3.6 Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы
Фразеологизмдердің
мағыналық
байланысы
лексикалық
синтагмалық қатынасқа негізделеді, себебі фразеологизмдердің
мағынасы да лексикалық мағына сияқты құрылымнан тұрады. Бұл
мәселені өз зерттеуіне арқау еткен Н.Е.Кунина: «Тілдік бірліктер
ретінде фразалық бірліктер мағынасын құраушы семантикалық
өлшемдердің мәнін ашу, байқау өте қиын. Сондықтан олардың мәнін,
ерекшелігін аңғару үрдісі мәтіннің ерекше қасиеттеріне сүйенуге тиіс»
деген болатын [72, 89]. Бұл мәселені синтаксис аясынан бөлек шығарып
қарастырған в.Г.Гак болатын. оның «Семантикалық синтагмати-
ка мәселесіне» деген атпен жарық көрген зерттеуінде семантикалық
синтагмалық қатынастар деңгейі зерттеледі. У.вейнрейх еңбектеріне
сүйене отырып, тіл элементтері арасындағы байланыс, қатыстылық
ерекшелігін синтагматикалық қатынастардан іздейді. Семантикалық
ситуацияда айқын көрініске түсетін лексемалардағы семалардың бір-
бірімен үйлесілімділікке түсіп, кейінгі орынға жылжып, «жоғалып»
(в.Г.Гак термині) отыратын қасиетін синтагмалық қатынастарға
телиді. Бір жүйелікте жұмыстану қабілетін «семантикалық қоршауда»
(в.Л.Архангельский термині) болатын мынадай қатынас сипатын
в.Г.Гак былай көрсетеді: «Ситуация элементі – мазмұн көрінісі – көріну
түрі» [79, 370]. осының бәрін ол семантемалық құрам деп атайды да,
байланыс ізін лексикалық мағына құрылымындағы семалардың байла-
278
279
нысынан байқайды. Екі мағыналық көрсеткіштің немесе семаның бір-
бірімен екі сөзде тұрып байланысқа түсуін итеративті семалық бай-
ланыс деп анықтайды да, ал байланыстырушы басты мәндік сыңарды
синтагмема деп атайды [79, 376]. Мысалы: қар ақ, ақ қар, аппақ
қардай, қарша аппақ, ақша қардай т.т. осыдан барып, жалпы суық
итеративті семасымен бірге тұрақты қатынасқа жақындатып тұратын
ақ қыс келді, аппақ қарлы қыс келді т.т. синтагмемалар қалыптасып,
онда актуализатор (күшейткіш), яғни жақындатқыш бөлшек түс (сын
есім) болады. Ал ақша қар бұл семантемалардың жиынтығынан туған
айқын синтагмемаларға жуық фразеологизм. Мәселен: «Мектеп
оқушыларының Жаңа жылды қарсы алу кешінде Ақша қар болғысы
келген қыздар қатары біраз болды». Бұл сөйлемдегі ақша қар сөзінде
субсант-синтагмемасы әуел бастағы «қыстың сұлулығы, ақтығы» се-
масынан мүлде алшақ жатыр және мағыналары жуыспайды. осы
ерекшеліктердің айқын басымдықта синтагмалық қатынастардан
көрінетін жері мағыналар құрылымдарының өзгеріп, ұштаса тіркесіп
келіп, фразеологизмдерде болуы. Мұнда басты әсер етуші фактор кон-
текст (мәнмәтін) өз нақтылауларын енгізгенімен фразеологизмдерде
синтагмалық қатынастар өз түзілімін жоймайды. Фразеологизмнің
мағынасы сөздің лексикалық мағынасы сияқты компоненттерден
тұрады да құрылым түзеді, яғни «фразеологиялық мағына ұғымдық
мазмұнның категориалды мағынамен қосылуы нәтижесінде пай-
да болады» [177, 147]. Сонымен бірге, фразеологизмде ішкі форма
әртүрлі күйде көрінеді, бірақ ол фразеологизмнің айырушы не ин-
тегралды семалары бола алмайды, оның үстіне уәжділік фразеоло-
гизмдерде лексикалық мағынадағыдай айқын емес, бейтарап түрде
болады. «...Еркін синтаксистік тұлғаның біріншілік денотативтік
ситуациядағы тура номинативтік мағынасындағы көрінісі мен
екіншілік денотативтік ситуацияның жалпылық ауыс мағынасының
сипатталуымен анықталады. Мәселен, шошқа тағалау фразема-
сында бейнелілік жоқ деп айта алмаймыз, бірақ оның ішкі формасы
тілде жойылған. Бұл фраземадағы бейнелілік оның тура синтаксистік
конструкциясындағы тура мағынасымен салыстыру, ойша елестету мен
оның беретін «түк бітірмеу, не болса сонымен, адам миына қонбайтын
жұмыспен шұғылдану» деген фразеологиялық мағынасының негізінде
қалыптасқан. Қазақ халқы шошқа өсірумен айналыспаған, оның еті
ислам шариғаты бойынша арам болып есептеледі, сондықтан да мал
есебінде жоқ шошқаны тағалау тіпті мүмкін емес шаруа болып табы-
лады» [261, 54]. Бұл фразеологизм мәні туралы Г.Смағұлова: «шошқа
тағалауда» қазақ тілінде сөйлейтін өкілдерінің көз алдына ат сияқты
тағаланған шошқа елестемейді. ойына, көз алдына түк бітірмей босқа
жүрген адам келеді. Бұл арада фразеологизмнің ішкі формасына
«квазиситуацияның» рөлі ерекше. Сонда бұл идиом ситуациядан тыс
образды-символикалық мәнді байқатады. Шошқаны қазақтар кезінде
«тағаламақ» түгіл, қасына да жоламаған. «Шошқа тағалау» – әрине,
кейін пайда болған тіркес. Ұлт менталдығына жат әрекет «шошқа
тағалау» – ат тағалаудағы параллель көріністің арғы жағындағы еңбек
пен уақыт ұғымдарының «квазисимволы» болып отыр. «Ай қарау»
мен «жұлдыз санауға» қарағанда бұл фразеологизмнің әкспрессиясы
өте жоғары» дейді [265, 180]. Бұл фразеологизмнің жасалуында
«шошқа» денотаты мен «арам» коннотациясы қосылып (в.Жуковтың
термині), жалпы жануарларды тағалау денотаттық жағдайының ішкі
синтагматикаға негіз болуы жатыр. орыс тіліндегі «бүргені тағалау»
фразеологизмінде де осы денотаттық жағдай ішкі синтагматикаға
негіз болады, тек бұнда беретін мағынасы өзге, ал ат тағалау дегенде
денотаттық жағдайға негізделген ішкі синтагматика бар да коннотация
жоқ, сондықтан ол сөз-синтагма болады, бірақ фразеологизм бола ал-
майды, бұлардың бәрі в.Г.Гак айтқандай, «ситуация элементі» бола-
ды.
Бұл мәселеге алғаш қалам тартқан зерттеушілердің бірі
Н.А.Шехтман былай дейді: «Фразалық бірліктер синтагмалық
қатынастардың жалпы типтері болып көрінеді және сипаттауға
мүмкіндік береді» [268, 5]. Бұл пікір Р.А.Авакованың ойына үндесіп
жатқандай, ол былай деп жазады: «Адамның бойындағы түрлі
қасиеттердің басым көпшілігі қазақ тілінде соматикалық фраземалар-
дан мол көрініс табатына көзіміз жетті:
ана жеткісіз
қызыл қағыстыру
ащы тіл қайыру
жүйрік қату
майда сындыру
шешен тигізу» [261, 64].
Бұл мысалда тіл лексемасымен ішкі лексикалық синтагматикаға
құрылған
фразеологизмдердің
жалпы
типтері
берілген.
Фразеологизмдердің мәнмәтін, яғни контекст жағдайында анық
синтагмалық қатынасқа түсу ерекшелігін ашуға комбинаторлы-
семантикалық талдау қажет болады.
Синтагмалық талдау жүргізу үшін басты қажет нәрсе фразеоло-
гизмге мағынасы жуық келетін, сондай құрамдағы сияқты «коррелят»
(М.С.Беришвили ұсынған термин) сөз немесе сөз тіркесі қажет болады.
Бұған қоса, фразалық элементтердің мағыналық синтагматикасын ашу
үшін «күшейткіш» семасы ажыратқыш ретінде қолданылады. Сонымен
280
281
қатар, орыс тіл білімінің зерттеушілері «редупликант» және «аллоним»
терминдерін ұсынады. Синтагматиканың лексикалық түрін айқындап
ашатын мәнмәтін және фразалық бірліктердің құрылымындағы
«нақтылаушы» семаға ие сыңардың актант болғаны жөн. оның үстіне,
мәнмәтіннің кіші және үлкен деп екіге жіктелуі де синтагмалық
қатынасқа негізделеді. Әрине, осы арада синтагмалық қатынастың
концепт құраудағы жетекші қызметі бар екендігін айтқымыз келеді.
Лексикалық синтагматикадан шыққан, кіші фразалық мәнмәтін ұғымы
бүгінде тіл білімінде қалыптасып отыр. Н.А.Шехтманның көрсетуі
бойынша, кіші фразалық мәнмәтіннің басты өлшемдері семантикалық
үйлесімділік пен семантикалық қайталамалар. Ішкі синтагматика сөз-
синтагманы құрағанда референттің жалпы белгілері және денотаттың
кіші семаларына байланысты фразеологизмдік немесе соған жақын
деңгейде тұрақтандырады. Мәселен:
«ашық аяз
айқын күз
шикі жапырақ
шикіл жұмыртқа
жуан сағым
жалтыр сары алтын
жылтыр бел
сағымдай ауру
сұлу жайлау
шидей арқа
солғын адыр
Табиғи физиологиялық құрылыстардың ұзаққа созылуы сары күз,
сары төсек, сары уайым, сары ізіне шөп салу, ұзын сары» [261, 174].
Бұндағы ашық сары, айқын сары, сұлу сары т.т. анық сөз-синтагмалар
болса, «ұзаққа созылу» ұғымдық семаға ие тіркестер фразеологизмдер
не сол деңгейге жуық сөз-синтагмалар болады: мыс:, сары бел, сары
ауру, сары арқа т.т. Ал «сары» сөзінің мағынасы фин тілінде «безлюд-
ная степь, остров», қазақ тіліндегі – сарыарқа, сары дала тіркестерінің
құрамындағы «сары» сөзінің мағынасымен генетикалық тектес, шек-
тес деп түсінеміз. даланың түсі сары болатыны көк шөптің қураған
кезінде көреміз, ал көктемде, қыс айларында дала басқа түсте бола-
ды. «Сары Арқа» этимологиясы «дала Арғу», «Арғу даласы» болуы
ықтимал» деген жорамалын дұрысқа санаймыз [77, 253]. «Сары дала-
ны» фразеологизм деп алсақ, мәнмәтінде сүйемел сөзі ерекше болып
келетін жағдайы болады; мысалы:
Алаштың байлығынан не пайда?
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса! [М., 65]. Бұнда сыртқы синтагматиканы
көрсететін сары сөзіндегі «кең, созылған ұзын» семалары сүйемел сөз
маңқиған етістігі арқылы бейнелілікті күшейтіп тұр, себебі бағалауыш
эмосема бар. Бұл сөз туралы Г.Смағұлова: «самсаған сары қолмен көк
желкеңе шатыр тігіп жатып алған ата дұшпандай бірден қол салмаса
да, күн өткен сайын төбе құйқаңды шымырлатып, сеніміңді сетінете
түседі (Ә.Кекілбаев, 1-21). Мұнда «көп әскер» мағынасында: қалың
қол, самсаған сары қол», – деп жазады [265, 90]. М.М.Копыленко: «ақ,
сары, қызыл, көк» сөздерінің жеке синтагматикалық ассоциацитивті ре-
акцияларын ұлттарға байланысты эксперимент жүргізгенде, мәселен,
қазақта «сары» сөзінің ассоциативті сөздері май, көйлек, адам, гүл,
сарғалдақ болса, немісте түс, қызғаныш, лимон, сары ауру болады», –
деп жазады [269, 93] [Қосымша Г].
Семалардан бір семантикалық өріс құралып, кіші фразалық
мәнмәтін үлкен мағыналық құрылымға айналады. осы бір үлкен
семантикалық өрістегі әртүрлі қабаттағы сөздер неліктен бір-бірінің
қасынан орын тебетіні логикалық және семантикалық мәселеден шығып,
семантикалық үйлесімділікке тіреліп отыр. орын алу, бірге қолдану
семантикалық үйлесімділіктен туған үлкен мәселе. Семантикалық
қатынасқа, яғни сөздер мағынасының қатынасына барлық заңдар өз
әсерін тигізіп жатады. Бұл заңдардың әсері өз алдына үлкен мәселе.
Мәселен, тек біреуін, үнемдеу заңын алайық, көзіңе қара, басатын
болдың! фразеологизмін алайық. Бұндағы синтаксистік құрылым
айқын басымдыққа ие, яғни зат есім-етістік құрылымы тұрақты кәдімгі
жағдайда тұр. Семантикалық құрылымнан синтагмалық қатынас
анық байқалады: көз – қарау. Ал көзіңе қара – ситуация элементі (іс-
әрекет сипаты). Мазмұн көрінісі – қара етістігінен туған іс-қимыл
бейнесі, ал көріну түріне келсек, мағына үйлесімділігінде нақтылаушы
айқын емес. Көзіңе қара тіркесінде дұрыс грамматика орын алған:
көзіңмен қара конструкциясының орнын дұрыстап отырған көз-қарау
синтагмалық қатынасы, шын мәнінде, адам өз көзіне өзі қарауы мүмкін
емес (Мүмкін, бұнда Б.Сағындықұлы көрсеткен үнемдеу заңы бар
шығар деп ойлауға негіз бар). Сондай-ақ, басы айналу фразеологизмін
мысалға алсақ: мыс: «аурудың белгілері: адам басы айналады». Ал,
шын мәнінде, адам басы айналмай бір орында тұратыны бәріне мәлім,
бұндағы актант синтагмема айналу сөзінің лексикалық мағынасындағы
күшейткіш арқылы тұрақталып тұр.
282
283
дұрыс денотаттық жағдай тумаса, синтагмалық желінің түзілуі
мүмкін емес, тіпті, қатар тұрып тізбек құрамайтын сөз сыңарларының
бірдейлестіруі семантикалық құрылымның итеративті семалық
жүйесінің қағылған қазықтарына байланысты. Мысалы: басы қатты
(бір мәселені шеше алмау) фразеологизміндегі қату етістігінде узуал-
ды сигнификаттық сема мазмұндық көрініс арқылы ішкі лексикалық
синтагматикалық байланыс түрін құрайды. Ал эмотивтілік бұл
семантикалық қоршаудың үстіне жабылатын жабын, маталатын
ой. Сонда синтагмалық қатынас тек қана таза итеративтілік және
лексикалық синтагматикадағы семалық ұштасу арқылы ғана
емес, жасырын мәндік, яғни тілдегі ішкі элементтердің логикалық
жүйеленуі арқылы жасалады. Мысалы: нанды жеді, суды ішті еркін
тіркестеріндегі «қаттыны жеу, сұйықты ішу» тілде үнемі жүріп жатқан
кәдімгі синтагмалық қатынасты, басқаша айтқанда, лексикалық синтаг-
матиканы көрсетсе адресат, индивидтердің логикалық ерекшеліктері
синтагмалық желінің ширауына, тұрақталудың мағыналық нышан-
дарын байқатады. «Фраземалардың қалыптасуына ұйытқы боларлық
бейнелер сұрыпталғанда халық танымында жинақталып, қалыптасқан
ұлттық-мәдени стереотиптер мен эталондар арасындағы байланыстар
көрініс табады. Сұрыпталып, жинақталған білімдер тілдік бірліктің
ішкі семантикасынан шығатын коннотация арқылы жүзеге асыры-
лып, ассоциативтік бейнелер мен мәдени бірліктер байланысы арқылы
көрінеді» [261, 31].
Корреляттарды қатар қою және алмастыру арқылы синтагмалық
қатынастың негізгі үйлесу жүйесін айқындай аламыз. Н.Е.Кунина
фразеологизмдердің ішкі синтагматикасын синтагматикалық оп-
позициялар арқылы талдайды [72, 105-124]. Мәселен: басы қату
фразеологизмімен қатар қабағы қату фразеологизмін алсақ, «қату»
етістігі валенттілік жүйе құрай бастайтынын көреміз. Алайда қабақ,
бас сөздерінің узуалды мағынасы тікелей мағыналық байланысқа
түскендіктен сөз-синтагмалар өз алдына жекелей синтагматикалық
жүйе құрап кетеді. Жалпы алғанда, тілдік жүйеде еркін жүрген сөздердің
бір-бірімен үйлесіп, жақындасуы синтагмалық қатынаста көрінеді.
в.П.Жуков, А.в.Жуков: «синтагматикалық қатардың бір мүшесінің
семантикалық тәуелсіздігі әлсіреген сайын, синтагматикалық қатардың
басқа мүшесі сүйемел сөздің көрсеткіш күші артады. осы сөздер мен
фразеологизмдердің тіркесім құрауы кезінде семантикалық компен-
сация құбылысы байқалады», – деп жазады [177, 158]. Лексикалық
синтагматикада сүйемел сөздердің фразеологизмнің мәнін нақтылауы
лексикалық синтагматиканың сыртқы байланысынан көрінетіндіктен
онда синтаксистік кейіп көрінуі мүмкін. Кейбір зерттеушілердің
синтагматиканың бұл қатынасын синтаксистің зерттеу аумағында
қарап, бұл ситуацияларды синтаксис семантикасы мәселесіне
жатқызуында осы себеп жатса керек.
Бүгінде екі ортада сөйлеудің семантикасы аралық мәселе ретінде
қойылып ара жігі ашылмаған күйінде зерттеле бастады. Итеративті
семалық байланыстың, сөздердің бір-біріне тартылып үйлесуін немесе
бір-бірін магниттей тебу құбылысын синтагмалық қатынасқа жатқыза
салады да, оның астарына терең үңілмейді. Семантикалық үшбұрыш
теориясы да осы синтагмалық қатынастың бастау негізін түсіндіруге
себеп болса керек, өйткені ол тілдің жұмсалу қызметінің үш жағын
көрсетеді, яғни ойлау, шындық болмыс, тілдік форма (түр). Синтагмалық
қатынастың бетінде синтагмема, синтагмалық өріс, итеративті байла-
ныс, валенттілік, екі сөздегі макро және микрокомпоненттердің бір-
бірімен тікелей итеративті, ортақтыққа жуық семалық (кіші мағыналық
бөлшек) қатынасқа түсу қасиеттері жатады. Ал оның негізінде шындық
болмыс немесе қоршаған орта, ойлаудың дәрежесі және тілдің көріну,
жүзеге асу деңгейі болады. Сондай-ақ, бұлардың бір-бірімен арала-
суы, дамуы, бір-біріне деген әсері, индивидуумның әртүрлі өмірдегі
ситуация арқылы тілдің мағыналық қорының өзгеріске ұшырауы
синтагмалық қатынастың фразеологизмдер деңгейіндегі өзгерісіне алып
келеді. Бұл салдар ұлттық тілдің өмір сүру тәжірибесінің ауытқуынан
да тұрады. Ситуациялар басты роль атқарған кезде лексикалық
мағынаның семантикалық құрылымында айырмашылықтар шеруі ту-
ындайды. Бұл семантемалардың иерархиялық құрылымындағы қатаң
тәртіптің босаңдауына әкеліп соғады. Мәселен: ақша сындыру тіркесін
алайық. Әдеби тілдегі нормаға мүлде жат, қазақ тілінің жағымды
семантикалық қорына дөрекі эмотема беріп тұрған тіркес. Басты
жағымсыз айырушы сана «сындыру» лексемасында тұр, ал «ақша»
сөзі нейтралды жағдайды көрсетеді. Тіркесіп келгенде валенттілік
жоқ, өйткені ақша сынбайды, қол сынады, аяқ сынады (қазақ тіліндегі
лексикалық нормадағы валенттілік) ситуация элементі ақша сөзі, алай-
да ситуацияның өзі жалпы көпшілікке түсініксіз. Көріну жағдайында
ақшаны сындырудың жалпы үрдісі беймәлім. Алайда, лексикалық
синтагмалық қатынас бұл сөздер қатарында итеративті семалық бай-
ланысы емес, валенттілік емес, сындыру етістігінің семантикалық
өрісінің бір қатары ретінде түзіліп қалған. Сондықтан ол лексикалық
қабаттағы пассив лексикадағы, жастар тіліндегі сленг деңгейінде
жұмсалуда. Бұл сөздер тоғысуының салдары тіліміздің экологиясы-
на өз әсерін тигізіп, орасан залал келтіріп, норманы бұза бастайтыны
күмәнсіз. Мәтіндік ерекшелікке өз әсерін бере отырып, синтагмалық
қатынастың фразеологизмдердегі құбылудың жолдары осы күшейткіш
284
285
(актуализатор) сема, мәтін, тіркесімдердің қалыптасуына, ол өз
кезегінде тіл тазалығына алып келетіні айқын. осыған орай в.Г.Гак
былай дейді: «Өмір тәжірибесінен құралған нәтижелер семантеманың
сыңарлары болады» [79, 372].
Семантемалардың құрылымынан, яғни әртүрлі сипаттағы сөздер
тобынан қатаң, сонымен қатар, қиюласқан сөз шеңберлері қалыптасады.
Тілдегі логикалық жүйе бұлардың басты каркасын (сүйегін) құрайды.
Фразеологизмдердің үнемі дамып отыруына өз ықпалын тигізеді. Ба-
сты локомотив бұл ситуация, яғни өмірдегі ситуацияның тілдегі дено-
тат (заттардың) ситуациялық көрініске енуі, таңбалану арқылы дамуы.
Кез келген сема фразеологизмде өмір бойы қалып, яғни қатып, бекіп
қалуы логикалық танымның, ойлау, пайымдау дәрежесінің дамуы-
нан қалыптасады. Мәселен: сүйегі асыл фразеологизмінде таза қазақ
тілінің нормасына сай ішкі синтагматикалық байланыс байқалады.
Бұнда ұлтымыздың мәдени өміріндегі берік салт-дәстүрдегі си-
туациядан валенттілікке ие болған лексикалық синтагматика орын
алған. «Сүйек» сөзінің узуалды мағынасы мүлде жоғалып, ал «асыл»
сөзіндегі «архисема» жетекшілікке ие болып тұр. Бұл берік жүйе, осы
«асыл» сөзінің синтагмалық қатарының өз жүйесінің үнемі дамуда бо-
латынын дәлелдейді. Мәселен, тегі асыл, түбі асыл, асыл сынығы т.т.
итеративті (үйлесім) семаларының синтагмалық түзілімі, лексикалық
синтагматиканың тоқтаусыз үрдіс екендігіне дәлел болады. Бұл
даму метафоралану, метонимиялану ерекшелігіндегі семантикалық
тіркесімділікке жол ашып отырады. Мыс: «тақырға отырғызды» –
жер соқтырды, алдап кетті, алданып қалды [ҚТФС., 489] дегенде
денотаттық жағдай, яғни іс-әрекет негіз екені айқын байқалып тұр.
Қосылу, тіркесу, мүшелену үнемі жүріп жатқан құбылыс
болғандықтан семантемалардың ішіндегі семалық құрылымға сүйену
арқылы ғана синтагматикалық қатынасты айқындап отыруға бола-
ды. оның өзінде бұл жасырын келген ішкі синтагмалық қатынасты
фразеологизмдердің өзінен де айқын көре алмайсың. Мәселен: аспан
– зат есім, түсі көк – сын есім. Көк аспан – қалыпты синтагмалық
синтиксистік жүйе. Ал аспан – бұлт, бұлт – көк, қара – семантикалық
құрылымдардан жинақталған синтагматикалық жүйе. ортақ
мағыналық мән ешқандай ситуациясыз анық байқалып тұр, яғни
бұндағы басты роль атқарушы – көру, таным деңгейі. Таным деңгейінің
күшеюі синтагмалық қатынастың фразеологизмдердегі мағына
үйлесімділігінің тұрақталуына әкеледі. Танымдық деңгейдің дамуы,
синтагмалық қатынас көрінісіндегі синтагмалық оппозициялардың
көбеюіне, коррелят сөздер тобының ықпалдасып, тіркесімділікке
ұшырауына алып келеді. дегенмен, бұл тілдің өмірі, айналым қаны
сияқты қызметі. Семантикалық қоршаудағы сөздер тобының мәтіндік
құрылымда құлпыруы осы мағыналық үйлесімділік, тереңірек
айтқанда, логикалық бірдейлесуден туып отырады. Мәселен: «Маңайы
қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы
қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті
қазір де әр жерде сөйтіп жұлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде
екі қалың сасыр жайқалып өсіпті. Қазір де соның түбінде қысқы жүні
әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр» [М.Ә., 7]. осындағы мәтінде
қасқырдың ойнағы, маңайы, ойнағы тіркесімдеріндегі ойнақ сөзі басы-
лып, тапталған сөздерімен мағыналық қатынасқа түсіп, үйлеседі. Ал
қасқырдың ақ жүндері, түбіті жұлыну, ақ қасқыр, қысқы жүн (түсі ақ
қар сияқты ашық) өзара синтагмалық қатынас құрап, микромәтіндегі
үйлесімді түрдегі суретті беріп тұр. Фразеологизм микромәтінде бір
қарағанда байқалмағанымен, кейбір сөздердің тұрақталу сипаты
күшейіп келе жатқан сықылды. Мәселен: қасқырдың ойнағы, жүні
әбден түлеп болмаған. Бұларда ситуация аз да, өмірлік тәжірибе,
таным деңгейі жоғары, ал валенттілік басты басымдыққа ие емес.
Мәтін синтаксисі семантикасы осы синтагматикалық қатынастардан
басталатынын осы мысалдардан аңғаруға болады. Г.Әзімжанова бұл
байланысты аңғарып былай деп жазады: «Микро және макротема-
лар бір-бірімен микро және макроқұрылымдық байланыста болады.
Кез келген мәтін оның құрылымдық және семантикалық ұйымдасуы
тұрғысымен қарастырылады» [254, 115]. М.М. Копыленко, З.д.Попова:
«кеңес беру, қызығушылығын ояту, шешім қабылдау, пікірі болу, ман-
сап жасау, жауапты болу т.т. фразалық тіркестер синтаксис маман-
дарын, фразеологтарды да қызықтырмайды. Біріншілер үшін бұлар
меңгерілген тіркестер ғана болса, екіншілерді қызықтырмайтын себебі,
мұнда бейнелілік, экспрессивтілік, сирек мағына және басқа ерек-
ше қасиеттер жоқ. дегенмен, К1д1 түріндегі етістікті-субстантивті
фразалық тіркестер кез келген тілдің тұрақты тіркестерінің қомақты
қорын құрайды және өзге тілді үйренуде айқын көрінетін идиомалыққа
ие болады», – дейді [264, 74]. Ситуация аз болып келетін, сүйемел
сөздермен синтагмалық байланысы нақтыланатын ақыл айту, жүзеге
асыру, арыз беру, жауапқа тарту, зейін қою, күтіп алу, беделді болу,
ашық білдіру т.т. тіркестер сөз-синтагмалар сатысынан фразеологизм-
дер сатысында тұрақталуға жақын тіркестер деп санаймыз. в.П.Жуков,
А.в.Жуков фразеологимдерді басқа сөздермен тіркесуін үш түрге
бөледі. «Біріншіге жеке, толық мағынасы бар, еркін қолданысқа ие
болатын фразеологизмдер жатады. Бұлар атауыштық сипаттағы басқа
сөздермен кең және әр алуан байланыстарға түсуімен ерекшеленеді.
Екіншіге жеке заттық мағынасы бар, бірақ басқа сөздермен қабыса,
286
287
меңгеріле байланысқа түсетін фразеологизмдер жатады. Үшіншіге
тар иінде сөздермен байланысатын, көбіне бір лексика-семантикалық
топтағы сөздермен байланысатын фразеологизмдер жатады. Мәселен,
көздің қарашығындай дегенде сақтау сөзі белгілі, яғни бұндағы
ұқыпты сөзі барлық тілдік жүйедегі сөздермен еркін байланыса-
ды» [177, 315]. осындағы көздің қарашығындай ұқыпты сақтау де-
генде ұқыпты лексемасы «валенттілік бос орынды» жабушы, сақтау
сүйемел сөз болады, сонда сүйемел сөздер мен сүйемелденетін фра-
зеологизм арасына басқа сөзді қоюға болады. в.П.Жуков, А.в.Жуков,
бұның себебі; «біріншіден, сүйемел сөздер сүйемелденетін сөздермен
бір синтагматикалық қатар құруында, екіншіден, сүйемел-етістіктер
мағыналары бойынша ауыспалы болуында жатыр», – дейді [177, 324].
Мысалы: «ол екеуінің қылығы осы елге жыр болды, алыс елге де та-
рап кетті» [ҚТФС., 223]. Жыр болды екі жағынан сүйемел сөздермен
анықталатындай сипатта болады: елге= жыр болды және жыр болды
= тарап кетті. Сонда сыртқы лексикалық синтагматиканы құраушы
сүйемел сөздер қолданысына қарай анық және бұлыңғыр болады.
Бұл фразеологизм мағынасының бойындағы ақпаратына байланысты,
яғни фразеологизмдер синтагматикасы деректі, дерексіз ақпаратқа да
байланысты жүзеге асады. Бұл туралы в.П.Жуков, А.в.Жуков: «...
фразеологизм за тридевять земель «очень далеко» сочетается с та-
кими глаголами-сопроводителями, как «быть, жить, находиться; бе-
жать, уходить, мчаться, летеь, приезжать, являться» и т.п.», – дейді
[177, 315]. Сүйемел сөздер Г.Смағұлованың көрсетуінше, мағыналас
фразеологизмдердің бәрін өзіне тартып тұрады. «Сүйемел сөздерсіз
кейбір фразеологизмдердің мәтінде, сөйлем ішінде қолданыс қабілеті
жоққа тән деуге болады. Мысалы, өкпесін қолына алып жүгіру, аяғы
аяғына тимей жүгіру, өкпесі өшкенше жүгірудің лексикографиялық
сипаты бойынша өкпесін қолына алып жүгіру, аяғы аяғына тимеу,
аяғы жерге тимеу, өкпесі өшу – мағыналастар ішінде алғашқы тұрған
өкпесін қолына алып жүгіруден басқасына міндетті түрде сүйемел
cөз керек. Сүйемел сөздерді қажет етпейтін фразеологизмдердің
құрамында сөз-компоненттердің бірінде мағына сақталады. Мыс:
еңірегенде етегі толды, ботадай боздады, өксігін баса алмады, көзінің
жасы көл болды, көзінен сорасы ақты тіркестерінде – еңіреу, боздау
сияқты етістіктердің және көз, сора, өксік сияқты зат есімдердің жылау
ұғымына тілдік, мағыналық қатыста тұрғанымен анықталады» [265,
42]. осындағы мағыналық қатысу ішкі синтагматикалық байланыс деп
ұғынған жөн, сонда сыртқы синтагматика сүйемел сөз арқылы көрінсе,
ішкі синтагматика мағынаның құрылымдық компоненттерінің үйлесу
арқылы жасалады. Аудармада тұрақты тіркестердің бір тобы сөзбе-сөз
өз эквиваленттері бойынша беріледі де, мағыналық байланысқа орай
құрылады. А.Алдашева оларға мынадай мысалдар алады: «дөңгелек
үстел, дауыс беру, жағдайды түзеу, парызын өтеу, назарда болу, та-
быс әкелеу, өз құзыреті шеңберінде, тең құқықта болу, қажет болған
жағдайларда, жаппай қарулану, келісім жүргізу, алтын ғасыр, алтын
той, қызыл кітап, есеп ашу, қозғалысқа түсіру, жұлдызды сәт, төртінші
билік дегендер – құрамы біршама тұрақты, көсемсөз тармағында
қолданыс жиілігі жоғары, штамп түріндегі тіркестер», – дей келе,
«сөзбе-сөз аударылған тұрақты тіркестердің бірқатары жартылай
калька деп аталады, бұлай аталуының негізгі белгісі – құрамындағы
компоненттерінің бірінің төл сөз, екіншісінің кірме сөз (заимствова-
ние) болуы», – деп, себебін ашады [270, 147].
Лексикалық синтагматика сөз-синтагмаларды қалыптастырса, ал
ішкі мағыналық үйлесу денотаттық жағдайдан туындаған сөздердің
тұрақталуына және фразеологизмдерге ұласуына әсер етеді.
Фразеологизмдердің ғана емес, мәтін бойындағы мән, ой
логикалылығының астарында лексикалық синтагмалық қатынастың
ізін көруге болады. Коррелят, яғни ауыстыруға болатын сөздер арқылы
синтагмалық қатынастың өзіндік жүйе түзу аймағын айқындап отыра
аламыз.
Сонымен, фразеологизмдер, негізінен, синтагмалық қатынастардың
айқын нәтижесі ретінде болады, ал сөз-синтагмалар осы қатынастың
барлық жалпы құрылымдық элементтерінен тұратын категория болып
қалыптасқан, синтагматикалық өріс аясында сөз-синтагмалар топ-
шалары жинақталып, еркін сөздердің құрылымын тұрақтандырады.
Басты өлшемдері, валенттілік, семалық үйлесімділік, ішкі логикалық
негіз, өмірдегі ситуацияның көшірмесі, тілдік аңғарымдар мен
тұрақтылық. Жалпы тұжырымдасақ, яғни семантемалардың байланы-
сында деректі, дерексіз, жанды, жансыз белгілер басымдық дәрежеде
болады. Сөздердің семантикалық тіркесуінің басты заңы бойынша,
екі сөз дұрыс тіркесім құрау үшін өздерінің мағыналарындағы айы-
рушы семалардан басқа екеуіне де ортақ бір жалпы сема, яғни клас-
сема болады. Тілдегі семантемалар өзара қатынасқа түскенде классе-
малар лексикалық синтагматикалық байланысты жалпылап сипаттап
немесе кішкене болса да, нақтылайтын дәрежеде келсе, синтагме-
ма оларды тікелей не жанама түрде байланыстырып отырады. Сөз-
синтагмалардың құрамындағы синтагмема екі рет қайталанған соң
итеративтілікті құрайды да лексикалық синтагматиканың бөлшегі
болады. Итеративтілік құраушы синтагмемалар мен лексикалық
синтагматикаға қарай сөздердің үш түрлі үлгісін көрінеді, яғни
семантикалық үйлесу, семантикалық үйлеспеу, семантикалық келіспеу.
288
289
Семантемалардың байланысу негізінде заттар мен құбылыстардың
тұрақты сипатта келуі және әртүрлі жағдай мен іс-әрекеттің бұндай
жақын болып орналасуы жатады, ол логикадағы диспозиционалды
предикат болады. Жалпы алғанда, лексикалық синтагматика түрлерін
шартты түрдегі сызбалармен бейнеледік [Қосымша д].
Жалпы валенттілік ұғымын талдаған зерттеушілердің
көзқарастарына шолу жасалып, валенттіліктің басты үш деңгейі
басшылыққа алынды: логикалық валенттілік, семантикалық
валенттілік, синтаксистік валенттілік. Барлық тілде өзекті сөз бола ала-
тын етістіктер, сондықтан семантикалық валенттілік етістіктің басқа
бірліктермен мағыналы байланысы. Семантикалық валенттілік етістік
арқылы жүзеге асады, семантикалық валенттілікте етістік өзінің ай-
наласына мейлінше көп сөздерді қосу қабілетімен ерекшеленеді,
олар актанттар деп аталады. Тіркесімділік пен валенттілік екі бөлек
ұғым, ал лексикалық синтагматиканы тілдегі барлық бірліктердің
мағыналы түрде үйлесе тіркесімдер құрауы. Сонда семантикалық
валенттілік етістіктердің мағыналы түрде басқаруына негізделген
лексикалық синтагматиканың ірі макрожүйе құрайтын құрамдас бөлігі
болады. Семантикалық валенттіліктің жасалу негіздерінде денотаттық
жағдай, сигнификативті ситуация, предикаттар жатады. валенттілік
заттық-логикалық, семантикалық, синтаксистік, стилистикалық,
мәдениаралық, когнитивті деген түрлерге бөлінеді және тіл білімінде
валенттілік ұғымы деп синтаксистік валенттілікті түсіну кең тарағаны
байқалды.
Шындық болмыстағы денотаттық, сигнификаттық ситуациялардың
менталды бейнесі болып, заттық-логикалық валенттілік деңгейі
көрінсе, ал семантикалық валенттілікпен көрінетін ауыспалы сипатқа
ие болған денотаттық, сигнификаттық жағдайлар метафораланған
етістік арқылы көрінеді, осыған орай метафораның үш сипаты бо-
лады. Метафораның бірінші сипатында семантикалық валенттілік
комбинаторлы-синтагматикалық қатынастың басты бөлігі ретінде
мағынаның ауысуына негіз болады. Етістіктің метафоралану кезінде
комбинаторлы-синтагмалық қатынастың екінші сипатының негізінде
екі ситуацияның метафоралық процесте әртүрлі себептерге байла-
нысты сәйкес келмеуі, яғни ситуацияны жасаушы мүшелердің саны,
коннотаттық макросеманың араласуы, ұлттық символдық бейнелердің
өзіндік қолтаңбасы т.т. жатады. Комбинаторлы қатынастың үшінші
сипатының негізінде метафораның құрамындағы етістіктердің
семантикалық валенттілігін құраушы эмотемалардың мақсат пен кон-
текстке байланысты өзектенуі жатады. Бұл сипаттағы метафораларға
біріккен айқын коннотаттық компоненті бар, тіпті асемантикалық
синтагматикалық байланысқа ие құбылған семантикалық валенттілік
қасиеті бар метафоралар немесе бинармдар енеді. Метафораларды мы-
салдармен талдау барысында, мағыналардың ауысуы салдарынан по-
эзияда метафоралы сөз-синтагмалар көптеп тұрақталатыны байқалды.
Комбинаторлы-синтагмалық қатынас лексикалық синтагматиканың
бөлігі ретінде метафораның үш түрін тудырып, оларда негізгі орын
алады және бинармдар мен метафоралы сөз-синтагмалардың жасалу-
ына басты ықпал етуші байланыс болады.
Лексикалық синтагматика лексика-мағыналық варианттың
ішкі мәндік өзгерісін дәл аңғаруға мүмкіндік береді. Бүгінде омо-
нимияны әртүрлі сөз таптары арқылы, ал полисемияны тіркестіріп
қарап, анықтайды. Полисемиялы сөздің мағыналық байланысын
Э.в.Кузнецова талдауының төрт түрлі сипаты бойынша бір сөздің
бірнеше мағынасын тіркесу аясында талдауға болатыны анықталды.
Полисемия айқындауда басты тілдік өлшем – контекст болады. Па-
радигматикасы басым категорияларға антонимия, синонимия жатса,
омонимия мен полисемияда парадигмалық байланыс пен синтагмалық
байланыс тең дәрежеде көрінеді. Полисемияның семантикалық бай-
ланысы омонимияға қарағанда күрделі, өйткені терең иерархиялы
жүйеде алмасқан түрде дамиды. Полисемия синтагматикасында мына-
дай факторлардың әсері мол болатыны байқалды:
а) ұлттық діл (менталитет);
б) ұлттық мәдениет, салт-дәстүр әрекеттері;
в) басқа тілдік қоғамның қалыптасуы;
г) сөйлеу актісінің дамуы ерекшелігі. Сонымен, полисемия-
лы синтагматика парадигматикаға жақын келетін лексикалық
синтагматиканың бір бөлігі деген қорытынды жасаймыз.
Фразеологиялық синтагманы фразеологизмдердің сөзбен
мәндік бірлестікте болып, семантикалық эффект беруі, яғни
лексика-фразеологиялық тіркесімділігі құрайды. Фразеологияның
синтагматикалық аспектісінде тұрақты тіркестердің тіл бірлігімен
заттық, ұғымдық, коннотаттық, эмпирикалық, факультативті, селективті
мағыналық бөліктерінің бір-бірімен үйлесіп келу нормалары жатады.
Фразеологиялық синтагма еркін қолданыста жүрген белгілі бір сөздер
тобы сүйемел сөздерге байланысты жүзеге асады. Ішкі фразалық синтаг-
матиканы денотаттық бөлік басым тұрған семеманы д, сигнификаттық
макробөлікті С, ал коннотациялық бөлікті К таңбаларымен белгілеп,
мағыналық үйлесімділікті осы қатынас аясында талдадық. Тұрақты
тіркестердің синтагматикалық аспектісі екіге жіктеледі, бірінші;
тұрақты тіркестердің өз ішінде тіркесу ерекшеліктері, яғни ішкі
290
291
лексикалық синтагматика және екінші; тұрақты тіркестердің қоршаған
контекспен, басқа лексемалармен, сүйемел сөздермен байланысы, яғни
сыртқы лексикалық синтагматика.
Фразеологизмнің мағынасы сөздің лексикалық мағынасы сияқты
компоненттерден тұрады да, құрылым түзеді, сонымен бірге, фразео-
логизмде ішкі форма әртүрлі күйде көрінеді, бірақ ол фразеологизмнің
айырушы семалары бола алмайды, оның үстіне, уәжділік сипаты фра-
зеологизмдерде лексикалық мағынадағыдай айқын емес, бейтарап
болатыны анықталды. Фразеологизм сыңарларының ішкі синтагма-
тикасы мысалдар арқылы қарастырылды, яғни ішкі синтагматика сөз-
синтагманы құрағанда референттің жалпы белгілері және денотаттың
кіші семаларына байланысты фразеологизмді тұрақтандыра бастай-
ды. Басты негіз өмірдегі ситуацияның тілдегі денотат (заттардың)
ситуациялық көрініске енуі, фразеологизмде таңбалану арқылы дамуы.
Кез келген сема фразеологизмде өмір бойы қалып, яғни қатып, бекіп
қалуы логикалық танымның, ойлау, пайымдау дәрежесінің дамуынан
қалыптасады. осындағы мағыналық үйлесу ішкі синтагматикалық бай-
ланыс болады, сонда сыртқы синтагматика сүйемел сөз арқылы көрінсе,
ішкі синтагматика мағынаның құрылымдық компоненттерінің үйлесу
арқылы жасалады. Лексикалық синтагматика сөз-синтагмаларды
қалыптастырса, ал ішкі мағыналық үйлесу денотаттық жағдайдан
туындаған сөздердің тұрақталып, фразеологизмдерге айналуына әсер
етеді. Жалпы алғанда, лексикалық синтагматика фразеологиялық син-
тагматика деген түрге бөлінеді деген ой түйеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |