3.5 Фразеологияның синтагматикалық аспектісі
Бүгінде фразеологияның зерттеу нысаны туралы әртүрлі
көзқарастар сақталып отыр. Фразеологияның табиғатын айқындау,
оның мәндік ерекшелігін барынша ашып көрсетуге келгенде орыс,
қазақ тіл біліміндегі пікірлердің көптігіне қарап, бұл мәселеде
бірізділік жоқ екенін аңғарасың. дегенмен, қазақ тілшілері орыс тіл
білімі өкілдерінің пайымдауларынан ұзап кетпейді. Қ.Жұбанов,
І.Кеңесбаев, Н.Т.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдари, Ә.Болғанбайұлы
т.т. ғалымдар дәстүрлі түрдегі анықтама беріп, фразеология
ғылымының нысаны тұрақты тіркестер деп көрсетеді. С.К.Сәтенова
қос тағанды фразеологизмдердің табиғатын қарастырса, Г.Н.Смағұлова
фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілерін лингвомәдени
бірліктер ретінде лингвомәдениеттану ғылымының тұрғысынан
зерттейді. Ал Р.Авакова жалпы фразеологимдердің семантикасын,
олардың қазақ тіл білімінде зерттелу жағдайын қарастырып, фра-
зеологизм орнына Н.Ф.Алиференконың фразема, ал фразеологияның
орнына фраземика терминдерін қолданады. Ал бұл мәселедегі сөз
тіркесі, тұрақты тіркес атауларына қатысты С.М.Исаев пікірін дұрыс
деп танимыз. Ғалым өзінің «Қисынды қиысу» деген еңбегінде былай
дейді: «Сөз тіркесі деген термин (сонымен бірге, ол білдіретін ұғым
да) әр кез нақты, дәл, бір синтаксистік ұғымды ғана атауға емес, кейде
жалпы мәндегі ұғым ретінде де қалай болса солай қолданылып жүр.
Сондықтан да фразеологиялық тіркес дегенмен бірге фразеологиялық
сөз тіркесі деген атау, тұрақты тіркес дегенмен бірге тұрақты сөз
тіркесі т.б. болып жарыса қолданылып жүруі мәселенің басын ашуға,
сол арқылы әр тілдік құбылысқа термин ретінде өз алдына бөлек атау
болып, оның өзіндік мәнін қалыптастыруға мүмкіндік бере бермейді.
Сөз тіркесі деген ұғымның синонимі ретінде тек синтаксистік тіркес
немесе еркін тіркес деген атаулар ғана қолданылуы мүмкін. демек,
фразеологиялық сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі, терминдік сөз тіркесі
т.б. сияқты қолданыстар дұрыс емес, бұлар сөз тіркесінің түрлері емес
және сөз тіркесі шеңберіне енбейді де» [255, 209]. Қазақ тіл біліміндегі
он шақты атаудан біз, «біздіңше, қазақ тілінде аталғандардың ең
жиі қолданылатын, екі түрі ғана: фразеологизмдер және тұрақты
тіркестер қалуы тиіс» деген пікірді ұстанамыз [256, 12]. Т.Сайрамбаев
екі бірліктің мәнін: «фразеологизмдерде лексикалық мағына болса,
сөз тіркестерінде болмайды, сөз тіркестері сөздің лексикалық бірлігі
негізінде жасалса, фразеологизмдерде жеке лексикалық бірлік жоқ. Сөз
тіркесі мен фразеологимдердің сыртай ұқсастықтары болғанымен, ішкі
мазмұны бір емес», – деп ажыратады [257, 82]. Сондықтан М.Мамаева
синтаксистік тұрғыдан фразеологизмдерді байланысу түрлеріне қарай,
яғни қиыса, матаса, меңгеріле, қабыса байланысқан фразеологизмдер
деп жіктейді [258, 12]. Бүгінде фразеологизмдер әртүрлі қырлары бой-
ынша зерттелуде, яғни Г.Сағидолдақызы, Б.Уызбаева т.б. еңбектері
атауға болады [259].
орыс тіл білімінде де бұндай атаулардың қолдануында дәлдік
жоқ екені байқалады, сонымен бірге, фразеология ғылымының зерттеу
нысаны туралы анықтамалар көптеп саналады. орыс тіл біліміндегі
ғалымдардың әртүрлі көзқарастарын екі үлкен тұжырымдамаға
жинақтауға болады. Бірінші тұжырымдама дәстүрлі анықтамаларға
құрылған, яғни «фразеологизм – екі немесе одан да сөздерден
құралған, құрамы бойынша тұрақты, тұтас мағына беретін тіл бірлігі»
[260, 68]. Акад. в.в.виноградов бастаған бұл анықтамалар жүйесін
көптеген зерттеушілер қолдайды, яғни Ав.Кунин, А.И.Молотков,
Ю.А.Гвоздарев, в.П.Жуков, в.М.Мокиенко т.т.
Екінші тұжырымдама өкілдері фразеология нысаны ретінде
тілдегі барлық сөз тіркестерін таниды. Айта кететін бір жайт,
барлық зерттеушілер бұнда атауыштық (номинативтік) мәндегі
фразеологизмдерді қарастырады, ал коммуникативтілік жағдайындағы
фразеологизм ерекшелігі ескерілмейді. Бұнда тілшілердің көрсететіні
фразеологизмдердің әзір жағдайда жұмсалатындығы, яғни сөйлеу
кезінде тумай, тек адам жадынан тұтас алынатындығы. Сол себепті,
кейбір зерттеушілер бұларды идиома және фраза деп екіге жіктейді,
ал тағы басқа зерттеушілер бұған мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді,
әртүрлі клишелер мен штамптарды да қосады. ондағы сүйенетін басты
белгісі бұлардың бәрі сөз сияқты емес, әзір күйінде қолданатындығы. Ал
бұл екі бағыттың ішінде қазақ, орыс тілшілері әзір күйінде қолданатын
деген ұстанымды фразеологияның басты белгісі ретінде алады. Ал
тұрақталу сипатындағы еркін сөздер тіркестері фразеологияда жанама
түрде немесе мүлде қарастырылмайды. оған басты себеп, тек сөздердің
тұрақтылығына назар аударылып, сөздердің басты ауысу процестерін
зерттеушілердің қарастырмауы деп білген жөн. Сөз бен тұрақты тіркес
тілдік қатынастар ішінде өзара тығыз байланыста қолданысқа түседі,
бірақ екі бөлек ұғымдар болып қалады. Р.Авакова бұрыннан келе жатқан
сөз бен фразеологизмнің айырмашылықтарын үшке топтастырып, сөз
және тұрақты тіркестің ерекшелігін көрсетеді:
270
271
«а) фраземаның компоненттері өздерінің лексикалық мағынасынан
айрылған, десемантикаланған номинация болып табылады;
б) фразема мағынасының көлемін сөзбен теңестіру мүмкін емес;
в) сөздің лексикалық мағынасы мен фраземаның фразеологиялық
мағыналары арасында сәйкестік бар болғанымен де олар әртүрлі
құрылымдарға ие» [261, 28]. С.К.Сәтенова қос тағанды фразеоло-
гизмдер жүйесіндегі мағыналық үйлесімділікке олардың синонимді,
яғни мағыналас және контрастивті мағынада келуін енгізеді, яғни
парадигматикалық қатынастар аясында қарастырады. «Тұлғалық,
мағыналық, дыбыстық факторлар фразеологиялық тіркестердің
қалыптасуына, тұрақтануына қажетті шешуші ролі бар үш негіз, үш
бастау, үш тетік болып саналады» [262, 236].
Тіл лексикасындағы сөздер мен тұрақты тіркестердің массала-
ры күрделі түрде бір-бірімен қиылысып жатады және бұл процесс
тұрған тіл қалпында, сосын лексикалық жүйедегі тіл элементтерінің
коммуникативті акт кезіндегі өзгерістерінде болады. Бұндай тіл
жүйесіндегі ерекше қатынастарды сөздердің бір-бірімен белгілі бір
байланыстарға түсетіндігін көрсеткен Ф.де Соссюр былай деп жазған
болатын: «сөздер сөйлеу кезінде бір-бірімен қосылып, тілде көлбеу
сипатқа негізделген, екі элементтің қатар келу мүмкіндігін болдыр-
майтын өзара бір қатынастарға түседі. Бұл элементтер сөйлеу кезінде
бірінен кейін бірі келе береді. Созылмалы түрге ие болатын бұндай
тіркестерді, синтагмалар деген атаумен атауға болады» [112, 155]. Со-
нымен қатар, ол адам жадында сақталатын көптеген сөздердің тобының
ішінде «тіл элементтерін ауыстырып отыратын, бір-бірімен ассоциа-
циялы түрде қатынасатын қатынас түрі бар» екенін айтып кетеді [112,
155]. Соңынан, тілдегі бұндай жүйелік қатынас түрін лексиколог-
тар парадигматикалық қатынастар деп атады. Фразеологизмдер тіл
жүйесіндегі осы заңдылықтарға бағынғандықтан, оның ішінде, «идио-
малар, тізбектер, тұтастықтар, бірліктер, сөйлемшелер» т.т. түрлері пай-
да болып, жіктеліп, зерттеледі. Бұндай фразеологияның аспектісінде
сөздер мен тұрақты тіркестер арасындағы парадигматикалық
қатынастар жатыр. Фразеологияны парадигматикалық тұрғыдан зерде-
леу олардың жеке тұрған күйіндегі берер мағынасын ашу, нақтылаумен
және сыңарларының мағынасын түсіндірумен және фразеологиялық
парадигмамен айналысу деген сөз. Ал «фразеология сферасында
семантикалық парадигманы:
а) вариантылық құбылысы бар фразеологизмдер;
б) синонимді және антонимді сипатқа ие фразеологизмдер;
в) көпмағыналы фразеологизмнің ішіндегі жекелік мағыналар;
г) фразеологизмдердің семантикалық мәнінің негізінде құралған
тақырыптық топтар құрайды» [177, 173]. Фразеологизмдердің
варианттылығы да парадигмалық аясына қатысты, мәселен, «көкейіне
құйылу, ұялау, қону; көкірегіне құйылу, ұялау, қону» [263, 45].
Ш.Балли фразеологизмдердің мәнін айқындау үшін «идентификация-
лау принципін» ұсынып, парадигматикалық қатар құраушы тұрақты
тіркестің орнына идентификатор сөзді қою арқылы логикалық
эквивалентті табуға болатынын айтады. Кейбір зерттеушілер бұл сөзді
нақтылаушы деп атайды, яғни «семантикалық сілтеу» мәніне ие сөз-
нақтылаушылардың көмегі арқылы фразеологиялық байлаулы мағына
ие сөздердің мазмұны қиындықсыз анықталады» [177, 173]. Бұған,
әсіресе, синонимиялық қатар мүшелерін ауыстыру арқылы шектел-
ген тұрақты тіркестердің беріп тұрған мәнін ашуға болады. Сонда бұл
тұрғыдан келгенде, фразеология тек бір көлемдегі немесе тар мәндегі
және атауыштық сипаттағы тұрақты тіркестерді зерттеумен айналы-
сатын ғылым болып есептеледі. Ал сөйлеу кезіндегі, сонымен қатар,
контекстік жағдайдағы басқа тілдік бірліктермен тұрақты тіркестердің
бірлесіп кету ерекшелігін, жақындасып, ұштаса қолданылу дәрежелерін
зерттеу – фразеологияның парадигматикалық аспектісі тұрғысынан
шешілмейтін мәселелер. Бұл туралы М.М.Копыленко, З.д.Попова бы-
лай дейді: «Егер фразеология тек тұрақты тіркестерді ғана зерттесе, онда
олардың басқа лексемалармен тіркесуі және тұрақты тіркестердің ішкі
полисемиясын бір жүйеде тұтас қарастыру бұзылады» [264, 38]. Сол
себепті тілдің лексикалық жүйесіндегі синтагматикалық қатынастың
тұрақты тіркестерге әсерінен фразеологиялық синтагма аспектісі не
фразеологиялық синтагма ұғымы туындайды. Қ.Жұбановтың «син-
тагма лексиканы жеңеді» деген қанатты сөзі лексикалық құрамда
синтагматиканың ықпалынан тұрақты тіркестер қалыптасатынын
көрсетеді. «Фразеологиялық синтагманы фразеологизмдердің сөзбен
мәндік бірлестікте болып, семантикалық эффект беруі, яғни лексика-
фразеологиялық тіркесімділігі құрайды» [177, 173].
Фразеологияның
синтагматикалық
аспектісінде
тұрақты
тіркестердің тіл бірлігімен заттық, ұғымдық, коннотаттық,
эмпирикалық, факультативті, селективті мағыналық бөліктерінің бір-
бірімен үйлесіп келу нормалары ескеріледі. Тұрақты тіркестердің тіл
құрамындағы басқа семемалармен тікелей не жанама сипатта үйлесуі
осы фразеологиялық синтагматикалық аспектіге байланысты жүреді.
Сонымен қатар, танымдық тұрғыда тұрақты тіркестер өздерінің ішкі
құрылымында бір-бірімен лексикалық байланысқа түседі де күрделі
жүйедегі типтер құрайды. Фразеологиялық тіркестердің мұндай күрделі
типтері әлі жүйелі түрде қарастырылмағанымен, бүгінде концептілер
аясында зерттелуде. Мәселен, ит концептісінің тілдегі өзгерген
272
273
когнитивті белгілерін «итшілік өмір – иттің өмірі жаман; итше берілген
– ит сенімді жануар; ит болу – қатты шаршау т.т.» фразеологизмдерімен
береді [173, 184]. Семемалармен фразеологизмдер арасындағы бұл
байланыс лексикалық синтагматикалық қатынас бойынша өрбиді
де, әртүрлі дәрежедегі басқыштардан тұратын фразеологизмдердің
лексикалық синтагматикасы қалыптасады. Сонымен қатар, тұрақты
тіркестер бір не екі лексемамен синтагматикалық байланысқа түсіп,
лексика жүйесіндегі өзгеше сипаттағы лексикалық синтагматикалық
аспектісінің негізі болады, яғни тұрақты тіркестің құрамындағы мәнге
ие сөз-нақтылаушы тіркескенде басқа бір қатысты лексема өзі не лек-
семалар қатары болады немесе болуы мүмкін. «Сөз-идентификаторлар
белсенді тіркесімділік қабілетіне, жеке кең мағынаға ие болады,
стилистикалық түрде бейтарап болады; бұған қарсы түрде анықталатын
фразеологизмдер стилистикалық бояуға, семантикалық аморфтілікке
ие болады және тар шеңбердегі сөздермен тіркеседі. Ал фразеологизм-
дер мән айырушы, нақтылаушы қызметті атқаратын сүйемел сөздермен
(Г.Смағұлова термині) (орысшасы слово-сопроводитель) тіркесім
құрағанда семантикалық аморфтілік бірден жойылады; мәселен: из
рук вон – плохо, как божий день – ясно, вороново крыло – черны,
как овечий хвост – дрожать, как черт ладана – бояться» [177, 158].
Қазақ тіл білімінде Г.Н.Смағұлова фразеологияның синтагматикалық
аспектісінің бөліктеріне фразеологизмдердің тіркесімділік шектері,
синтагмалық оралымдарды және сүйемел сөздерді жатқызады. «Бүкіл
фразеологиялық материалдардың семантикалық парадигмаларға
жіктелуі, мәселен, вариантты, синонимдес, антоним тұлғалар, сондай-
ақ, олардың көп мағыналылығы мен жеке нақты мағынасы және жал-
пы семантикалық тақырыптық қатарларға бөлінуі фразеологизмдерді
толық зерттеп, танып білуде аздық етеді. Тілдік жүйедегі екінші аспекті
синтагматикада фразеологизмдердің ең алдымен өзі тіркесе алатын
сөздермен грамматикалық байланысы арқылы ғана фразеологиялық
материалдардың функционалдық қызметінің шегі белгіленеді.
Семантикалық синтагмалар аясында фразеологизмдер компоненттерінің
қосынды мағыналары соңынан тұратын, әрі сол мағынаның толық
жұмсалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Біз мұндай сөздерді қазақ
тілінде сүйемел сөздер деп атадық. Сүйемел сөздер фразеологизмдердің
қатарына кірмейді. олар еркін қолданыста жүрген белгілі бір сөздер
тобы. Мысалы, жел аяқ, жел жетпейтін, табаны жерге тимейтін, алды-
на қара салмайтын тіркестерінің сөйлем ішінде нақты жұмсалуына,
мағынасын айқындай түсуге жүйрік сөзі сүйемел сөз ретінде тұрады»
[265, 41]. Бұл қатынастардың қалыптасып, құбылуында тағы да сөз-
сүйемелдерге заттық-логикалық тәртіп пен мағына макросемаларының
көшуі жатыр. денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық мағына
бөліктерінде ақиқат дүниедегі елеулі белгілердің бейнеленуі және
ұсақталуы негізінде жасалатын бұндай синтагматикалық аспектілерді
сөз-сүйемелдің және фразеологизмдердің лексикалық мағыналары
құрылымын бөлшектеуі бойынша айқындауға болады. Бүгінде бұндай
тәжірибелер орыс тіл білімінде және ішінара қазақ тіл білімінде де
жасалып, өз жалғасын табуда, мәселен, А.Молотков, в.Мокиенко,
А.в.Кунин, в.в.Жуков, І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдари, Р.Ғ.Сыздық,
Н.Уәли, Г.Н.Смағұлова, С.К.Сәтенова, Р.А.Авакова, Г.Сағидолдақызы
т.т. еңбектері. Сондықтан бір лексикалық мағына беретін болса да,
тұрақты тіркестер құрамындағы семемаларды осы жүйе бойына
жіктеу лексикалық синтагматикалық қатынас ерекшелігін дәл байқауға
септігін тигізеді. Мысалы, орыс тіліндегі «алу/беру» компоненттері
бар фразеологизмдердің семантикалық, құрылымдық, тіркесу қасиетін
в.И.Кабыш зерттегенде мағынаның басты компоненттерінің үйлесуін
есепке алады [266, 13-18]. в.П.Жуков, А.в.Жуков: «парадигматикалық
және синтагматикалық қатынаста фразеологизмнің мазмұндық
құрылымының барлық жақтары ашылады. Ішкі форманы құрайтын
сөздердің парадигматикалық өзара әрекеті этимологиялық мағынаның
бейнелі көлемін бейнелейді. Компоненттердің синтагматикалық өзара
әрекеті фразеологизмдердің семантикалық үйлесуін бұзбауды, яғни сол
арқылы өзекті мағынаның жүзеге асуын қамтамасыз етеді», – деп жаза-
ды [177, 179]. олар осы бағытты басшылыққа алып, синтагматиканың
фразеологиялық аспектісіне фразеологизмдердің тілдегі сыртқы басқа
лексемалармен байланысуын және ішкі фразалық компоненттердің
өзара байланысуын енгізеді. М.М.Копыленко, З.д.Попова, өздерінің
фразеологияны қарастырған зерттеулерінде фразеологизмдердің тілдің
басқа бірліктерімен байланысқа түсуін басты, сонымен бірге, ішкі бай-
ланысты мағына макрокомпоненттерінің байланысы деп есептейді.
олар о.С.Ахманова бастаған ғалымдардың сөздің полисемиялығы,
әлде тіркесімділігі бірінші ме деген таластан тіркесімділікті бірінші
қоятынын құптайды. орыс тіліндегі «сердечный сөзі сердечные люди,
сердечная женщина, сердечный человек, яғни адамға қатысты болып
тіркеседі, ал народ, нация, общество, девушка, гражданка, дама, стару-
ха сөздерімен тіркесе алмайды деген олардың пікіріне сай, сөздің басқа
сөздермен тіркесу қабілеті оның ішкі семантикалық қасиеттеріне толық
қатысты емес», – дейді [264, 37]. Сонымен қатар, олар фразеологизмдер
типтерін денотаттықты д, ал коннотаттықты К таңбаларымен таңбалап,
типологиялық матрица бойынша топтастырады: «1) д1д1, 2) д1д2, 3)
д2д2, 4) д1К1, 5)д2К1, 6) К1К1, 7)д1К2, 8)д2К2, 9)К1К2, 10) К2К2,
11) д1К3, 12) д2К3, 13) К1К3, 14) К2К3, 15) К3К3» [262,42].
274
275
осыған сәйкес, ішкі фразалық синтагматиканы макроком-
поненттерге орай, яғни денотаттық бөлік басым тұрған семема-
ны д, сигнификаттық макробөлікті С, ал коннотациялық бөлікті К
таңбаларымен белгілейік те, мағыналық үйлесімділікті осы қатынас
аясында жүйелейік. Алдымен, денотаттық бөлікке ие семемалардың
синтагматикасын қарастырайық: от (д1) – жағу (д1); бұнда бұл
сөздердің байланысы тек өзінің заттық мағыналық үйлесімділігінің
негізінде тұр. Ал от (д1) – салу (д2) дегенде өзгерген мағыналы
байланысты салу семемасындағы заттық бөлік беріп тұр, яғни салу
етістігіндегі «бір затты бір заттың ішіне енгізу» семасы от сөзімен
екінші дәрежедегі қатынасқа түсіп тұр. Бұл өзгерген дәреже ұқсастық
бойынша жүзеге асқан синтагматикалық байланысты көрсетеді.
Мәселен, оты азаю дегенде айнымалы синтагматика орын алады да,
«жанып жатқан оттың азаюы» дегеннен гөрі «мал жайылатын жердің
шөбі азайды» деген мағына бұл тұрақты тіркесте денотат болып бекиді.
Сонда оты (д2) – азаю (д1) түріндегі семемалар қатынасы болады да,
омонимиялы лексемамен тура мағыналы лексеманың бір позицияда
тұрақталу дәрежесі шығады. Ал от жағу, от салу тұрақты тіркестеріне
үшінші сыңар жетіспесе, онда бұлардағы синтагматиканың логикалық
жүйелілігі бұзылады. Ал арасына (д1) – от (д1) – салу (д2) деген-
де сигнификаттық мағына бөлігі тұрақты дәрежеге енеді, себебі
жүйелілікті нақтылайтын уәждеме пайда болады. от жағу ондай
байлаулы тұрақтылыққа ие емес, өйткені синтагматикалық қатынас
сақталып отырғанымен, семемалардың қосындысы бір ұғымдық
көрсеткіш бере бермейді. Мәселен, пешке от жағу, далаға от жағу,
қазанға от жағу, ішке от жағу, сыртқа от жағу т.т. фразеологизмдерінің
сүйемел сөздері анық түрде тұр. Бұнда от жағу тіркесімі айнымалы
емес, қалыпты сипаттағы синтагматикалық қатынаста қолданылып
тұр. Бұнда да арасына от жағу дегенде, арнайы уәждеме, яғни ішкі
форма әсерінен өзге бір мағына құрылымы пайда болады. Ал үшінші
семемаға төртіншісін тіркестірсек, бұл уәждеме күшейіп, жоғарғы
дәрежедегі синтагматикалық қатар туып, ұғымдық мағына бөлігі басқа
сипатқа енеді, яғни сүйемел сөздер көбейеді: екеуінің арасына от жағу.
Бұл сөздер семемалары сипаты мынадай түрде бейнеленеді: (д1) – (д1)
– (д1) – (д1), ал екеуінің арасына от салу семемалары мынадай сипат-
та болады: д(1) – д(1) – д(1) – д(2). Бұл синтагматикалық қатардағы
ішкі валенттілік екеуінің арасына деген сөз тіркесі мен от салу немесе
от жағу тұрақты тіркесін байланыстырады. Бұл тұрақты тіркестердің
сигнификаттық макробөлігі ішкі мағыналық құрылымында сәл болса
да өзгеріске ие болады да, сол себепті оларды от жағу (С1) – от салу (С2)
белгілерімен таңбалаймыз. Бұндағы мегзеп отырған айырмашылық,
от жағу тұрақты тіркесі тіке денотаттық макробөліктен туып отыр
да, ал от салу фразеологизмінде сол денотаттық бөліктен көшкен
ауысу дәрежесіндегі айқын сигнификаттық сема байқалады. Еркін
сипаттағы тіркестерде денотаттық макробөлік осы (д1 – д1) типінде
келеді де, синтагматикалық аспекті олардың тұтастығын сақтап отыра-
ды. Мәселен, гүл гүлдейді, бала өседі, мектепте оқиды, тамақ ішу, гүл
теру, үйден шығу т.т. Сонымен қатар, кейбір фразеологтар тұрақтылы
сипатқа енбеген тек, біздіңше, лексикалық синтагматикалық қатынас
бойынша бекіген тіркестерді фразеология аясында қарастырады. Бұл
сөздер (д1 – д2) типі бойынша қатынасады, яғни сұңқар төс («сұңқар
төсі томпиып» М. Мақатаев), ақ жол, қара жағу, күйеуге тию, кінәсін
мойындау, есіне түсу, ақыл айту, жұрт қатарлы, сезім толқыны т.т. Ал екі
сыңары да екінші, үстеме денотаттық бөлікті білдірсе, семантикалық
бөлінбеу дәрежесі төмен болып, қоршаған ортаның сөздегі мәні ауы-
спалы сипатта көрінеді. Мыс: шала бүліну, көңілі қалу, аспаннан түсу,
сары ауыз, ашық ауыз, төрт көз, күн көру т.т., яғни бұларды (д2 – д2)
типімен береміз. Коннотаттық макробөлік денотаттық семемалардың
бір-бірімен байланысып жатқан тұрақты түрдегі синтагматикалық бай-
ланысынан көрініп, өзіндік түрге ие болады. Мыс: тауық көз дегенде
(д1 – д1) типінен екі заттық мәндегі лексемадан бірлесіп туған жаңа
коннотаттық бөлік пайда болады. Бұл семема (К1) типіне енеді де,
деноттық мағына бөліктері жоғалып, «көзі түнде көрмейтін», сондай-
ақ, жалпы «көзі нашар көретін» деген коннотаттық семалар негізгі
лексикалық мағына береді. Ал тауық ми деген тұрақты тіркес (д1 – д2)
типінде келеді де, осындай «ақымақ, басы істемейтін» коннотаттық
сема тудырады. Егер дүние жалған, дүние боқ, дүние ғапыл, дүние
шіркін, дүние дөңгелек деген заттық, ұғымдық байланыс (д1– К1)
типіндегі тұрақты тіркестің құралуын қарастырсақ, бұнда дүние
сөзінің мағынасында денотат дерексіз болады да, елеулі белгі болмай,
тіркескенде ұғымдық бөлікпен бірге коннотаттық семема пайда болады.
Ал ауыс сипаттағы заттық және коннотациялы бөлік мағыналы байла-
нысы терең дәрежедегі синтагматиканы көрсетеді. Мәселен, тас бауыр,
тас жүрек, су қараңғы, қу соқыр, мұздай көр, тар лақат, асау сезім, шай-
таны семіру т.т. Бұл тұрақты тіркестер өз құрамында екі коннотаттық
семемадан және аралас заттық бөліктегі мағынаға ие сыңарлардан
тұратын, (д2 – К2) және (К1 – К2) типтері бойынша құралған. Ал
бірінші лексема семантикасында коннотат басым болып, екінші сыңар
заттық бөлікті білдірсе, ( К1– д1) үлгісіндегі тұрақты тіркес жасала-
ды. Мыс: пасық пиғыл, аш көз, жеңіл жүріс, тозақ оты, жұмақ төрі,
ақ босаға т.т. Бұл типтегі коннотация, көбіне, атрибутивті жүкті алып
жүреді де заттық ұғымды нақтылап береді. Ал синтагматикалық үйлесу
276
277
күшею үшін үшінші ауыстыруға келетін сыңарды қатар қою арқылы
туған жағдайда күрделі тип пайда болады. Мыс: жан (сенімді, жақын,
бұрыннан келе жатқан) дос; бала (сенгіш, таза, пәк) көңіл; қабағы (түсі,
пейілі, ықыласы) қату т.т. (К2 – д1) типтері бойынша жасалған. Егер
жүрек жұтқан, су жүрек, бақа есеп, өті жарылу, сағы сыну, суқаны
сүймеу, үмітін үзу, уызына жарымау т.т. тұрақты тіркестерін алсақ, бұлар
бұл тип бойынша бөлуге келмейді. Сондықтан тұрақты тіркестер өте
күрделі синтагматикалық байланыстар жүйесінде жасалатындықтан,
олар туғызатын лексикалық мағына да күрделі құрылымда келеді.
Тұрақты тіркестердің синтагматикалық қатынасы өз ішінде әртүрлі бай-
ланысу типтерін құрайды. Соның әсерінен сигнификаттық макробөлік
күрделі сипатқа еніп, өзгермелі позицияда құбылып отырады. Кейбір
зерттеушілер бұл құбылуды формалар өзгерісі деп түсініп, оны өлшем
ретінде алады, мәселен, М.Т. Тагиев фразеологизмдерді фразеологизм
еместен синтаксистік қоршау бойынша анықтау принципін ұсынады
және етістікті фразеологизмдердің 142 конфигурациясын береді [115,
50]. Бір мәндес сүйемел сөздердің фразеологизмдермен синтагмалық
қатынаста келуі міндетті лексикалық қоршаудағы сөздердің тығыз
мәндік байланысын көрсетеді. Мәселен, «Таңертең, я түнде бір ауылға
жердің астынан шыға келгендей жетіп, мылтық атып, ауылдың има-
нын үйіреді (С.С.) Жауыр аттай ығыр болған халық қыр басынан бір
қара қылт етсе де, иманы таяқтай болып: «ойбай, келіп қалды!» – деп,
зар қағып қоя береді (Ә.Н.) [ҚТФС., 235]. осындағы ауылдың иманын
үйіреді, халық иманы таяқтай болады дегендегі ауыл, халық мәндес
сүйемел сөздері фразеологиядағы сыртқы лексикалық синтагматиканы
құрайды. Кейбір үлгідегі тұрақты тіркестер сан жағынан аз көлемде,
ал бірқатары көп мөлшерде келеді. Лексикалық синтагматиканың
тұрақты тіркестердің өз ішінде келу типтері әр алуан болғандығынан
байланысу дәрежелері де жеңіл және терең түрде болады. Ішкі
фразалық синтагматикада коннотаттық немесе сигнификаттық узуалды
мағыналар сыртқы жүйеден келген сөзбен байланыса алмайды, олар
тек ішкі құрамдағы сөздермен синтагматикалық байланыста тұрады.
Сол себепті жалпы фразеологизмдердің типтеріндегі компонентердің
парадигматикалық, синтагматикалық қасиеттері оларды күрделі тілдік
бірлік ретінде санауға мәжбүр етеді. «Фразеологизмдердің өзіндік
ерекшелігі, олардың тілдің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі орны
мынадай факторларға;
а) семантикалық жүзеге асқан оралымның парадигматикалық
және синтагматикалық белсенділігінің дәрежесіне;
б) фразеологизмнің морфологиялық өзгерісіне;
в) фразеологиялық бірліктің семалық құрамына;
г) ішкі форманың көлемі мен қолдану дәрежесіне қатысты болады.
Бір фразеологизмді сипаттайтын осы параметрлер жиынтығы неғұрлым
көп болған сайын осындай фразеологизмнің парадигматикалық,
синтагматикалық қатынаста басқа тілдік бірліктермен байланыстары
соғұрлым терең және жан жақты болады» [177, 174].
Тұрақты тіркестің басқа еркін сөзбен лексикалық синтагматикалық
байланысқа түсіп, сүйемел сөздерінің қатарлары нақтыланып, жүйелі
түрде мәтіндік, поәзиялық мәтіндегі қатынасу ерекшелігі бұдан терең
жатқан, күні бүгінге дейін жүйелі түрде қарастырылмаған мәселе
екенін айта кеткен жөн. осы тұрғыдан келіп, Ф.А.Краснов тұрақты
тіркестердің синтагматикасын зерттейтін «синтагматикалық фразеоло-
гия» ғылымын дамыту қажеттілігін айтады [267, 9]. Қорыта айтқанда,
тұрақты тіркестердің синтагматикалық аспектісі екіге жіктеледі,
бірінші; тұрақты тіркестердің өз ішінде тіркесу ерекшеліктері, яғни
ішкі лексикалық синтагматика және екінші; тұрақты тіркестердің
қоршаған контекспен, басқа лексемалармен, сүйемел сөздермен байла-
нысы, яғни сыртқы лексикалық синтагматика.
Достарыңызбен бөлісу: |