4. КОГНИТИВТІ СЕМАНТИКА
ЖӘНЕ МӘТІН СЕМАНТИКАСЫНЫҢ
СИНТАГМАТИКАСЫ
4.1 Лексикалық мағына мен концепт құрылымындағы
қатынастар
Бүгінде лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, дәстүрлі
лингвистика өзара байланыста даму үстінде. Әсіресе, когнитивті линг-
вистика мен лингвомәдениеттану бірлесе тіл мен оның танымы, ұлттық
мәдениеттің тілдегі көрінісін, өзара байланысын жасауға ұмтылуда.
Бұлардың бәрі адамның сөйлеу әрекетіне қарай, яғни антропоцентристік
мәнде зерттеп, тілдік тұлғаның ойы мен танымының барлық тілдегі
көрінісін саралап, зерделеуде. Когнитивті лингвистика алғаш жеке
ғылым ретінде пайда болуы шартты түрде 1989 жылы Германияның
дуйсбург қаласында өткен ғылыми конференцияда жарияланады.
Когнитивті лингвистиканың алғаш пайда болуының американдық
бағыты дж.Лакофф, Р.Лангакер, Р.джакендофф және т.б. тілшілердің
еңбектерінен басталса, ресейлік бағыты Е.С.Кубрякованың еңбектерінен
басталады. З.д.Попова, И.А.Стернин: «Бұл екі бағыт – классикалық
американдық когнитивизм және ресей құрылымды-семантикалық зерт-
теулер – бір-бірінен тыс дамып, әртүрлі терминологияны қолданса да,
осы зерттеулер нәтижесінде ашылған категориялар көп жағдайларда
қиылысып жатады» – деп жазған болатын [173, 12]. Еуропада 1990
жылдары Ф.Унгерер, Х.-Й.Шмидттің «Когнитивті лингвистикаға
кіріспе» (1996) және Б. Хайненің «Грамматиканың когнитивті негізі»
(1997) атты еңбектері жарық көрді [271, 22]. Когнитивті лингвистиканың
ресейлік бағытында басты екі ғылыми бағыт қалыптасады: лингвомәдени
бағыт және лингвокогнитивті бағыт. Лингвомәдени бағыт өкілдеріне
Ю.С.Степанова,
в.И.Карасик,
в.в.Красных,
в.А.Маслова,
Н.Ф.Алефиренко, в.П.Нерознак, А.П.Бабушкин, Ю.Н.Караулов,
Г.Г.Слышкин, в.Т.Клоков, С.Г.воркачев, в.А.Пищальникова т.б.
ғалымдар жатса, лингвокогнитивті бағытқа Е.С.Кубрякова, А.вежбиц-
кая, Н.д.Арутюнова, в.Н.Телия, Е.в.Рахилина, д.И.Павиленис,
З.д.Попова, И.А.Стернин, Р.А.Плунгян, Н.Н. Болдырева және т.б.
зерттеушілер жатады. Концепт мәселесі орыс когнитологиясындағы екі
бағыттағы ғалымдар еңбектерінде терең тұрғыдан, кеңінен
қарастырылған. Ал қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистика мен
292
293
тілдік тұлғаның лингвокогнитивті деңгейі, ондағы концептілер
құрылымы кеңінен қарастырылуда. Ж.А.Манкеева, Н.Уәли, Қ.Жаман-
баева, А.Ислам, Қ.Рысберген, Э.оразалиева, А.Әмірбекова т.т.
зерттеушілер өз еңбектерінде әртүрлі концептілер мен жеке бір тұлғаның
ұлттық танымын, концептосферасын кеңінен саралаған. Атап айтқанда,
Э.оразалиева қазақ когнитивті лингвистикасының қалыптасуы мен да-
муын кеңінен қарастырып, қазақ тілтану парадигмасының бес кезеңін
көрсетеді [15, 17]. Концепт, оның түрлері, когнитивті мағына, когнитивті
мағынаның құрылымы, когнитивті семантика ғылымы, лексикалық се-
мантика мен когнитивті семантиканың өзара байланысы мәселелері
бүгінде әлі зерттелу үстіндегі өткір сұрақтар болып отыр. «Концепт,
ұғым, мағынаның аражігін ашып, саралау теоретикалық тіл білімінің
өте күрделі мәселесі болып қалып отыр, себебі ол эмоционалды,
экспрессивті, бағалауышты ореолмен қоршалған күйде болады. Бұл
«шоғыр» түсінік, ұғым, білім, ассоциациялар ұғымының сөзбен берілуі»
– дейді в.А. Маслова [271, 35-38]. Мағынаға концепттің жақын келетін
жері концептіні қарастыру оның мазмұндық құрылымындағы сөздердің
мағынасын қарастыру деген сөз, яғни концепт те мағына сияқты
объективті нысанның субъектідегі көрінісі. Сол себепке орай, А. веж-
бицкая: «Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып,
субъектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады», – деп жазған бола-
тын [272, 79]. Когнитивті тіл білімінің басты бірлігі концепті болады, ал
олардың түрлерін зерттеушілер әртүрлі жіктейді. Мәселен, осы
мәселелерді сипаттап келе, Е.С.Федотов алдындағы танымал
ғалымдардың ізімен концептілерді төрт түрге жіктейді: когнитивті кон-
цепт, мәдени концепт, ұлттық-мәдени концепт, лингвомәдени концепт
[246, 14]. Сонымен бірге, С.Г.воркачев метафизикалық концептіні
енгізіп, оны: «Метафизикалық концепт шындық және шындық емес
дүниедегі дерексіздіктің жоғары дәрежедегі құндылықтарын көрсететін
менталды мазмұн», – деп анықтайды [273, 49]. Ал А.Әмірбекова
бұлардан басқа метафизикалық концепт, ұлттық-мәдени концепт, эмо-
ционалды концепт, контрастылы концепт, калейдоскоптық концептілер
түрлерін көрсетіп, оларға анықтама береді [244, 22]. осыларға сүйенсек,
концепті ұғымын бүгінде когнитивті лингвистикада жалпы төрт түрге
бөліп қарастыру кеңінен тарағаны байқалады, яғни; лингвомәдени кон-
цепт, ұлттық-мәдени концепт, мәдени концепт, когнитивті концепт.
Лингвомәдени концепт лингвомәдени түсініктер мен ұғымдардың тілде
көрініс табуы, яғни лингвомәдени ұғымдардың лингвокультуремалар-
мен жинақтала суреттелуі болады. в.И.Карасик, Г.Г.Слышкин:
«Лингвомәдени концепт – тілді, ұлттық сананы, және мәдениетті
кешенді зерттеуге бағытталған шартты менталды бірлік», – деп анықтап,
оның үш сферада қатынасы мынадай түрде, яғни «сана – концепттің
болу аймағы; мәдениет – концептіге әсер етуші; тіл – концептінің
көрінуі түрінде болады», – дейді [274, 75]. Ұлттық-мәдени концепт «тек
ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың
мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала, көш, домбыра,
қамшы, тары)» [244, 22]. Мәдени концептіні С.Г.воркачев құрылымдық
тұрғыдан анықтайды: «Лингвокультурный концепт – это культурно от-
меченный вербализованный смысл, представленный в плане выраже-
ния целым рядом своих языковых реализации, образующих соответ-
ствующую лексико-семантическую парадигму. План содержания линг-
вокультурного концепта включает как минимум два ряда семантических
признаков. во-первых, в него входят семы, общие для всех его языко-
вых реализации, которое «скрепляет» лексико-семантическую парадиг-
му и образуют его понятийную либо прототипическую основу. во-
вторых, туда входят семантические признаки, общие хотя бы для части
его реализации, которые отмечены лингвокультурной, этносемантиче-
ской спецификой и связаны с ментальностью носителей языка либо с
менталитетом национальной языковой личности» [275, 271]. Когнитивті
концепт шындық болмыстың адам санасында бейнеленіп, сөзді қолдану
мен мәннің байланысы ретінде түсініледі. в.А.Пищальникова:
«Индивидтің білуі, ойлауы, қоршаған шындық болмыстың заттары мен
құбылыстарын шамалауы когнитивті концепт болады», – дейді [276,
49]. Сондай-ақ, когнитивті семантикадағы концепт тілдің концептуал-
ды жүйесінің бөлшегі ретінде қарастырылады. Концепттің
құрастырылуы тәжірибе және танымның негізінде жүйеге асқандықтан,
бұл когнитивті концепт лингвомәдениеттанудан алысырақ жатыр.
Мәдени концептіде ұлттық мәдениет, ғасырлар бойы жинаған салт-
дәстүр, мінез, менталдық т.т. ұғымдардың жиынтығы құрамдас бөліктер
болады. Ал ұлттық концептілер туралы З.д.Попова, И.А.Стернин: «На-
циональные концепты в принципе являются общими для всех носители
соответствующей культуры, они ментально объединяют нацию, но так
ситуация выглядить лишь идеале, в реальности это оказывается далеко
не всегда так, поскольку степень усвоенности национальных концептов
отдельными членами лингвокультурной общности может весьма суще-
ственно различаться», – деп жазады [173, 77]. Міне, осы концептілер
бәрі құрылым түзеді және өзара мағыналық үйлесімділікке ұшыраған
сөз тұтасымдарынан көрінеді. Алайда, когнитивті семантикадағы кон-
цепт ерекшелігі күні бүгінге дейін арнайы қарастырылған емес.
Когнитивті лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі басты бірлік ретінде
зерттеледі. Қазақ тіл білімінде бұл мәселеге А.Исламның көлемді
зерттеуі арналғанын айта кету қажет [277]. Ғаламның тілдік бейнесі де
294
295
өз ішінен мағыналы, жүйелі қатынастардан тұрады, сондықтан бұл
мәселе болашақта зерттеуге тиіс сұрақтың бірі. Мағына акустикалық
бейне, заттар мен ситуациялар бейнесі көлеміне сыйса, концепт тек зат-
тар мен ситуация көлеміне сыяды. Бұл екеуі де құрылым болғандықтан
денотат, сигнификат екеуіне ортақ болады, яғни денотат заттардың
вербалданған бейнесі болса, сигнификат ғаламның сыртқы
нысандарының вербалданбаған бейнесі болады. Концепт ғаламның
сыртқы бейнесіндегі вербалданбаған және вербалданған заттар мен ны-
сандар бейнесінің жиынтығы болады. Когнитивті концепт лексикалық
мағынадан ірі жүйелі құрылым түрінде көрінеді. З.д.Попова,
И.А.Стернин: «Концептіні беретін сөздердің мағынасы концепті
мазмұнының кейбір бөліктерімен, фрагменттерімен сәйкес келгенімен,
бірақ олардың бір де біреуі концепті мазмұнын тұтас қамти алмайды»,
– деп жазып, ерекшелігін сызбамен көрсетеді [173, 100] [Қосымша Е].
Ал концептінің лексикалық мағынадан ерекшелігін З.д.Попова,
И.А.Стернин былай көрсетеді:
«Концепт қабаттардан тұрады, лексемалар семемалардан тұрады;
Концепт мазмұнға ие болса, лексемалар семантикаға ие;
Концепт концептуалды, когнитивті белгілерден тұрса, семемалар
мағына компоненттері (семалардан) тұрады;
Концепт көлемді және байлаулы құрылым құрамаса, семемалар
семалар бойынша құрылым құрайды және семантемалар семемалар
бойынша құрылым құрайды. Лексикалық мағына жеке сөздің мәнін
берсе, концепт сөздер тобының мәнін береді т.т.» [173, 101-103]. Кон-
цепт құрылымы бейне, ақпараттық мазмұн, интерпретациялық өріс, ал
өріс әртүрлі аймақтардан тұрады. Ал концепт құрамы түсінік, схема,
ұғым, фрейм, сценарий (скрипт), ойсурет, ойдерек (сигнификат), геш-
тальт сияқты құрамды бөліктерден тұрады. в.А.Маслова концептінің
құрылымдық типтерін мынадай мысалдармен көрсетеді: «маған
қуанышты (фрейм), мен қуанып тұрмын (сценарий), қуанту (схема),
қуаныштан аспанға секіру (картина)» [271, 35]. Концепттің мәнін
ашып, құрылымын талдау үшін когнитивті интерпретация жүргізу ке-
рек болады. Бұнда, алдымен, концепттің атауыштық өрісі құрылады
да, концептің көрсеткіші болатын тілдік бірліктердің барлық семалары
түрлеріне сәйкес бір концепттің біртұтас когнитивті белгілері ретінде
түсіндіріледі. одан соң когнитивті белгілерді аймақтар бойынша, яғни
орталық, шеткері аймақтарға бөле қарастыру жүргізіледі. Бұнда сөз-
стимулдардың әсерлері мен концепттегі айырушы когнитивті белгілерді
нақтылау жүзеге асады, сонда ғана лексикалық синтагматиканы
құраушы семемалардың концептілік өрісіндегі басты когнитивті мағына
беруші ерекшелік айқындалады. З.д.Попова, И.А.Стернин «орыс тілі»
концептісінің ассоциативті өрісін құру үшін эксперимент жүргізіп, оны
анықтайтын 7190 сөзді көрсетеді. Мәселен, жазушылар бұған қатысты
красивый сөзін 846 рет, ал богатый сөзін 560 рет, родной сөзін 232 рет
және т.б. сөздерді қолданғанын айтады, мәселен, прикольный язык, ве-
селый язык, удобный язык, своебразный язык т.т. [173, 236]. Бір ұғымды
мәнді білдіретін сөздер, тізбек, тіркесімдер когнитивті концептілерде
әртүрлі жүйелік байланыстарға сүйеніп құрылған. Бұлардың басты-
сы синтагматикалық қатынас құрайды, өйткені семалар бір-бірімен
актуалданып (өзектеніп) жалғасады. Синтагматикалық байланыста
кемінде екі сөздің көлемінде жүзеге асқандықтан синтаксистік, яғни,
бағыныңқы, басыңқы мүшелер арасындағы байланыспен шатасты-
ру кездеседі, ал, негізінде, концепт үшін басты байланыс ортақ мәнді
нақтылаушы синтагмалық қатынастар болады. Мәселен, З.Попова,
И.Стернин «ойын» концептісінің құрылымдық бөліну ерекшеліктерін
қарастырғанда, әрбір тілде ойындық қызметтің түрлерін білдіретін бай
парадигматика, синтагматика және деривация бар екенін жазады [173,
97]. Лексикалық мағынаның синтагмалық қасиеті концептіде бейне
құрайды, сондықтан сөз-синтагмалар концептінің құрылымдық үлгілері
болып, концептіде көрінеді. А.Әмірбекова М.Мақатаев өлеңдеріндегі
«көктем» концептісінің құрылымдық көрінісін ақын жолдарымен,
яғни мынадай когнитивті метафоралық үлгілермен береді: «көктем –
тіршілік; көктем – мәңгілік жасыл; көктем – жарқын көңіл, көктем –
жастық шақ; көктем – жылылық; көктем – гүлдену; көктем – құмарлану,
шабыттану» [244, 98-99]. З.д.Попова, И.А.Стернин концептідегі
стандартты концептуалды бейне беретін синтагмалық қатынастарға
құралған сөздер деп есептейді; мәселен, «қара – орман, қызықты –
фильм, қымбат – сыйлық, ақ – Бим қара құлақ (белгілі көркем фильнің
аты), өмір – ағашы, ұстау – қолмен, сөйлеу – мәдениеті, кесу – нан, қан
– қызыл, тарақ – шаш, ұйықтау – ұзақ» [173, 124]. Жалпы, лексикалық
синтагматикалық қатынастың негізінде үйлесімділік, сәйкестілік жа-
тады, яғни Б.А.Плотниковше айтсақ: «Синтагма орыс тіліндегі со-
четаемость терминімен тең, сочетаемость (сәйкес келу, үйлесу) екі
түрлі: грамматикалық, яғни синтаксистік және лексикалық» [278,40].
Концептілер таным, ойлау ұғымды білдіретін сөз бірліктерінің өрісінен
туған тезаурус құраса, оның ішіндегі бір ұғымдық бөлікке бағынған
сөз-синтагмалар да кездеседі. Тіпті, сөздердің мән-мәтіндегі орны
жылжымалық қатынасқа сүйенеді де, бір концептідегі үйлескен сөздер
жоғары дәрежедегі қолданысқа түседі. Сонымен қатар, тілдік тұлға
өзіндік ұлттық бояуға толы экспрессияларға сөз бірліктерін айналымға
қосқанда, бір концепті аясына басқа өрістегі сөз-синтагмаларда ара-
ласа келуі мүмкін. Бұған мағынада жүзеге асқан концепттің бейнелі
296
297
потенциалды семалары іспеттес ірі құрамдас бөлшектері еніп от-
ырады. Концепттің мәні басты хабар құралының ақпарат өзегі
болғандықтан, мағыналар құрылымындағы ассоциативтік белгілер
жоғалып, солғынданып, кейде жарқырап отырады. Сол кезде олардың
ерекшелігін когнитивті лингвистика тұрғысынан қарастыра алмайсың,
себебі сөздер аралығында синтагматикалық қатынас, валенттілік саны,
мағыналардың сапалық құрылымының өзгеруі күрделеніп кетеді.
Сондай-ақ, дәстүрлі лексикология тұрғысынан да зерттеу қиынға
соғады, себебі лексикалық семантика құрылымы өріс сияқты ұсақ емес,
ірі құрылым. оның үстіне, концепті құрамында әртүрлі сөз таптары
келсе, лексикалық семантикада бір-екі сөздің семантикасын ғана зерт-
тей аламыз. Сондықтан, концепт семантикасын, оның құрылымындағы
макросемалардың түрленуін, оның мәндік ішкі байланысын, синтаг-
матикасы мен парадигматикасын когнитивті семантика тұрғысынан
зерттеуге болады. Когнитивті семантиканың баспалдақтары шетел,
орыс тіл білімінде 60-70 жылдары қарастырыла бастаған. Когнитивті
концепттің құрамында семантикалық өріс, атауыштық өріс,
ассоциативтік өрістер және ойдерек, ойсурет, фрейм, схема, түсінік т.т.
күрделі болып келуі бойынша, құрылымындағы сөздер мағыналарының
бірлікте, араласа келуі себебінен, олардың мағыналарының ұштасуын
аңғару қиын істердің бірі. дәстүрлі мағыналық құрылымға талдау
жасау арқылы олардың синтагмалық байланыс ерекшелігін аңғаруда
тағы бір қиындық тудыратыны концепті құрамында тілдік бірліктер
көп болуы, яғни фразеологизмдер, идиомалар, полисемия, синоним-
дер, тіпті, мақал-мәтелдердің қабаттаса келуі. дегенмен де концепті
лексикалық мағына тәрізді мәндік құрылым болғандықтан, олардағы
когнитивті белгілердің түрлері бойынша және концептіні құраушы,
білдіруші когнитивті семалар бойынша концептіге мағыналық тал-
дау жүргізуге болады. Лексикалық мағына мен когнитивті концепті
құрылымындағы семалардың өзектеніп, нақтылануы мағынада сема-
лармен көрінсе, концептіде мағыналық қатынастар арқылы байқалады.
Мәселен, в.А.Маслова «соғыс» концептісін қарастырғанда, бұндағы
тірек сөз «соғыс» лексемасының тіркесімділікке түсу мүмкіндіктеріне
елуден астам сөздердің тіркесімдерін атайды; «соғыс себебі, соғыс
саясаты, соғыс көру, жеңіске дейін соғысу т.т.» [271, 208]. Когнитивті
концептінің көрінісін беретін құрылымдық үлгілері әрдайым
лексикалық синтагматика негізделген сөздердің өзара мағыналы түрде
үйлескен сөз тізбектері арқылы концептіде тұрақталады. Бір менталды
аяға біріккен сөздердің өзара үйлесімді кейіпте тілдік жағдайда жүзеге
асуы қашанда топтасқан жағдайда өтімді келеді. Жеке дара сөздердің
лексикалық бірлесуінен гөрі бір танымдық аспектідегі басты семала-
ры арқылы бірлесуі сөздердің тілдік қолданыста концептілік деңгейге
көтеріліп, өмір сүруіне жасалған жағдайы болады. Біздіңше, когнитивті
семантиканың басты бірліктері болатын концепт және теңеулердің
құрылымы да осындай қалыптағы сөздердің қиын, аңғарымды
мағыналық байланыстарынан құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |