Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген көзқарастардың қоғамдық
дамуының эволюциялық кезеңдерін сипаттаңыз.
25
2. Шет елдерінде қалыптасқан жоғарыдағыдай арнайы білім берудің
кезеңдерін хронологиялық сызба түрінде көрсетіңіз.
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға цензалы білім берудегі позитивті
және негативті жақтарына сипаттама жасаңыз.
4. Қазақстан республикасындағы арнайы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселелерді атап, ашыңыз.
5. Арнайы педагогика ғылымының дамуына Л.С.Выготскийдің қосқан
үлесі туралы баяндаңыз.
6. Тарихи дамудың әр кезеңіндегі арнайы педагогика салаларының
(тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия)
дамуы туралы не білесіз?
7. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың педагогикалық жүйелері
мен дамудың негізгі кезеңдері туралы айтыңыз.
8. Қазақстан арнайы педагогикасының дамуына үлес қосқан ғылыми
көзқарастар.
§ 3. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
2. Арнайы педагогиканың дамуындағы философиялық бағыттар
Арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген жоғарғы
дүниетанымдық потенциалға ие тәжірибелер жинақталған. Арнайы
педагогиканың пәндік салалары арасындағы дифференциация процесі
туралы сөз қозғағанда білімді қолжетімді жасау, интеграциялау, арнайы
педагогиканың жалпы заңдылықтары туралы пікірлер арнайы педагогика
ғылымындағы өркениеттің феномені ретінде ерекше білімді қажет ететін
тұлғаларға деген қатынасты жалпы теориялық фактілер мен арнаулы білім
беру жүйесіндегі эмпирикалық фактілер, түсініктер қажет.
Арнайы педагогиканың біртұтас теориясын құру үшін дамуында
кемшілігі бар балалар туралы мәліметтердің механикалық бірлігі емес,
арнайы педагогиканың ішкі бірлігін қолдауға бағытталған ғылыми
мәліметтердің мағыналы жүйесі анықталады. Аталған маңызды
міндеттерді шешуде арнайы педагогиканың мәселелерін шешуге түрткі
болатын,
арнайы педагогиканың
пәндік
салалары
арасындағы
интеграцияны қарастыратын философия ғылымы маңызды орын алады.
Философиялық рефлексия өз деңгейінде арнайы педагогиканың даму
перспективасын, концептуалды мәселелерін шешуге бағытталған. Арнайы
педагогикадағы философиялық зерттеулер арнайы педагогикалық
әрекеттегі болжамдарды анықтау мен талдау, коррекциялық білім беру
26
моделі мен идеяларының негізін құру, сыни тұрғыда талдау, мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларға білім беру жүйесінің даму перспективаларын
анықтауды көздейді. Философия арнайы педагогика ғылымына қатысты
біріншіден, педагогикалық құбылыстардың эволюциясының себебінің
болуы, адам туралы жалпы түсініктердің жүйесін құрушы, құбылыстар
мен түсініктердің әлеуметтік тұрмыстық табиғатын анықтаушы,
дүниетанымдық фундамент ретінде қарастырылса, екіншіден, арнайы
білім беру процесінің қағидаларын қолдану тәсілдерін зерттеудің
әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Арнайы педагогикадағы философиялық зерттеулердің бөлімдеріне
сәйкес келесідегідей негізгі дүниетанымдық аспектілерді бөліп көрсетуге
болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философиялық-
антропологиялық,
тарихи-философиялық,
әлеуметтік-философиялық.
Арнаулы білім беру жүйесінің тұрмыстық бірліктегі алатын орны
онтологиялық аспект бойынша анықталады. Оқыту мен таным
арасындағы байланыстарды анықтау үшін гносеологиялық аспекті
қарастыру қажет. Арнаулы білім берудегі педагогикалық алғышарттар
мен құнды болжамдарды түсіндіруде аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Философиялық-антропологиялық аспект көмегімен мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың өмір сүруі, танымдық сапалық қасиеттері, ішкі жан
дүниесінің ерекшелігіне ғылыми болжамдар жасалады. Тарихи-
философиялық
аспект
негізінде
өткен
уақытта
өмір
сүрген
философтардың арнайы педагогиканың мәселелеріне деген көзқарастарын
реконструкциялау қызметі анықталады.
Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін құбылыстарды
әлеуметтік контексте қарастыратын әлеуметтік-философиялық аспект
қажет. Себебі, арнаулы білім беру мазмұны ерекше әлеуметтік статусты
анықтай отырып, оның дамуы өркениетті трансформациялармен
түсіндіріледі. Ұзаққа созылған перспективалар нәтижесіндегі әлеуметтік
көрсеткіштер мен педагогикалық қызмет түрлерінің сапасына тәуелді
екендігін есімізге ұстау арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
жағдайын әлеуметтік қатынастар мен арнаулы білім берудің деңгейі
турасында анықтаймыз.
Әлеуметтік-философиялық
зерттеулердің
өзектілігі
дамудағы
кемшіліктер экологиялық және әлеуметтік катаклизмдерде ерекше
ғылыми мазмұндағы байланыстар құратындығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, арнаулы білім беру жүйесінің маңызды әлеуметтік қызмет
түрлерін атқара отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сауықтыру, өмір
сүруге бейімдеу жұмыстарымен қамтамасыз ететіндігі белгіленген.
Әдіснамалық-философиялық негіздемелердің ерекшелігі мен арнайы
педагогикадағы негізгі фактілер жалпы танымдық тәсілдермен,
жағдайлармен байланыстылығы анықталған. Арнаулы білім беру
27
жүйесіндегі түйінді мәселелердің қиындығы соншалықты, оны бір ғана
білімнің құралдарымен шешу мүмкін емес, сондықтан осы мәселелердің
философиялық негізінде нақты ғылымдағы білім көзіне талдау жасауды,
интерпретациялауды, интеграциялауды қамтамасыз ететін пәнаралық
қатынастар маңызды сипат алады. Осы және басқа да ғылыми
болжамдардың орындалуы арнайы педагогиканың теориялық-әдіснамалық
мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, осы төңіректегі зерттеулердің
мазмұнын тереңдетеді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды емдеу, оқыту мәселесі ежелден
философтарды толғандырғанымен, аталған мәселе эпизодты және
фрагментті күйде қалып отырды.
Алғашқы уақытта «кемістік» пен «ауру» түсініктері жалпы
философиялық түсініктерден ажыраған жоқ, керісінше, осыған сәйкес
адам өмірінің басқа да құбылыстарымен аралас түсіндіріліп, қиысып, осы
турасындағы ғылыми пікірлер Гераклит Эфесский «ауру адам
денсаулығына жайлылық» береді және адам өмірінің мақсаты одан арылу,
сондықтан да ауру адамды емдеу жолдарын іздестіруге мүмкіндік
бермейді деген болжам жасаған.
Кемшіліктерді түзету мен емдеудегі нақты тұжырымдар Платонның
«Тимей» диалогында тән ауруының адам денесіне тиген алғашқы
элементтердің әсерінен болады, жан ауруы (ақылдан айрылу мен
мейірімсіздік) жағымсыз тәрбиенің әсерінен болады деп беріледі. Тірі
нәрселердің денсаулығы мен сұлулығы Платонның пікірінше, жан мен
тәннің бірлігі, олардың өзара тепе-теңдігі арқылы түсіндіріледі де,
денедегі кемшіліктерді дәрімен емес, өмір сүру реттілігін қалыпқа келтіру
арқылы шешуге болады деген нұсқау жасалады. Платонның «Мемлекет»
диалогында қалыптан тыс даму мәселесі әлеуметтік мәнге ие категория
ретінде, ауру адамдарға деген қатынас пен қарама-қайшылықтарды
туындатады. Ежелгі Спарталықтардың рухани дәстүрлерінде жан ауруына
ұшыраған адам өмірінің барлық уақытында өзіне де, қоғамға да жарамсыз
болып табылады деп көрсетілсе, екінші жағынан дене кемшілігі бар
адаммен қарым-қатынасқа түсудің мүмкіндігі анықталады. Платонның
концепция негізін тәрбие мазмұнында балаларды қабілетіне қарай саралау
идеясының айқын көрсеткіші екенін ескерсек, бұл концепцияның негізі
философиялық диагностиканың мазмұнын береді. Аристотельдің этика
туралы жұмыстарында бұзылу, қатыгездік, аз милылық және т.б. сияқты
ауытқулар нақты қарастырылады. Аталған ауытқулар кемшілік немесе
жетіспеушілік ретінде бағаланады. Аристотельдің пікірінше, бақытты өмір
сүру үшін адам аталған жетіспеушіліктерден бойын аулақ ұстауы керек.
Аристотельдің су мен ауаның адам өміріне қаншалықты қажеттігі, некеге
отыру уақытының есепке алынуы, дүниеге бала әкелу уақытының
ескерілуі, баланы дүниеге әкелудегі адам жасының жағымды кезеңі,
28
нәрестенің тамақтануы мен қозғалысы, аурудың алдын алу туралы берген
нұсқаулары ерекше мәнге ие. Аталған сауықтыру жұмыстарының кейбірі,
бала дүниеге келгенге дейінгі күннен бастап орындалуы керектігі туралы
айтылады. Осылайша, аристотельдік философия адам дамуындағы
кемшіліктердің алдын алу туралы ойлардан бастау алады.
Антикалық философтар Плутарх, Сенека еңбектерінде нақұрыс және
ауру балалардан арылу дәстүрі туралы пікірлер келтіріліп, ортағасырлық
еуропалық философиядағы кемтар адам дамуы христиандық сенім мен
догманың қиысуында көрсетілген. Мысалы, Августин Аврелийдің «ауру»
түсінігі күнаһарлық үшін жазалаумен байланысты түсіндіріледі. Емдеу
жұмыстары бұл ретте денедегі соққыларды қалыпқа келтіруде
қолданылғанымен, жанның тазаруынан кейін қалыпқа келу деген ұғым
оны басып отырады. Осы ретте қазіргі уақыттағы арнаулы
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің маңызды бөлігі болып
табылатын психокоррекцияның идеяларына тән образды көруімізге
болады. Дамудағы кемшіліктерді түзетуде психологиялық бағыттағы
көмек түрлерін қолданбай, кемшілікті жою мүмкін еместігі тағы бір мәрте
дәлелденіп, дамуында кемшілігі бар тұлғаларды емдеу мен оқытудағы
тәжірибелердің дамуы мен Жаңа дәуір кезеңінде дамудағы кемшіліктердің
философиялық талдаулары сәйкестендіру, талдау жасау бағыты
анықталады.
Соқырлар туралы ойларды француз ағартушысы Пьюзо, Д.Дидро
туғаннан соқыр математик Н. Саундерсонның өмірбаянына сүйене
отырып, адам бойындағы сезімталдық ерекшеліктердің, интеллектуалдық
идеялар мен адамгершілік түсініктердің адамның дене құрылысымен,
сезім органдарымен тікелей байланысты екендігі анықталған.
Медицина мен арнайы педагогиканың эмпирикалық базасының
кеңеюі дизонтогенез туралы теориялық түсініктердің мәнін, себептері мен
формаларын бекітудің мазмұны дамудағы кемшіліктердің философиялық
классификациясын,
олардың
тенденциясын
құрудың
қажеттілігі
туындатады. И.Кант өзінің антропологиялық тұжырымдамасында ақыл-
ойдың төмендігі мен жан ауруының классификациясын жасап, ақыл-
ойдың бұзылуы жанның ауруы емес, жанның болмауы деп көрсетеді.
Негізгі философтармен салыстырғанда И. Кант адам өміріндегі
міндеттердің бірі қайырымдылық көрсету деп есептеп, осы төңіректегі
еңбегін кедейлерге, мүгедектер мен ауруларға мемлекет тарапынан
қайырымдылық көрсетуге арнайды.
Г.Ф. Гегельдің субъективті рухты зерттеу жүйесі объективті қарама-
қайшылықтар кезінде туындайтындығымен сипатталады. Бұл контекс
жүйесінде
психикадағы
патологиялық
құбылыстар
мәселесі
қарастырылып, психикалық ауруларды емдеудің түрлі тәсілдеріне талдау
жасалады.
29
Дамудағы
кемшіліктерді,
патологиялық
дамуды,
олардың
этиологиясындағы
әлеуметтік-экономикалық
факторлардың
ролін
Ф.Энгельс материализм позициясынан қарастырып, адамның кедейлік
өмірі күрделі ауруларға шалдығуына, өндірістегі бақытсыз жағдайлардың
туындауына себеп болады деп түсіндіреді.
Арнайы
педагогиканың
қалыптасуында
мүгедектерге
көмек
көрсетудің жеткіліксіздігіне байланысты А.Шопенгауэрдің адам мінезінің
өзгермейтіндігі, оны түзетудің мүмкін еместігіне болжам жасаған пікірі
арқылы, коррекциялық-педагогикалық көмек көрсетуге деген жағымсыз
жағдайлардың орын алғандығын байқауымызға болады. Бұл пікір
төңірегінде Ф.Ницше түзету әдістерін табиғи жағдайларға қарсы тұру
болып табылады, сондықтан да оның ешқандай да пайдасы жоқ деген
пікір айтады. Ф.Ницше идеялары сонымен қатар, дамудағы кемшіліктерді
компенсациялаудың мүмкіндіктері үшін ауруды жеңу жолдарын
қарастыруға түрткі болды.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік төңкерістер жағдайында мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың көбеюі дүниетанымдық көзқарастар жүйесі
негізінде олардың білім алуы мен даму мүмкіндіктерін қарастыруға
бетбұрыс жасады. Аталған мәселені қарастыруды қазіргі батыс
философиясындағы негізгі үш бағыт: экзистенциализм, психоанализ және
постмодернизм өздерінің қарауына алады.
Экзистенциализм философиясындағы (К. Ясперс, А. Камю, Ж.П.
Сартр және т.б.) ойлар патологиялық құбылыстарды тұрмыстық деңгейде
қарастырып, оны шынайы жолмен жеңуді жөн деп санайды. Бұл бағытта
адам еркіндігі мен бостандығы бірінші орынға қойылып, дүниеде бар
нәрселердің иррационалдық күші, патологиялық феномендер кеңінен
қарастырылып, оны танудың, білудің мүмкіндігі қиындады. Адам
«тұрмыстағы негізгі шифрларды» танып, білуге қабілеттілікті қиын
жағдайларда, өмір мен өлімнің арасындағы арпалыс кезінде ғана көрсете
алады деп тұжырымдайды. Экзистенциалистердің ұсынған идеялары
психотерапиялық тәжірибелердің дамуына маңызды түрде ықпал етті.
Психоанализ теориясы (З. Фрейд, А. Адлер, К.Г. Юнг және т.б.)
невроздарды емдеудегі психоанализдік тәжірибелері туралы мәліметтер
негізінде пайда болып, невроздық симптомдардың пайда болуы
мәдениеттегі репрессивтік тежелулердің санасыздық импульстерімен
байланысты, ал оларды емдеу саналы түрдегі интенциялар есебінен
жүзеге асады дегенге болжам жасады. Арнайы педагогикадағы дамуында
кемшілігі бар бала дамуы туралы А. Адлердің идеясы әлеуметтік
жетіспеушіліктердің компенсациялануына бағытталады.
Постмодернизм теориясы (М. Фуко, Ж. Делёз және т.б.) қалыпты
және патологиялық құбылыстар, ақыл мен санасыздықтың арасындағы
шектеулердің болмауына сүйенеді. Медициналық мәтіндердің талдаулары
30
негізінде аталған құбылыстар туралы ақпараттарды тану клиникалық
тәжірибеде патологиялық иррадиация құбылыстары тұрмыстағы және
санадағы түрлі жағдайлар арқылы жүзеге асады. Постмодернистік идеялар
коррекциялық педагогиканың сыни түрдегі тенденцияларына негіз болды.
Соқыр-керең балаларды оқыту теориясы Самойл Гридли Хоув,
И.А. Соколянский мен А.И. Мещеряковтың соқыр-керең оқытудағы
«біріккен
әрекет
арқылы»
оқытуды
пайдаланып
жүргізген
эксперименттерінің жетістігі, Э.В. Ильенкованың адам психикасының
қалыптасуы мидағы процестердің көмегімен, адамның өмір сүру арқылы,
баланың заттармен белсенді әрекетке түсуі арқылы қалыптасады деген
түсініктері маңызды болып табылады. Соқыр-кереңдерді оқытудағы
материалдар Э.В. Ильенкованың, Д.И. Дубровскийдің мидағы
нейродинамикалық процестер арқылы жинақталып, адамның рухани
мәдениетінің формасы тарихи жолмен қалыптасады деп түсіндіріледі.
Соқыр-креңдерді оқытудағы талдаулар Ф.Т. Михайловтың пікірінше, адам
санасының қалыптасуы қарым-қатынас пен әрекет деп талданады.
Дамуында ақауы бар балаларды оқыту туралы философиялық идеялар
жеке түрде Кенес одағының зерттеушілер еңбектерінде берілген. Л.С.
Выготскийдің ойынша, дефектологияның нысаны қандай да бір кемшілік
емес, керісінше мүмкіндігі шектеулі тұлға. Кемшілік бала дамуын тежеп
қана қоймай, әлеуметтік компенсацияның жүзеге асуына импульс
бермейді. Л.С. Выготский кемтар бала дамуын «әлеуметтік мақсаттар мен
арнайы мектептердегі жалпы міндеттердің бірлігі» жалпы және жеке
ерекшеліктердің бірлігі деп белгілейді. Л.С. Выготскийдің бұл көзқарасы
арнайы педагогикадағы қазіргі теориялардың негізін құрайды.
Осылайша, арнайы педагогика философиялық көзқарастардың
негіздемесі мен нақтылығы үшін қызықты материалдардың туындауына
түрткі болып, аталған материалдар философиялық деңгейде жеке түрде
маңызды орынға ие болғандығы соншалық, қазіргі арнайы педагогиканың
дамуында мақсатты түрдегі философиялық ойлардың қажеттілігі ерекше
байқалады.
Қазіргі уақытта арнайы білім беру жүйесі білім беру мекемелеріндегі
дәстүрлі құндылықтарды қайта жасақтау, білім беру мекемелерін
материалдық базамен қамтамасыз ету, арнаулы білім беру міндеттердің
артта қалушылығымен байланысты кризистік жағдайларды бастан
кешуде. Т.С. Кунның ғылыми дамудағы көзқарастарын есепке ала
отырып, арнайы педагогикадағы кризистік жағдайларды белгілі ғылым
саласындағы теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешудің үлгісін
өзгерту арқылы жеңуге болатындығына болжам жасауға болады. Арнайы
педагогикадағы жаңа гуманистік парадигмалардың орындалуы мен жүзеге
асуының әсерінен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру әрекетін,
31
білім алуын, әлеуметтік бейімделуіндегі өркениет пен олардың
әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бетбұрыс жасайды.
Арнайы педагогикадағы жаңа парадигмалардың жетекші бағыттарын
құру
Достарыңызбен бөлісу: |