны – бізбіз» деген аңыз шығады. 
Ол кездегі елдің іргесі жетпейтін қиын істі жұрт «Абы лай 
аспас асу» деп атайды. Абылайды ақындар ел қамқоры ғып 
жырлайды»
49
. Яғни, Абылайдың ел алдындағы халыққа 
сіңірген еңбегі, өзінің қиындық пен қауіпке толы ерлік өмірі, 
қайсар қаһармандығы оны дәріптеуге негіз болады. Сол себепті 
батырлар Абылайды ел ағасы деп біледі, оның төңірегіне 
топтасып, оған қызмет етті, мұны олар халыққа жасаған 
қызмет деп білді. Осы түсінік Абылай туралы аңыздарда, оның 
батырлары жайлы кейбір жырларда айқын көрінеді. Бұлай 
болатын себебі, хан, біріншіден, халықтың өзін бейнелейді, 
екіншіден, билікке ие, үшіншіден, өзі батыр. Ең бастысы, 
ол – мемлекетті сақтаушы. Міне, осыдан барып Абылай елді 
ұйымдастырған орталық символ ретінде көрініп, фольклордағы 
бір орталыққа, бір басшы төңірегіне тұтастануға негіз болады.
Абылай туралы жырларда, әсіресе аңыздарда, тарихи тұ­
тастанумен қатар ғұмырнамалық тұтастануда байқалады. 
Мысалы, оның Түркістанда (кейде Бұхарада) туып, әкесін 


[
  188  
]
дұшпандары өлтіргеннен кейін жетім қалып, қалай өскені, 
«Сабалақ» аталғаны, шайқаста ерлік көрсетіп, елге танылғаны, 
сөйтіп, «Абылай деген» атқа ие болғаны жөнінде баяндай­
тын сипатты тарихи аңыздар – ғұмырнамалық тұтастанудың 
айғағы.
Тарихи тұтастануды зерттегенде тағы бір көңіл бөлетін 
нәрсе – фольклор мен тарих мәселесі. Бір жағынан, тарихи 
тұтастанудың өзі фольклордың тарихпен тығыз байланысты 
екенін білдірсе, екінші жағынан, фольклор тарихқа еркін 
қарайтынын, тіпті фольклор ешбір тарихи фактіні дәлме­дәл 
елемейтінін, өмірдегі оқиғаны нақ сол қалпында суреттемей, 
өзгертіп, жинақтап, топтастырып, тіпті әр дәуір оқиғаларын 
араластырып, қиял қосып, ел арманын енгізе баяндайтынын 
көрсетеді. Себебі, тарихи тұтастану дегеніміздің өзі – әр 
дәуір оқиғаларын араластырып, олардың қимыл­әрекеттерін 
заманға әкеліп, кейінгі дәуір қайраткерлеріне телу, топтау. 
Мысалы, қазақ эпосында әр мезгілде елге дұшпан болған жау­
лардың бейнесі бар: жеті басты жалмауыз, айбарлы арыстан, 
ындыс, қызылбас, қалмақ. Осының алғашқы ықылым 
заманда елге қауіп төндірген жауларды бейнелеген образдар 
да, соңғы үшеуі – қазақ елінің әр уақыттағы жаулары. Олар ­
дың ішіндегі ең ескі жау – ындыс. Ындыстар ежелгі Хо резм 
мемлекетінің, яғни антика дәуірі (олар осыдан 2­2,5 мың 
жыл бұрын) тұсындағы қазақ сахарасында, Арал мен Сыр­
дария, Маңғыстау мен Атырау төңірегінде мекен еткен ру­
тайпалармен соғысып отырған сол шақтағы Үндістанның 
(Хиндустанның) жауынгерлері болуы мүмкін. Үнді жұрты өзін 
«хиндус», ал мекенін «Хиндустан» деп атайтынын, сондай­ақ 
оларды көршілес елдердің «индус» дейтінін ескерсек, қазақтың 
«ындыс» сөзінің қайдан шыққанын байқау қиын емес. «Үнді», 
«Үндістан» деген атаулар әдеби тілімізде кеш, бертінгі кезде 
пайда болған. 
Әрине, «ындыс» деген жау сонау Хорезм дәуірінен бізге тіке­
лей сақталып келмеген. Ол дүркін­дүркін жаңғырып отырған. 
Сондай жаңғырудың бір мезгілі – Бабырдың Үндістанды 
жаулап алған тұсы, содан кейінгі Моңғолстан, Үндістан, Иран 
арасындағы шайқастар болған шақ.


[
 
 189  
]
Осы сияқты «қызылбас» та алғаш сонау ІХ­Х ғасырлардағы 
селжүк оғыздары мен қыпшақтардың тайталасы кезінде сел­
жүкшілер басына қызыл матамен тысталған бөрік кигендіктен 
«қызылбас» аталған. Кейін Аббас шах (жырда Шаппазхан) 
кезінде қазақ сахарасында шапқыншылық жасаған түріктер 
мен ирандықтардан құралған қалың қолдың сарбаздары «қы­
зылбас» деп аталған.
Ал XV ғасырдың бергі жағында қазақтың бас жауы қалмақ 
болғаны белгілі.
Осы әр заманда, әр түрлі елден құрылған үш жау қазақ эпо­
сында қатар жүреді. Батырлар біресе ындыстармен, біресе 
қызылбастармен, біресе қалмақтармен соғысады. Бұл, әсіресе 
«Қырымның қырық батырында» өте айқын көрінеді. Аталмыш 
эпостың тағы бір ерекшелігі – оның тарихи ғана емес, сонымен 
бірге географиялық тұтастанудан өтуі.
Бір орталыққа тұтастану, әсіресе, мемлекеттік бірлікті 
сақтау қажеттігі тудыратын тарихи жырлар мен тарихи аңыз­
дарда толық көрінеді. Бұл жанрлар фольклордың тарихпен 
қатынасын күшейте түсетіні белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет