Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет78/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖЫРАУЫ
Қазақ поэзиясында жырау, жыршы, ақын деген үш атау 
та 
лант иелерінің үш сипатын, әдебиетіміздің әр дәуіріне 
сәйкес үш түрін, дәлірек айтқанда үш кезеңін көрсетеді. 
Бұ 
 
лар – импровизаторлық өнердің ғана үш өкілі емес, со­
нымен қатар ауыз әдебиетінің өмірді, ел тағдырын, қоғам 
тіршілігін бейнелейтін үш тәсілдің иелері десе де болады. 
Жы рау – қазақ мемлекетінің бас идеологі ретінде толғанса, 
жыршы елдің ерлерін негізгі тақырыпқа айналдырады, 
ал ақын адамның тіршілігі мен сезімін суреттейді. Демек, 
үшеуі – сөз өнеріміздің ауызша түрінен жазбашаға қарай да­
муындағы үш саты. Сол себепті бұл үш өнер бір кісінің бо­
йынан табыла бермейді, ол тек ілуде бір, ұлы таланттар­
да ғана кездеседі. Сондай адамдардың бірі, бірі ғана емес, 
бі ре гейі – Жамбыл. Жәкең өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі 
ақын ретінде сезініп, өлең­жырларында соны ашық айтып оты­
рады.
 Шын жүректен жыр төгіп,
 Сөйлеп бір кетті жырауың, –
десе, енді бірде:
 Нені естісек, соны айту – 
Ежелден ісі жыршының, – 
дейді. Сонымен қатар:
 
 ...Жамбыл ақын сөйлеген
 Сөзді бекер демеңдер, – 
деп тағы қояды.
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең 
екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, 
шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені Жамбыл та­
рихта сирек кездесетін, мүлде қарама­қарсы екі заманды 
көрді, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе­тең, 


[
 
 281  
]
жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан 
кешті. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа 
түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл­отаршыл бас­
қару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар көрші жатқан Қо­
қан хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жа­
саған жаугершілігін көрді. Бұлар ғана емес – Жамбылдың 
көргені. Ол өз жеріне орыс казактары мен шаруаларының 
қо ныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді 
аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда совет 
өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атаман­
дар мен комиссарлардың лаңы, конфискалаудың зорлықпен 
жүзеге асқаны, ең ақыры, «халық жауларының» ұсталуы 
мен жазалануы – бәрі­бәрі оның көз алдында өтті. Сол 
себепті Жамбылдың «Кең жатқан байтақ­ұлан шежіремін, 
тарихтың домбырасын қолына алған» деп айтуы тегін емес. 
Осы көргені мен білгенінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау 
еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде 
ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген.
Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Же­
тісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзі­
не дейін ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен 
қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын, 
күл лі халық поззиясын толық меңгерген, игерген, өз шығар­
машылығына өзек еткен.
Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,
Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.
Солардың аруағы маған қонып,
Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен, – 
дейді Жәкеңнің өзі Досмағамбетпен айтысқанда. Ал «Замана 
ағымы» толғауында:
Замана деп толғанған,
Ел қайғысын қолға алған
Абылайдың алдында
Сөз сөйлеген болжаудан
Бұқар жырау, о да өтті.


[
  282  
]
Шернияз бен Шортанбай,
Досқожа мен Нысанбай,
Дулат пенен Сүйінбай 
Сөздері жел құйындай,
Өтті еңіреп олар да! – 
 
деп, Жамбыл аты аталған жыраулар мен ақындарды, олардың 
мұрасын жақсы білетінін, сөйтіп өз шығармашылығының 
қайнар көзі – қазақ халқының ежелден келе жатқан фолькло­
ры, әдебиеті мен мәдениеті екенін білдіреді.
Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де мә де­
ниетін бойына сіңірген. Қырғыз жомоқшылары мен манас­
шылары арасында оның достары көп болған, олармен бірге 
қырғыз жұртын көп аралаған, айылдарда өлең айтып, жыр 
толғаған, күй тартқан, айтысқа түскен. Атақты Тоқ 
тоғұл, 
Мұраталы, Әлімқұл сияқты өнер саңлақтарының Жам­
был 
 
ға деген ықылас­ілтипаты, сондай­ақ Жәкеңнің қыр­
ғыз 
 
 
дың Шәбден тәрізді сыйлы басшыларына көрсеткен 
құр 
меті көпшілікке аян. Ал, Жамбылдың «Манасты», «Ер 
Төстікті» манасшылардан кем жырламағаны тағы да белгілі.  
Демек, Жамбылдың даңғыл жырау, талмас айтыскер, май­
талман ақын болып өсуіне казақ пен қырғыз халықтары­
ның мәдени мұрасы негіз болған. Осы тұрғыдан келгенде, біз 
Жамбылды халық поэзиясы мен импровизаторлық өнердің 
университетінен өткен деуімізге болатын тәрізді. Әрине, бұл 
жерде Жамбылдың өз бойына біткен ұлы дарынды айтпасқа 
болмайды. Ата­анасынан дарыған өнер, өз  табиғатындағы 
талант, халық поэзиясы мен ауыз әдебиетінің дәстүрі – міне, 
осының бәрі қосыла келіп, ұлы жыршыны дүниеге әкелді, оны 
ауыл ақынынан қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жы­
рау етті.
Он бес жасынан өлең айта бастаған Жамбылдың XX 
ғасыр 
ға дейінгі шығармаларының бас нысанасы – сол кез­
дегі қазақ ауылының күнделікті тіршілігі, жеке адам­
дар 
дың мінез­құлқы, болыс пен байлардың іс­әрекеті... 
Ол шығармалардың дені – арнау мен мысқыл өлеңдер, айты­
стар. Бүл түста Жамбыл шыншыл да сыншыл ақын түрінде 
көрінеді. Оның өзіндік себептері бар еді. Жамбылдың үлкен 


[
 
 283  
]
ақындық өмірі XIX ғасырдың 70 жылдарынан басталған бо­
латын. Бұл қазақ қауымы үшін ауыр кезең еді. 1860 жылда­
ры Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған Ресей 
енді қазақ елін басқарудың жаңа амалын тапқан­ды. Енді 
1867­68 жылғы жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6 
облысқа, облыстарын уездерге, уездер волостарға бөлініп, қа­
зақ сахарасына ішкі Ресейдің басқару жүйесі отаршылдық 
сипатта көшірілді. Соның нәтижесінде қазақ еліне орыс мем­
лекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз 
құбылыстар мен іс­әрекеттер жайылды. Осының бәрі ең ал­
дымен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс сал­
тын бұзды, елдің ішіне іріткі салды, адамдардың санасы мен 
мінез­құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын естіп­көрмеген ұлық­
қа жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу, 
адамның үстінен шағым айту, кісіні алдау, өтірік айту сияқты 
жағымсыз қылықтар пайда болды. Ал, қазақ жерін болыс­
болысқа бөліп, елді жерге таластыру мен малдан айырудың 
салдарынан ел арасында барымта етек алды, барымталықты 
малданған арамтамақтар, тағы басқа жалқаулар пайда болды. 
Жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы 
жадап, ел күйзеліске ұшырады. Бір жағынан – отаршылдық 
саясат, екінші жағынан – қоқан мен қырғыздың жаулығы, 
үшінші жағынан – орыс шенеуніктеріне арқа сүйеген 
бай­болыстардың іс­әрекеті елді аздырып­тоздыра бастады. 
Осын   дай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты ай­
тып, ел басшылары мен игі жақсыларының жағымсыз қы­
лықтарын сынайды. Сол кезде өмір сүрген Дулат, Сүйінбай, 
Мұрат, Шортанбай сияқты көптеген ақындар да өз заманының 
болмысын суреттеп, оның жаралы проблемаларын ашық ай­
тып, ащы дауыспен жырлады. Тек олар ғана емес, сонымен 
қатар жазба әдебиетінің өкілдері де дәуір сипаты мен адамын 
бейнелеп, реалистік шығармалар тудырды. Сондықтан сол 
бір кезді әңгіме еткен ауыз әдебиетінің де, жазба әдебиетінің 
де тақырыптық әрі идеялық ұқсастығы, жақындығы бар, 
олардың мысқылдап, әжуалағаны да бірыңғай. Мысалы, Шал­
табай болыстың мінез­құлқын Жамбыл былайша жырлай ды:


[
  284  
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет