3.3 Метафорадағы комбинаторлы – синтагмалық қатынас
Семантикалық валенттілік және комбинаторлы-синтагматикалық
қатынас бір-бірімен өзара тығыз байланысқан лексикалық
синтагматиканың ішіндегі қатынастар. Семантикалық валенттілік
етістіктің мәтінде, тілді тасушының мақсатына қарай басқа сөздермен
байланысқа түсуі болса, комбинаторлы қатынас сөз тіркестеріндегі
сөздердің лексикалық мағыналарының өзара ықпалдасуынан
мағынаның ауысуында туатын лексикалық синтагматиканың жаңаша
мағыналы комбинаторлы-синтагмалық қатынасы. Комбинаторлы
қатынас комбинаторлы семантиканың бірлігі, ал комбинаторлы семан-
тика «жеке толық мағыналы сөздердің күрделі номинативті бірліктерге
250
251
біріккендегі себептерін білумен және күрделі бірліктің мағынасымен
сөздердің компоненттерінің арасындағы арақатынасты ашумен айна-
лысады» [139, 561]. Комбинаторлы семантика минималды мәтіндердің
мағыналық құрылымын айқындаумен айналысады, сондықтан мини-
малды мәтіндердің кіші құрамдас бөліктеріне метафора, метонимия,
синекдоха, теңеу сияқты ұғымдар жатады, бірақ бұнда, көбіне, күрделі
мағыналық қатынастардың ауысуының көрсеткіші ретінде метафора
қарастырылады. осыған орай, негізінен, комбинаторлы қатынас мета-
форада бөлек өзіндік сөз мағыналарының байланысын көрсетеді де,
лексикалық синтагматикалық байланыстың кішігірім түрі болады,
сол себепті метафорадағы ауыс мағыналық қатынас комбинаторлы-
синтагматикалық қатынас деп шартты түрде аталады. оның негізінде
шындық болмыстың денотаттық, сигнификаттық жағдайларының
үйлесіп, ауысуы жатқан соң, коннотаттық мағына компоненті де жа-
малып, ауысып отырады. Б.Сағындықұлы: «метафора адамның ойла-
уымен, әсіресе, көркем ойлауымен тікелей байланысты. Сондықтан
олар барлық стильде, барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді.
Көбіне поэзияда жиі ұшырасады. Ақындар мен жазушылардың, таны-
мал қаламгерлердің шығармаларында кездесетін әсерлі сөз өрнектерін
поэтикалық метафора деп атайды. демек, тілдік метафораны жасауға
бүкіл халық қатысса, поэтикалық метафораны көркем әдебиет
қайраткерлері, қоғамдық ақпарат қызметкерлері қалыптастырады», –
деп жазады [35, 33].
Шындық болмыстағы денотаттық, сигнификаттық ситуациялардың
менталды бейнесі болып, заттық-логикалық валенттілік деңгейі
көрінеді де, бастапқы мағынасы етістікпен таңбаланып, бірінші си-
туацияны құрайды. Ал семантикалық валенттілікпен көрінетін ауы-
спалы сипатқа ие болған денотаттық, сигнификаттық жағдайлар
метафораланған етістік арқылы көрініп, екінші ситуацияны таңбалайды.
Қазақ тіл білімінде метафораны алғаш жүйелі зерттеген Б.Хасановтың
метафораға берген анықтамасындағы «қимыл ортақтығы» ұғымы
денотаттық жағдай мәніне жуық келеді. «Метафора – заттар мен
құбылыстардың бүтіндей, не бір ғана белгі; форма, қасиет пен қимыл
ортақтығына орай, түр, түс, иіс, дыбыс ұқсастығына, құрамына, өз
арақатысына қарай ауыстыру. Ал метафораны қолдану – көру, есту,
сезу әсерлерінің кірігуі» [145, 18]. Етістіктің бастапқы мағынасындағы
семантикалық белгі етістіктің кең көлемде еркін құбылуына жол ашып,
метафораланған етістіктің семантикалық валенттілігінің өзгеруіне
әсер етеді, алайда бұл өзгеріс формаларға қатысты болмағандықтан,
синтаксистік валенттілік күшті өзгеріске ұшырамайды. дегенмен
етістіктің метафоралануы синтаксистік валенттіліктің схемасында
өзгерістер тудырады, себебі семантикалық валенттілік тіл жүйесінде
басқа лексемаларға қатысты өзгеріп отырады. Етістіктің семантикалық
валенттілігінің синтаксистік валенттілікті өзгертуінің А.С.Филатова
үш себебін көрсетеді. ол семантикалық валенттілікке әсер етуші
синтаксистік валенттіліктің өзгеруінің бірінші себебі, бастапқы
етістіктің лексикалық мағынасында актантты семаның болуы, екінші
себебі, синтаксистік валенттілік мүшелерінің санының көбеюі, ал
үшінші себеп, етістік семантикасының жалпылануы деп есептейді
[221, 162].
Метафораның бірінші сипатында семантикалық валенттілік
комбинаторлы-синтагматикалық қатынастың басты бөлігі ретінде
мағынаның ауысуына негіз болады. Лексикалық мағына комбинаторно-
семантикалық механизм арқылы заттық-логикалық қатынаспен сәйкесті
түрде ауысады да, лексикалық синтагматиканың ауысудағы көрінісінде
ерекше ауыс мағынаға ие болады. Лексикалық синтагматиканың бұл
жағдайында бір басты, көбіне, денотаттық және сигнификаттық ма-
кросема ауысады. Бұл дәстүрлі метафоралардың тілдегі көрінісінде
екі лексеманың синтагмалық байланысы айқын білінеді. Б.Хасановтан
мысал алсақ, бұл ерекшелік етістіктің «есік» сөзімен семантикалық
валенттілікке түсуінде байқалады: «Есік» сөзі метафоралық тіркесте
жиі қолданылады екен. оны Абай поэзиясынан бері қарай алып шолып
өтелік:
Туғанда дүние есігін ашады өлең...(Абай, 1, 69)
...Жаңа жыл кеп заманның ашты айқара есігін («Л.Ж.», 1 январь
1969 жыл)
Елімнің есігінен иттер қуған
Сорлының сүйреген ел басын төрге (І.Ж., 489) [145, 21]. Бұнда
дүние есігін ашу, заманның есігін айқару, елімнің есігінен қуу метафо-
ралары етістіктің семантикалық валенттілігіне құрылған.
Етістіктің метафоралану кезінде комбинаторлы-синтагмалық
қатынастың екінші сипатының негізінде екі ситуацияның метафоралық
процесте әртүрлі себептерге байланысты сәйкес келмеуі жата-
ды. Ал әртүрлі себептерге ситуацияны жасаушы мүшелердің саны,
коннотаттық макросеманың араласуы, ұлттық символдық бейнелердің
өзіндік қолтаңбасы т.т. жатады. Бұл топтағы метафораларға
жекелік бағалауыштық компоненті бар лексикалық синтагматикасы
эмотивтілікке құрылған метафоралар жатады. «Әдеби және тілдік
тұрғыдан біріктіріп қарасақ, метафораның екі түрі бар деуге болады:
бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан болған индивидуалдық
метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар»
[145, 136]. осындағы жекелік метафора комбинаторлы-синтагмалық
252
253
қатынас арқылы анық байқалады. Махамбет поэзиясы тілін зертте-
ген Қ.Өмірәлиевтің ақын тілінен келтірген метафоралары ұлттық
символдық бейнелерге негізделген. «Махамбет геройы, біріншіден,
«құсқа» баланады: мен қарақұстан туған қалықпан, таудан мұнартып
ұшқан тарланым, айрылған бір аққу болдым халықтан соң, тауда
ойнаған қарт марал; екіншіден, «ағашқа» баланады: түбін қазған
мен бәйтерек, боз ағаштан биік мен едім, бұлтқа жетпей шарт сын-
бан, үшіншіден, «бұлтқа» баланады: мен келелі қара бұлтпын, келе
жаумай ашылман; төртіншіден, қазақтың көшпелі тұрмысының тірегі
«нар түйеге» баланады: қайыспас қара нар-ды деп; т.т.» [65, 220-221].
осындағы туған қалықпан, мұнартып ұшқан тарланым, айрылған
бір аққу, ойнаған қарт марал, түбін қазған бәйтерек, бұлтқа жетпей
шарт сынбан, қара бұлтпын жаумай ашылман, қайыспас қара нар
метафораларындағы етістіктің семантикалық валенттілігін бұзсақ,
метафораның ұлттық мәдени эмотивті сипатқа ие күші көмескіленеді.
Мыс: дүниеге келген қалықпан, қарайып ұшқан тарлан, ажыраған аққу,
жүгірген марал, шіріген бәйтерек, жетпей жайлап сынбан, бұлтпын
жаумай кетпеген, бүгілген қара нар. Метафорадағы эмотивтіліктің на-
шарлауы комбинаторлы-синтагмалық қатынасты құраушы етістіктің
ауысуына қатысты болады. Тағы бір мысал алайық:
«Мен – қарағай, сен – терек,
Төгер едік көк өрік
Амал қанша, не керек,
Араға шықты тікенек (І.Ж.,1, 521) [145, 96]. осындағы
семантикалық валенттілікке ие «шықты» етістігін ауыстыралық;
араға қаулады тікенек, өсті тікенек, түсті тікенек, орналасты тікенек
т.т. Бұл мысалдарда комбинаторлы-синтагмалық қатынас болғанымен,
эмотивті валенттілік көрінбейді. Бұл топтағы метафораларға халықтық
сипаттағы метафораларда жатады, себебі ұлттық мәдени фактор
комбинаторлы-синтагмалық қатынасқа негіз болады. Сигнификативті
жағдайдың өзектеніп, денотаттық макросеманың көшуі ұлттық
нақышқа сай жүргенде айқын комбинаторика көрінеді. Р.Сыздық дулат
ақынның тіліндегі осыған жуық ерекшелікті сөз етеді: «оның дүние –
жемтік, мен – төбет, Соны бақпай не бақтым дегені жасалу қалыбы
(моделі) жағынан бұрынғыша: шендестірілетіндердің бір қарсы тұсы
(полюсі) – табиғат, екіншісі – ғалам, тіршілік, дүние, ал мағынасы,
одан туатын ассоциация тың: бұрын дүниені жемтікке, адамды төбетке
теңеп, ақындықты жемтік аңдыған иттің тіршілігіне балау болмаған
дүние» [218, 189]. Төбет болып жемтік бағу дегендегі, бағу етістігін
күзету сөзімен ауыстырса да, лексикалық синтагматика жойылмайды,
себебі ит – күзету тілімізде бұрыннан бар синтагмалық байланыс. Бұл
метафорада қалыпты денотаттық жағдайдан туындаған коннотаттық
бағалауыш сема төбет болып бағу синтагмалық қатынасымен беріліп
тұр, себебі тіліміздегі ит сөзінде жағымсыз айырушы сема тұрақтылып
қалған. Ұлттық сипат туралы Б.Хасанұлы «әрбір тілдің өзіне тән мета-
фораларын анық байқау үшін белгілі бір образдың әр халықта метафо-
ралы жұмсалуын салыстырып көру керек. Қазақтың ұнататыны – қара
көз, оны кейде «бота көз», кейде қарақаттай» деп салыстырады. Ал орыс
халқының жақсы көретіні – көк көз (синие глаза). Қазақ шешендерінің
сөз саптауында «көз» сөзімен мынадай тіркестер жасалған: «бота көз,
құралай көз, қаршыға көз, қой көз, тана көз, отты көз, бадана көз,
айна көз, дұшпан көз т.б.» деп пікір білдіреді [145, 107]. Бұл жерде
R.Gibbs «Ғалам туралы фактілерді метафораның көмегі арқылы көзге
көрінбейтін ұғымдарға ауыстыруға болады», – деуі орынды екенін
айтпақпыз [237, 315]. Сонда метафора ақпарат берудің ауысқан, өзгеше
түрі болған соң, комбинаторлы қатынасқа түседі, осыған байланысты
д.Әлкебаева: «метафора автордың ақпарат беру қасиетінде лексика-
семантикалық,
семантикалық-стилистикалық,
коммуникативті-
прагматикалық жағынан ерекшеленеді», – деп көрсетеді [169, 119].
Комбинаторлы қатынастың үшінші сипатының негізінде
метафораның құрамындағы етістіктердің семантикалық валенттілігін
құраушы эмосемалардың мақсат пен контекстке байланысты
өзектенуі жатыр. Бұл сипаттағы метафораларға біріккен айқын
коннотаттық компоненті бар, тіпті асемантикалық синтагматикалық
байланысқа ие құбылған семантикалық валенттілік қасиеті бар ме-
тафоралар жатады. Р.Сыздық бұндай метафораларды тіл білімінде
бинармдар деп атайтынын жазады. «С. Есенин поэзиясындағы мета-
фораларды зерттеуші Н.А.Басилая мұндай метафоралық тіркестерді
бинармдар деп атайды, яғни мағыналық өрісі мен тіркесу қабілеттері
әртүрлі сөздердің бірі метафораланып (мағынасы ауысып), екіншісі
метафоралап (қасындағы сөздің мағынасын ауыстыртып) тіркесуі
бинарм болып шығады. Мысалы, Есенинде кездесетін руки березы,
кости березы, мольба берез дегендерде береза метафоралайтын сөз,
ал оның алдындағы сөздер – метафораланып тұрғандар. Абайда да
үміттің аты, саңырау қайғы деген тіркестер бинармдар: мағынасы
жағынан тіркесімділік қабілеті жоқ сөздердің бірі мағынасы ауысып
(ат, саңырау) екіншісі тіркескен сөзінің мағынасын ауыстыртып (үміт,
қайғы) тұрған метафоралық қолданыстар» [238, 421]. Бұл топтағы
эпитет және метафораларда комбинаторлы-синтагмалық қатынас
денотаттық, сигнификаттық және коннотаттық, факультативті
макрокомпоненттердің өзара және араласа үйлесуінен, сондай-ақ,
кеңейген көлемде келуінен көрінеді. «Бұрын қолданылмаған сөз орам-
254
255
дарында айту арқылы дәстүрлі метафоралардың тіркесу шеңберін
әрі қарай кеңейтуге болады. Тіпті, бұл дәстүрлі метафоралардың
өзгеруіне де әкелуі мүмкін.
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің (Абай, 1, 184)» [145, 140]. Бұндағы тұлпар міну
сөз-синтагмасының өзінде-ақ, жағымды бағалауыштық коннотаттық
оккозионалды сема байқалады да, талаптың сөзімен кеңейеді, ал егер
есекті міну дегенде жағымсыз бағалауышы бар коннотация пайда бо-
лар еді. оның үстіне, бұл мағыналы қатынасты одан әрі кеңейтсек,
мақсатсыз қолданыстағы бұлыңғыр семалары өзектенген коннотация
көрінер еді. денотаттық, сигнификативті жағдайлар сол күйінде бұл
топтағы метафораларға ауысып, үйлесуі тілдегі қалыптасқан дәстүрлі
нормаларға сәйкес жүреді. Мәселен:
«отыз жасқа келгенде
дүниедей кең едің
отыз бес жасқа келгенде
Қара судың бетінде
Сығылып аққан сең едің» [Б.ж., 94]. осындағы дүниедей кең,
сығылып аққан сең сөздері өзара мағыналық үйлесімде бір мақсатқа
сай ауысып қолданысқа түсіп тұр. Бұл сөздердің тіркесімінде көз
алдыңа ауани деректі заттық бейне келетіндей, денотаттық жағдайдың
сәйкесті көшуі орын алғаны анық аңғарылады. Комбинаторлы-
синтагмалық қатынастың тілімізде бұрыннан бар екенін Р.Сыздық
айтып өтеді: «Абайдың мағынасы жағынан бір-бірімен үйлеспейтін
сөздерді тіркестіріп, көбінесе авторлық тың эпитеттерді ұсынуын
(жалтаңдаған жас жүрек, мен – сынық жан т.б. сияқты) Қ. Жұмалиев
орыс көркем сөзінің үлгісі, Абайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспе-
ген тың тәсіл дегенді айтады. Ал мұқият іздестірсек, бұл – сонау Ахмет
Яссауи поэзиясынан келе жатқан, ертеректегі қазақ өлең-жырларынан
да табылатын поэтикалық көне тәсілдердің бірі екенін байқаймыз».
«Ал қазақ ақын-жыраулары тілінде Абайдағыдай жиі болмағанымен,
бұл тәсіл арқылы жасалған тіркестер бар екенін айта аламыз. Мысалы,
Кемпірбайдың: Тәуекел дариясынан бетім жудым – дегенін... оқысақ,
мұндағы көрсетілген эпитеттер қалыпты емес, авторлық қолданыстар
екенін байқаймыз» [238, 422]. дегенмен де мағыналық жағынан
үйлеспеуге тиіс сөздердің үйлесіп, эпитет, метафораларды құрауы
ішінара фольклорда, авторлы әдебиетте, сонымен қатар, Махамбет,
дулат поэзиясында кездескенімен, бүгінгі поэзияда кеңінен орын алуы
Абай поэзиясынан басталады. Бұл туралы Р.Сыздық: «Соны эпитет-
тер ұсыну үшін Абай синкреттік амалды кеңінен пайдаланған, яғни
семантикалық жағынан бір-бірімен үйлеспейтін (тіркеспейтін) сөздерді
тіркестіруді жүйеге айналдырған. Мысалы, Көрмеген көп дүние көл
көрінді Кірлемеген көңілдің ашығында – дегенінде кірлемеген эпитеті
мағынасы жағынан өзі анықтап тұрған көңіл сөзіне жанаспауға тиіс,
өйткені кірлейтін нақты зат (киім, төсек т.б.) болса керек еді, ал
көңіл нақты зат атауы емес, дерексіз (абстракт) ұғым атауы. Бұл жер-
де кірлемеген деген сөз – метафораланып, әлі жамандық көрмеген,
барлығына үмітпен қарайтын адамды бейнелеп атайтын образ», –
дейді [238, 421]. Мұнда комбинаторлы-синтагмалық қатынас кейбір
денотаттық семалардың үйлескен сипатта ауысып, сигнификаттық
семамен ыңғайласуын жүзеге асырып тұр. Бұндай жағдайда мағына
макрокомпоненттерінің кейбір окказионалды және айырушы
семаларының өзара синтагмалық байланыс құруы пайда болады және
бұл мәтіндегі бейнеліліктің дәрежесін күшейтеді. Семантикалық
байланыстың бұндай түрлері тілімізде бұрыннан кездесетін
асемантикалық байланыстардан бөлек типте болады. А.С.Филатова:
«белгілік сөздің мағынасы заттық не тіркесетін сөздің интенсионалына
немесе күшті импликационалына тең келсе, семантика жаңаша мәнді
жамылып, басқа ережемен байланыса бастайды», – деп лексикалық
синтагматиканың эпитет, метафоралардың өзге түрлерін лексикалық
құрамда тұрақтандыратынын көрсетеді [221, 50]. Ал дж. Лакофф ме-
тафораны тілдік емес, концептуалды құбылыс, ал метафоралық тіл –
концептуалды метафораның беткі жағының көрінуі, яғни тұрақталған
метафора өзіндік тілдік кейіпте болады деп жазады [239]. Концептуал-
ды метафора деректі және дерексіз ұғымдардың бірлігінен құралып,
индивидтің менталдығына қатысты болатынын басқа да зерттеушілер,
мысалы, G.A.Miller нақтылайды [240]. Өлең мәтінінде өзгерген
синтагмалық байланыстың тұрақталуын Р.Сыздық образ ұғымымен
байланыстырады; «...ақын іші алтын, сырты күміс сөз, буулы сөз,
қуаты күшті нұрлы сөз, жабырқаңқы сөз деген жаңа қолданыстарды
ұсынады. Бұлар семантикалық алшақ ұғымдардың тоғысуынан
жасалғандар: жабырқау – адамға тән сипат, әрі кетсе «адам» мәнінде
жұмсалатын көңіл сөзімен тіркесуге бейім, ал сөздің жабырқаңқы бо-
луы – образ» [238, 423]. Сөздердің бұндай түрде тіркесуі деректі ауани
мағына макрокомпоненттерінің өзара синтагмалық қатынас құрап, сөз-
синтагма жасауы болып көрінеді, ал сыртқы түріне келсек, бейнелілік,
яғни образ пайда болады. Синтагмалық байланыс көркемдеу тәсілін
тудырушы болып, эпитет, метафора, образдың қалыптасу негіздерінің
бірі болады. Асау жүрек аяғын шалыс басқан деген өлең тармағы
бастан-аяқ синкреттік қолданыс: жүректің асаулығы да семантикалық
үйлесімі жоқ сөздердің «ынтымақтасуы», аяғын шалыс басқан деген
де дәл осындай. осы іспеттес: Күйлі, күйсіз бәйгеге қажыды көңілім
256
257
көп шауып – деген жолдар да ақынның айтпақ идеясының астармен
(метафорамен) берілгенін көрсетеді. Көңілдің бәйгеге шабуы – соны
образ, ал ол бәйгеге көңілдің кейде күйлі, кейде күйсіз кезде түсуі де
осы образды одан сайын күшейтіп, «әр сөздің жаңа ұнасымын тапқан»
[238, 424]. Бүгінгі поэзияда комбинаторлы-синтагмалық қатынасқа
құрылған, негізін Абай салған метафоралар мен перифраздар көптеп
кездеседі. Мысалы:
«Жер – көрхана, уақыт – ажал, құм – кебін,
Көрхана жер ұсынып-ақ тұр төрін...
Тау емізіп тарғыл дене бұлт қаншық,
Тау үрпісін қаншық бұлттар жұтқансып
Түлкі бұлақ түрленеді қыңсылап,
Құйрықтарын бұттарына тыққансып» [С. Ад.]. Бұнда бірінші
денотаттық жағдайдан көшкен, екінші денотаттық жағдайда
сигнификативті ситуацияға сәйкес өзара комбинаторлы қатынасқа
түсу жүзеге асып тұр. Бұндағы бастапқы денотаттық жағдайда жер
көр, ажал мезгіл, құм көрге бірге кетер жабын, киім мағынасында, ал
қимыл ауысуына негіз болып тұрған синтагмалық қатынастар етістіктің
семантикалық валенттігінен туындайды: қаншық емеді, жұтқансиды;
түлкі қыңсылайды; құйрығын бұттарына тыққансиды. Бірінші
денотаттық жағдайды негізінен етістіктер беретіндіктен метафоралық
ауысу осы көлемнен басталады. Мәселен:
оралғасын, арман-ай, бір
Аққа көңіл ауар шын!
Желіні толған Аруана-айдың
Уыз нұрын сауарсың [С. Нұр.]. Мұнда ақ, яғни шұбатқа көңіл ауған
соң, аруананы сауу қалыпты іс-әрекет комбинаторлы ауысуға ұшырап,
метафорлы тіркестерді тудырып тұр. Етістіктерінің семантикалық
валенттілігінің комбинаторика құрауы туралы Р.Сыздық былай
дейді: «Абай жаңа образды тіркестердің құрылымдық элементі етіп
етістіктердің ішінде сату-дан басқа сауу (адам сауу, қулық сауу, еңбегін
сауу), бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), табу (орын табу, ой табу)
деген сөздерді пайдаланған. Жақша ішінде көрсетілген тіркестер де
соны құрылымдар және астарлап айтылған образды экспрессоидтер.
...сауылатын тек мал болса керек еді, Абай адамды, қулықты, еңбекті
«сауғызады»; қазақтың далаға жайып, қорада күтіп бағатыны да мал
ғой, ал Абай күлкіні, ғылымды, елді «бақтырып қояды, демек, бұлар
да Абай жиі қолданған синкреттік амал, яғни семантикалық мәндері
жағынан бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді тіркестіру орын алған» [238,
490]. Сондай-ақ, мысалы:
«Кеудемді жарған алғашқы бәйшешек-сезім
Қыстың ең соңғы кәріне ұрынбағай!» [Н.Бердалы, Ж.а.ант.].
Мағынаның көшу негізінде бәйшешектің алғаш қар астынан шығуы,
оқыс аязға ұрыну деректі денотаттық жағдай көрінісі жатыр.
Мұндай ауысу поэзияда көптеп кездеседі; сезім-сүңгі тамшылай-
ды, махаббаттың денесін арулайын, қанатын қақты қайрылмай көк
көгершіні көңілдің, солғын күздей боп сарғайды бүгін гүл-өңім, ит-өмір
қоса жармасар балақтан қауып, жапырақ-жүрек алмасып өмір сүреді
т.т. [Ж.а.ант.]. Мағыналардың ауысуы салдарынан поэзияда метафора-
лы сөз-синтагмалар көптеп тұрақталуда, мәселен, ару-түндер ағытар
жұлдыз түймесін; жылан-ғұмыр арбаған; сәби-шындық жылайды
бесігінде, ғасыр-ана келмейді кешірімге; аяусыз жалған ажал-қармаққа
ілдерген; ай-арудың түн шашынан аймалап; сезім-құрық түскенде
кеңірдектен; тау-басымды сүйедім таң-тұғырға; көз-бұлақтан ағылып
қан-үмітім; қыз-дүние қылымсиды; ит-тірліктің сүйегіне таласып; т.т.
[С. Ад.]. Бұл тіркестерде комбинаторлы-синтагмалық қатынастар орын
алғандықтан мағыналы үйлесу ауыс сипатта болса да сақталып тұр.
Бірақ денотаттық жағдайды кейбір ақындар екінші жағдайға дұрыс
көшіре алмай, комбинаторлы-синтагмалық қатынас жүзеге аспайтын
жағдайлары көптеп кездеседі. Х.Нұрмұқанов бұл үйлеспеу туралы бы-
лай деп жазады:
«Найзағай от кірпігін қадады да,
Аспанның бұлт шылады табағына.
Көктемге көрімдік қып кетті жаңбыр
Қайыңның күміс қадап сабағына (Қ.Б.). Өлеңінің сөздерін
қаламгер түгелдей дерлік соны тіркестерде (бұлт шылау, найзағайдың
кірпігіне, жаңбырдың көрімдігі, қайыңның сабағы) ажарлап, құбылтып
қолданып, әр жолға тұтас шумаққа келісті рең берген. Бірақ автор
қаламы бұл жерде жаза басқан: аспан табағына найзағайдың бұлт
шылауы шындыққа қайшы әрекет. Себебі бұлт – найзағай кірпігінің
құдыретінен пайда бола қалатын бояу емес, керісінше, сол найзағайдың
өзін дүниеге келтіретін ток көзі» [219, 213]. Метафоралардың аталымға
айналуы туралы Б.Қасым: «Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік
қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді», – дейді [241,
313]. Сонымен бірге, метафораларды, ол:
«а) Атауыштық метафоралар (ботакөз, бізқұйрық, бізтұмсық).
б) Танымдық метафора (ғаламшар, бойтұмар, беташар, тұсаукесер,
атажұрт).
в) Экспрессиивті-бағалауыштық метафора (жексұрын, жолбике,
көртышқан, оқжылан)», – деп бөледі [241, 260]. Бұл ерекшеліктер ту-
ралы «метафораның аталым жасаудағы қызметінің маңызы сөзқосым
бірліктері арқылы когнитивтік аспектіде зерттелді», – дейді [242, 5].
258
259
Танымдық тұрғыда тұтас метафоралық моделдердің өзара тіркесуі
көрінеді, оның негізінде де денотаттық жағдайлар жатады. Когнитивті
әдіс бойынша А.Н.Баранов формалды тіркескен және мазмұнды
тіркескен метафора түрлерін бөліп, формалды тіркесуді сыртқы, ішкі
деп екіге жіктейді. Ішкі тіркесуге денотативті байлаулы, денотативті
байлаусыз метафоралар жатады, ал сыртқы да осы сипатта тек кон-
текстке қатысты болады. Мазмұнды жағынан метафоралы моделдер
когнитивті-семантикалық тіркесу типі бойынша және ғаламның тілдік
бейнесіне қатысты онтологиялық тіркесу типі бойынша екіге ажырай-
ды [111, 83-87]. дж.Лакофф, М.джонсон да метафораны осы тұрғыдан
қарастырғаны белгілі [243]. А.Әмірбекова концепт қалыптастырудағы
метафораның қызметі семаларға сүйене жүзеге асатынын сызбалар-
мен бейнелейді. Мысалы: «Жігіт – бүркіт» метафорасындағы С1 –
жігіт-батыр, қайсар; С2 – бүркіт-мықтылық, жыртқыш, күшті; Қ1 – ел
қорғаны; Қ2 – құс патшасы» [244, 90]. Концепт қалыптастырудағы
метафораның қызметі ерекше болады, яғни, А.Әмірбекова: «метафо-
ра концепт қалыптастыратын құрылымдық элементтердің бейнеле-
ну қызметін атқарады. Метафоралану әрекеті адам тәжірибесіндегі
ассоциативтік, стереотиптік, символдық танымына негізделеді. Кон-
цепт қалыптастырудағы метафораның қарапайым қызметі – танылатын
дүниенің бір қасиетін ауыстырып, санадағы гештальт құрылымда жаңа
фон қалыптастыру», – деп жазады [244, 89]. Ал в.Н.Телия: «Когнитивті
метафоралар – дерексіз ұғымдарды қалыптастырушы және атаушы ме-
тафоралар», – деп көрсетеді [245, 193]. Көркем мәтіндегі концептілер
түрлері мен қалыптасуы туралы А.Әмірбекова: «Поэтикалық мәтінде
концепт қалыптастыратын метафора – индикативті және синергиялық
метафоралар. Индикативті метафора ұқсату процесін көруден алған
әсері арқылы қалыптастырады. Синергиялық метафора ұқсатылатын
дүниені мейлінше сәйкес келмейтін қашық бейнемен үйлестіру арқылы
қалыптасады, яғни түпкі мағыналарында ешқандай байланыс жоқ бол-
са да өзара үйлестіру. Метафора екі құрылымда қалыптасады:
а) Негізгі компонент (білдіруші);
б) Көмекші компонент (бейнелеуші).
Көмекші компонент денотат, яғни объектілер класы арқылы та-
нылатын метафораны индикативті метафора дейміз. Себебі ондағы
ұғым қалыптастыратын компонент затқа бағытталады. Концепт
қалыптастыруда басты роль атқаратын – көмекші компонент», – деп
көрсетеді [244, 91]. в.Н.Телия бейнелі метафоралар түрін бөліп,
олардың бағалауыштық сипатының басымдылығына орай, бейнелі-
эстетикалық, бағалауыштық, бағалауыштық-экспрессиялық түрлерін
жіктейді [245, 196-199]. Е.С.Федотов: «когнитивті метафора ғаламның
тілдік бейнесіндегі көрінбейтін мәндердің тұтас және анық кон-
цептуалды үлгілерін білдіре алатын қабілетке ие болады», – дейді
[246, 46]. Қорыта келгенде, комбинаторлы-синтагмалық қатынас
лексикалық синтагматиканың бөлігі ретінде метафораның үш түрін
тудырып, оларда негізгі орын алады және бинармдар мен метафора-
лы сөз-синтагмалардың жасалуына басты ықпал етуші байланыс бо-
лады. Комбинаторлы-синтагмалық қатынастың негізінде денотаттық,
сигнификаттық жағдайлардың үйлесе басқа жағдайға көшіп, ауысуы
жатыр. Бүгінде лингвометафоралогиялық зерттеулердегі семантикалық
моделдеу когнитивтілік тұрғыдан қарастырылып, онда метафораның
басты қызметтері ескерілуде екенін айтпақпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |